Ертөстік бізде қонақта

Сабақтың мақсаты: балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әр түрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.
Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері.
Тәрбиеші: балалар сабағымызды бастамас бұрын осы баулар арқылы жүрегіміздің жылуын жеткізейік.

Сабақ барысы:
Жылулық шеңбері.
«Күн шуағы» Балалар күн жылуына алақандарын созып, алған жылуды бір - біріне бере отырып барлығы қосылып тілек айтады.
Армысың жарқын күн!
Армысың көк аспан!
Армысың жер ана!
Армысың жан досым!
Армысыз қонақтар!
Қызықтыру сәті: Әуенмен Ер Төстік келеді. Мұңайып, көңілі жабырқап тұрады.
Ер Төстік: Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар амандасады.
Тәрбиеші: Бұл балалар Ер Төстік ертегісіндегі Ер Төстік батыр емес пе, ол мұнда не мақсатпен келді екен сұрайық? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ауылдағы балалық шақ

Ауылдағы үйім менің шаңырағым
сол үйімді қатты тағы сағынамын,
асыр салып өстік біздер шаңырақта
өттау бүкіл менің сонау бала шағым.

Айландыра үйдің маңы тал терек
есік алдың көгалданған....
Өлеңдер
Толық

Туған менің ауылым

Бала кезден ақшәулімде өстік біздер
сағынамын еске түссе сол бір күндер,
ауылымның ауа райы керемет қой
таза ауасы деміңді алсаң бір сергітер.

Анамыз да сыйыр сауды қора жақта
мал біткеннің бәрі ....
Өлеңдер
Толық

Ер төстік ертегісі

Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді - келмейді, жылдар өтеді - келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашықты, жейтін тамақ таппады. Кемпірімен екеуінің орнынан тұруға әлдері әрең-әрең келеді.
Бір күні кешке жақын кемпір төсегінен тұрып, үйінің түңдігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназардың қуанып, есі шығады:
- Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы......

Ертегілер
Толық