Асылбек Боранбай Райханұлы (1972 жылы 9 қыркүйек)

Асылбек Райханұлы Боранбай (1972 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы Арал ауданында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актері (1993 жылдан).
Асылбек Райханұлы 1972 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген.
1989 - 1993 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
1994 жылдан Тамаша әзіл-сқақ театрының актері.
2008 жылдан Тамаша әзіл-сқақ театрының бас режиссері, көркемдік жетекшісі.
Гастрольдік сапармен Қазақстанның бірқатар қалаларында өнер көрсеткен.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Асылхан Төлепов (21 мамыр 1992 жылы)

Асылхан Сайлауұлы Төлепов (21 мамыр 1992, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Жетікөл ауылында дүниеге келген) — Қазақстан актеры. 2012 жылғы шыққан «Жаужүрек Мың бала» атты фильмдегі Сартай батырдың рөлін сомдағаннан кейін танымал бола бастады.
Өмірбаяны
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанында ашылған колледждің професссор Есім Сегізбаев класын тәмамдаған. 2010 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» шығарған Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінде президенттің досы Ғалидің рөлін сомдаған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ақан Сатаев (23 желтоқсан 1971 жылы)

Ақан Сатаев (23 желтоқсан 1971 жыл, Қарағанды, ҚазКСР, КСРО) — Қазақстан кинорежиссёрі, актёр, продюсер.
Өмірбаяны мен шығармашылық жолы
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. 1994 жылы Алматы қаласында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірді. Оқуды бітірген соң екі көркем фильмге түсті. Сол кездері режиссёр, продюсер ретінде жарнамалар түсірумен айналысып үлкен табысқа жетіп, 300 жарнамалық роликтер шығарумен қатар бірнеше "Алтын Жұлдыз" сыйлықтарын иеленді. 2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалады.
2007 жылы «Рэкетир» атты өзінің алғашқы толықметражды фильмін түсірді. Бұл көркем-суретті киноны журналистер мен сыншылар жылы қабылдады және фильм – кинотеатрларда кезекте тұрған көрермендердің көңілінен шықты. «Рэкетир» – қазіргі қазақ киносының тарихындағы ең алғашқы кассалық фильм.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бауыржан Қаптағай (1954 жылы)

Қаптағай Бауыржан Есқожаұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1954 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Жамбыл селосында дүниеге келген. 1971 ж. орта мектепті бітірген соң колхозда әртүрлі жұмыс істеді.
1972-1974 жж. әскери борышын өтеп оралған соң, туған ауылында еңбек етті.
1976-1980 жж. Қазақ Мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) профессор Асқар Тоқпановтың шеберханасында оқып-бітірді. Сол жылдан бастап М. Әуезов театрында қызмет етеді....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Баянғали Әлімжанов Тақанұлы (1954 жылы 16 қазан)

Әлімжанов Баянғали Тақанұлы (16.10.1954 т.ж. ) - ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі,мәдениет қайраткері, сыншы, сатирик, кинодокументалист, тележүргізуші.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Негізінен қазақ тілінде, арасында орыс тілінде де жазады. Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бейбітшілік пен өркендеу». Хоббиі - жауынгерлік өнер, бокс, шахмат ойыны, сөзжұмбақтар, судоку, кітап оқу, теледидар көру және т.б. Сүйіп оқитын әдебиеті - проза, поэзия, драматургия, кино, айтыс, жырлар, дастандар («Манас»).
Өмірбаяны
Әлімжанов Баянғали Тақанұлы 1954 ж. 16 қазанда Ақмола облысы (бұрынғы Көкшетау, Біржан сал ауданы) Степняк қаласында, қарапайым еңбекшілер отбасында дүниеге келген.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бақтияр Қожа (5 қаңтар, 1957 жылы)

Бақтияр Қожа (5 қаңтар, 1957 жылы Ташкентте туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1993 жылдан). Құрмет орденінің иегері (2003).
Өмірбаяны
Бақтияр Қожа 1957 жылы 5 қаңтарда Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында дүниеге келген.
1980 жылы театр студиясын бітірген соң, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамына қабылданды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бекжан Тұрыс Асаубайұлы (1965 жылы 15 ақпан)

Бекжан Асаубайұлы Тұрыс (1965 жылы 15 ақпанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004). Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері (2016).
Өмірбаяны
1991 ж. казіргі Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
Сол жылдан Қазақ академиялық драма театрында актер.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Болат Әбділманов Мәзімбайұлы (1960 жылы 12 қараша)

Болат Мәзімбайұлы Әбділманов (1960 жылы 12 қарашада Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. "Құрмет" Орденінің иегері.
Өмірбаяны
Әкесі - Әбділманов Мәзімбай, марқұм, қойшы болған. Анасы - Әбділманова Шарбану, марқұм, қойшының көмекшісі.
Алматы мемлекеттік көркем-театр институтының актерлік факультетін бітірген (1982), драмалық театрдың актері.
1982 жылдан - Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
1992- 2006 жылдары - М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актері.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Меңтай Өтепбергенов Смағұлұлы (7 тамыз 1946 жылы)

Меңтай Смағұлұлы Өтепбергенов (7 тамыз 1946, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылы - 5 қаңтар 2016 жыл, Алматы) — киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1996).
Өмірбаяны
Мәскеу цирк училищесінің Алматыдағы филиалылының клоунада және пантомима бөлімін (1968)
Бүкілодақтық кинематография институттын бітірген (1974).
1969 -70 ж. Гүлдер" ансамблінде өнер көрсетті.
1974 жылдан" Қазақфильм" киностудиясының актері.
Шығармашылығы
Ол 40-тан астам киноға түскен. "Біз - ересектер" (1980), "Жаушы" (1980), "Ақ шаман" (1983), "Жеңімпаз" (1984), "Интердевочка" (1991), "Шанхай" (1996), т.б. фильмдерінде ойнаған....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мұрат Ахманов Ноянбайұлы (1959 жылы 1 маусым)

Мұрат Ноянбайұлы Ахманов (1959 жылы 1 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданында туған) — актер, театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Құрмет орденінің иегері (2012).
Мұрат Ноянбайұлы Ахманов 1959 жылы 1 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген
1971 - 1976 жылдары Алматы хореографиялық училищесін үздік бітірген. Алғашқы еңбек жолы 1976 жылдың тамыз айынан «Қазақ ССР-нің ән-би ансамблінде» балет артисі болудан бастау алады.
1980 - 1984 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы театр және көркемсурет институты)ның актерлік бөлімін бітірген.
1994 - 1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының режисерлік бөлімін бітірген.
Еңбек жолы...
Өмірбаяндар (биография)
Толық