Гүлшат Тұтова Әбсаттарқызы

Тұтова Гүлшат Әбсаттарқызы - актриса.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында дүниеге келген.
1993ж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Ұлттық Өнер академиясы) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. Театрда осы жылдан бастап қызмет етеді.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: А.Сүлейменовтің «Кегінде» әйел (реж. Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Көрші әйел (реж. Б.Омаров), Д.Амантайдың «Сәлеметсің бе, қоңыр мұңында!» Әйгерім, Ә.Ақпанбетұлының «Дүние-думанында» Бибіш (реж. Қ.Сүгірбеков), Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Шолпан (реж. Т.әл-Тарази), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Күләй, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Бағдат (реж. Б.Атабаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Зира (реж. Е.Обаев), Ө.Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Зина, Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Айжан (реж. О.Кенебаев), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Жеңгей, Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Қарлығаш (реж. Е.Обаев), С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Назгүл (реж. Ә.Рахимов), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Ағира (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Қамқа (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Айзада Сатыбалдиева Таңатарқызы

Сатыбалдиева Айзада Таңатарқызы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Мәдени ауылында дүниеге келді.
1994-1998жж. Т.Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институты театр факультетінің муздрама бөлімін оқып-бітірді.
1998ж. жолдамамен Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының актерлік құрамына қабылданады.
2007ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқытушы болды.
2009ж. тамыз айында М.Әуезов драма театрына қабылданды.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық, әлемдік классика мен заманауи драматургияда:....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жанель Мақажан Тимурбекқызы (1987 жылы)

Мақажан Жанель Тимурбекқызы - актриса
1987 ж. Алматы қаласында дүниеге келген.
1994-1996 жж. Алматы қаласы А.Жұбанов атындағы музыка мектебінде, 1996-2005 жж. № 163 қазақ орта мектебінде білім алды.
2005-2009 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «драма театры және кино актері» мамандағы бойынша оқып бітірді.
2009-2015 жж. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеді.
2015 ж. М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды.
Ғ.Мүсірепов театрында ойнаған рольдері:....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қарлығаш Мұхамеджанова Төлегенқызы (1982 жылы 22 шілде)

Қарлығаш Төлегенқызы Мұхамеджанова (1982 жыл, шілденің 22-ші жұлдызында дүниеге келген, Қарағанды қаласы, ҚазКСР, КСРО) — Қазақстан актрисасы.
Өмірбаян
Әкесі – белгілі композитор әрі сенатор Төлеген Мұхамеджанов, шешесі – әйгілі қазақ опера әншісі Нұржамал Үсенбаева.
Білімі
2005 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының халықаралық қатынастар факультетін «халықаралық қатынастар саласындағы заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Кейін тілдік бағдарлама бойынша Бостон колледжінде білім алған. АҚШ-та екі жыл магистратурада оқып, тәжірибелік сынақтан өткен.
Мансабы ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Майя Веронская Владимирқызы (1983 жылы 22 маусым)

Веронская Майя Владимирқызы - актриса.
1983 жылы 22 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.
Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің «Қазақ филологиясы» факультетін «Қазақ және орыс тілдерінің аудармашысы» мамандығы бойынша үздік бітіріп шыққан (ҚазҰПУ, 2000-2004)
Халықаралық Санкт-Петербург банк институтын «Банк ісі / Қаржы және кредит» мамандығын бітірді (IBI, 2004-2007).
Тұрмыста, ұлы бар.
Кинодағы рөлдері:
2015 Қыз жолы (Реж. А. Бисембин, Қазақстан) - журналист
2014 Келінка Сәбина (Реж. Н. Адамбаев, Қазақстан)
2013 Судағы із (Реж. Т. Теменов, хикая, Қазақстан) - дәрігер Ирина, Мұқанның әйелі
2012 KZ-ландия (Реж. Н. Адамбаев, скетч-шоу, Қазақстан) - Светагүл / Алтынайдың келіні
2010 Құрдастар (хикая, Қазақстан) - арнайы агент ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Дәулет Әбдіғапаров Әбдіхалелұлы (1972 жылы 27 наурыз)

Әбдіғапаров Дәулет Әбдіхалелұлы - актер.
1972 жылы 27-наурызда Жамбыл облысында дүниеге келген.
Бішкек театр институтын бітірген.
Алматыдағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
Кинодағы рөлдері
2014 Чернобыль. Оқшаулау аймағы / Чернобыль. Зона отчуждения (хикая, Ресей) – Рақым
2014 Жедел «Мәскеу-Ресей» / Скорый «Москва-Россия» (Ресей) – хутор тұрғыны
2014 Бас аңдушылар / Охотники за головами (хикая, Ресей) - Мұсаның оққағары
2014 Жабайы-4 / Дикий-4 (хикая, Ресей)
2013 Сүт, қаймақ, қатық / Молоко, сметана, творог (Қазақстан)
2013 Теңіз перілері. Құйын. Тағдырлар / Жандану (Багира), №12 фильм // Морские дьяволы. Смерч. Судьбы | Пробуждение (Багира), Фильм № 12 (хикая, Ресей) - Серж, Анри хатшысы....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қаракөз Тілеубекова Байжұмақызы

Қаракөз Байжұмақызы Тілеубекова (Қарагөз Тлеубекова) - әнші, актриса Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында туылған. Әке-шешесі Алматы қаласында туып-өскен. Әкесі - Байжұма, ауылда гараж меңгерушісі болып қызмет атқарған. Анасы - Ақжолтай, ауылда шарап шығаратын зауытта қызмет істеген. Отбасында жеті ағайынды. Қаракөз - егіздің сыңары, егізінің есімі - Ботагөз. Театр актрисасы Гүлбаушан Тілеубекова үлкен әпкесі. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының театр факультетін бітірген. 1995 жылдан "Бауыржан-шоу" әзіл-сықақ театрының актрисасы. Қазақстан арнасындағы "Елім менің" теле-думанының тұрақты қатысушысы. Тұрмыс құрған. Жолдасы - тарихшы, заңгер, бизнесмен.
Фильмография:
2009 - «Қызды қалай ұрлаймыз?»
2010 - «Ғашық жүрек немесе коктейль для звезды» (реж. А.Ұзабаев)
2011 - «Несиеге махаббат» (реж. С.Әбдіқалықов)
2011 - "Алып қашу операциясы" (реж. Сардор Расулов)....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Рахия Қойшыбаева Рысбайқызы (15 қазан, 1916жылы)

Рахия Рысбайқызы Қойшыбаева (15 қазан, 1916, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 26 ақпан, 1963, Алматы) – актриса, әнші, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1947).
Өмірбаяны
Сахнадағы өнер жолын 1932 ж. Қарағандының Жұмысшы жастар театрынан (қазіргі Қарағанды облыстық драма театры) бастады.
1938 ж. Қазақ драма театрының құрамына қабылданды.
Ойнаған рольдері
Осы театрда ойнаған алғашқы рөлі – А.Тоқмағанбетовтың “Әзірет сұлтан” спектакліндегі күтуші кемпір. Оған Зере (М.Әуезов, “Түнгі сарын”, “Шекарада”, “Абай”) рөлі үшін 1952 ж. ҚазКСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу”, “Ақан Сері - Ақтоқты”), Меңсұлу (Ш.Құсайынов, “Алдар Көсе”), Зейнеп (С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”) cияқты күрделі бейнелерді сахнаға шығарды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Сайлау Қамиев Ғалымжанұлы (1976 жылы 17 маусым)

Сайлау Ғалымжанұлы Қамиев (1976 жылы 17 маусымда Атырауда туған) — театр актері, эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері әрі қоюшы - режиссері.
Сайлау Ғалымжанұлы 1976 жылы 17 маусымда Атырауда дүниеге келген.
1994 - 1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және кино институты)ның актерлік факультетін Қазақстанның халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаев пен профессор Есім Сегізбаевтың классын музыкалық драманың актері мамадығы бойынша бітірген....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Сара Тыныштығұлова Өрдембайқызы (1942 жылы 1 қаңтар)

Сара Өрдембайқызы Тыныштығұлова (1942 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Сарқан ауданы, Бөрлітөбе ауылында туған) — әнші. Қазақ КСР Халық артисі (1979). Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1970). Алматы облысының Құрметті азаматы (2001). Парасат орденінің иегері (2017).
Сара Өрдембайқызы 1942 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Сарқан ауданы, Бөрлітөбе ауылында дүниеге келген.
1966 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық эстрада студиясын бітірген.
1971 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
1969 - 1975 жылдары Гүлдер (ансамбль)нің солисті.
1976 жылдан Қазақконцерттің солисті.
Шығармашылығы
Сара Тыныштығұлованың репертуарынан Қазақтын халық әндері ("Ауылың сенің іргелі", "Ақ дариға") мен осы заман композиторларының Н.Тілендиевтің "Алатауы", Ш.Қалдаяқовтын "Шынарым", Е.Хасанғалиевтің "Аңсағаным", және шет ел халықтарының (түрік, вьетнам, т.б.) әндері орын алды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық