Қадыр Мырза Али (Босқа өткен күн)

Қызуымен пеш күннің
Кездім тірлік базарын.
Бірақ бүгін ешкімнің
Аудармадым назарын.
Қопарып жер қабатын,
Қазына-кен қазбадым.
Халық жаттап алатын
Бір ауыз жыр жазбадым......
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Явалықтар көтерілісі)

Ашу мен кек іркіліп,
Бойға қуат құя ма?!
Джунгли боп бір күні
Бас көтерді Ява.
Ұран тастап әр үйге
Қару алды ер кіндік.
Өмір қымбат, әрине,
Одан гөрі еркіндік!
Бұзып заман түрмесін,
Буырқанып, қақ дабыл!
Отаршылдық іргесін
Солқылдатты көк дауыл. .....
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Өткен ғасырда өмір сүрген ақын әйелдің айтқаны)

Тірлік, тірлік, тіріде қол босар ма?
Жағдайыңа қарайлау болмас онда.
Қөңілі түссе біздерді ақын ғой деп,
Ерлер сапқа қосады анда-санда.
Көңіл бөлсе бізге де егер ерек,
Жайқалар ек, жас талдай көгерер ек.
Еркектері мақтаншақ, жалқау қазақ,
Ақын әйел сендерге неге керек?
Жүру керек басынан азабы асып.
Мақсаты боп таза орын, таза қасық.......
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Көз жіберсем өткенге)

Құлағым елеңдейді ән дегенде,
Кежегем кейіп тартар мал дегенде.
Қалмайды қойға барсам ала мысық,
Ақ күшік арт жағымда дәндегендей.
Маған жолдас ақ күшік, ала мысық,
Ақ лақ үшеуі жүр бірге ілесіп,
Ақтиін, қоян қуса қоймаушы еді,
Мысығым мәулеп тұрар көзін қысып.
Үш достың біреуі еді ақ лағым,
Жарысып, озып алған нақ лағым.......

Өлеңдер
Толық