Әділхан Макин ( 1994 жылы 5 қазан)

Әділхан Макиннің отбасы
Әділхан Макин 1994 жылы 5 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген. Әкесі Құрманғали Макин – әскери қызметкер, қазір отставкада, зейнеткер. Анасы Зәуреш Макина – заңгер.
Отбасында екі ағайынды, 2005 жылы туған Жантөре есімді інісі бар.
Қазір Әділхан отбасымен бірге Алматыда тұрады. Ата-анасының солтүстіктен оңтүстікке қоныс аударғанына екі жылдай болыпты.
"Әскери адам болғанымды қалады"
Макиндер әулетінде өнерге жақыны тек Әділхан ғана. Содан ба, ата-анасы әуелде ұлдарының музыкаға бет бұрғанын құп көрмепті. Әкесінің жолын қуып, өмірін әскери салаға арнағанын қалаған.
"10 сыныптан кейін мені мектептен шығарып жіберді. Әке-шешемнің рұқсатын алмай, музыкалық колледжге оқуға түстім. Ол кезде әкем Көкшетауда іссапарға, анам Алматыға кеткен еді. Екеуі де Петропавлда болған жоқ. Кейін анам "өз күшіңмен, оның үстіне грантқа түскен екенсің, таңдау сенікі" деп батасын берді. Әкем басында қарсы болды, уақыт өте түсінді. Қазір менің әнші екенімді мақтанышпен айтып отырады", - деді Макин сұқбаттарының бірінде.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық