file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Сырым Қашқабаев Әбдіқадырұлы (1979 жылы 4 қаңтар)

Сырым Әбдіқадырұлы Қашқабаев (1979 жылы 4 қаңтарда Алматыда туған) — кино және театр актері, тележүргізуші. ҚР "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2006). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері (1999 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Сырым Әбдіқадырұлы 1979 жылы 4 қаңтарда Алматыда дүниеге келген.
Әкесі - Әбдіқадыр Қашқабаев актер, ҚР Мәдениет қайраткері.
1995 - 1999 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және кино институты)ның актерлік факультетін бітірген.
1999 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актерлік құрамында.
Республикалық маңызы бар фистивальдар мен мерекелік жиындардың және телебағдарламалардың жүргізушісі.
Халықаралық «Азия дауысы», Республикалық «Жас қанат» сынды фестивальдерінің тұрақты жүргізушісі.
Сахнадағы негізгі рөлдері ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық