Қазақстанда барлық салық түрі көтеріледі

Бүгін Үкімет отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы мақұлданды.

Аталған құжатты ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті. Оның айтуынша, салық салу мәселелері жөніндегі заң жобасында мөлшерлемелерді көтеру көзделген.

Атап айтқанда, заңды тұлғалардың мүлік салығы; жер салығы; қозғалтқыштарының көлемі 3000-нан бастап 4000 текше см-ге дейінгі автомобильдер үшін көлік құралдарының салығы; 2015 жылдан бастап темекіге акциздер; 2014 жылдан бастап алкоголь өнімдеріне акциздер салығы артатын болады.

"Сонымен қатар салықтық әкімшілеуді және салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға әрі әкімшілік кедергілерді төмендетуге, бизнес ахуалды арттыруға бағытталған бірқатар түзетулер дайындалды", - деді Е.Досаев

Жаңалықтар
Толық

Егер полиция сіздің құқық бұзушылық туралы өтінішіңізді қабылдаудан бас тартса не істеу керек?

Сіздің үйіңіздің кіреберісіне үнемі кіріп жүретін «нашақорға» болмаса өзінің музыкасымен Сіздің еркін демалуыңызға кедергі келтіретін көршіңізге арызданғыңыз келді. Сіз полицияға арызыңызбен келгенде, олар оны қарағысы келмеді. Бұл жағдайда не істеу керек?

Қылмыстық іздестіру органдары, оның ішінде полиция да кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс (заң бұзушылық) жайындағы хабарламаны немесе арызды қабылдап, тіркеп және қарастыруға міндетті. Яғни....
Заңдық кеңестер
Толық

Мектепке өтінішті ғаламтор арқылы беруге болады

Осы жылдың 1 тамыздан бастап мектепке өтініштерді ғаламтор арқылы беруге болады. Өтініштер "E-learning" электрондық білім беру жүйесі бағдарламасы енгізілген мектептер үшін қабылданады.

Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Ол үшін www.egov.kz электрондық порталында тіркелу қажет. Ата-аналар мектепті жалпы білім беретін мектеп, мектеп-гимназия немесе мектеп-лицей бейіндері бойынша таңдай алады.
Жаңалықтар
Толық

Өмір жолын бірге, қол ұстасып өтерміз

Өзімнің жігітімен 11- сынып бітірейн дегенде таныстым. ол бұлай болды: Көктемнің Соңғы айы. Көктемнің таң- тамаша айлардың бірі еді. Өзім түскен ЕНТ- ға дайындыққа жиналған едеім. құрбыларым келіп, Ертіс жағалауына барайық деп бой бермей, алып кеткен еді. сондағы олардың ойы мені бұрынғы жүрген жігітімен табыстыру екен. бұны мен білмеген едім. Ертіс жағалауына келсек сол бұрыңғы жігітім қастарында достарымен бірге бізді тосып тұр екен.....

Махаббат хикаялары
Толық