Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Өтірік өлең)
Кұмырсқаның асауын қойдай бақтым.
Асауын шегірткенің ұстап мініп,
Тау-таудан тарбаңдатып түлкі қақтым.
Бір қоянға міндім.....
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі. Сағым қыздың ап қашып орамалын, Асыр caп тентек жігіт - жел еседі. Көктем келіп ауылға қыз көрікті, Таң-тамаша дүние жүзге еніпті. Асқар ала таулардан асып әрі, Аяз атаң барады мұз бөрікті. Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы-,деп Мұқағали атамыз жырлағандай,асыға күткен көктем мезгілі де келіп жетті. Көктем мезгілі шыға бастаған сәттен бастап айнала нұрға бөленіп,ауа-райы жылынып,әртүрлі мерекелер,той-думандар тойланары анық.Мысалға....
Қария зілтемір көтеруден өз мықтылығын Ресейдің Архангельск қаласында дәлелдеген. Спортшы жетпістің желкесіне шықса да, Гиннестің рекордтар кітабына енгізетін халықаралық комиссия мүшелерінің алдында 10 келілік кір тасын жарты сағат тоқтамай 750 рет көтерген. Өзінің айтуынша, бұдан да көп көтеруге мүмкіндігі болған.
Дегенмен, рекорд жасау үшін 750-ге жеткізу негізгі меже болып есептеледі. Ал әлемнің кіл мықтылары мықтылықтарын дәлелдеуге арналған бәсекеге жалпы 400-ден астам спортшы жиналған.
Қазақ елінен Әмірбай Рысқұловтан басқа тағы 4 зілтемірші қатысса, Алматы облысынан барған 55 жасар Жұмахан Құзабаев та рекорд орнатты.
Қазір Әмірбай Рысқұловтың қоржынында 105 медаль болса, оның 65-і алтын. Спортшы бұл жеңісін Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арнап отыр.
Жаңа технология жол жабындыларының бұзылу процесін тоқтатуға мүмкіндік береді және жоғары техникалық санаттағы тас жолдарда қолданылатын болады. Бұл туралы baq.kz тілшісіне ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жолдарды күтіп-ұстауда бұзылулардың алдын-алу әдісін қолдану қаржыны үнемдеуге бағытталған. Айталық, жолдарға 7-10 жылдан кейін, яғни сапасы қанағаттанарлықсыз жағдайға жеткен кезде күрделі жөндеу жұмысын жүргізгеннен гөрі, олардың сапасы қанағаттанарлық жағдайда болған кезде жол жабындысына жөндеу жұмысын жүргізген айтарлықтай арзанға түседі", - деп атап өтті Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов.
Оған көз жүгіртсек, пәтер салығы бір екі емес, жүз пайыздап көтерілмек.
Астана мен Алматы және облыс орталықтарындағы баспанаға қатысты көбеймек салықтың салмағын Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев осыған дейін шенеуніктік тілмен жалпылама түсіндіріп келген еді. Қаржы вице-министрі бүгін өспек пайыздарға нақты тіл бітірді.
Мәселен, үкіметтің есебінше 45 шаршы метрлік пәтері барлар 1805 теңге салық төлеп келсе, енді 5827 теңгеге шығындалмақ. Яғни, олар үшін салық 323 пайызға өспек. Ал, 80 шаршы метрлік үйдің иесі қазіргі 4 708 теңгенің орнына 18 433 теңге төлемек. Бұл 392 пайыз. Ал, 151 шаршы....