Кәукен Кенжетаев Кенжетайұлы (1916 - 2008)

Кәукен Кенжетайұлы Кенжетаев (шын есімі Әбдірахым; 25 сәуір 1916, Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 15 наурыз 2008, Алматы) — кеңестік және қазақстандық актер, опера әншісі, театр режиссері педагог - профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1959). «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының және Халықаралық Айматов сыйлығының иегері.
Өмірбаяны
1936 – 41 жылы Мәскеу консерваториясының жанындағы қазақ студиясында оқыды.
1950 жылы Алматы консерваториясын бітірген.
1942 – 46 жылы Хабаровскідегі шекарашылар ансамблінде қызмет етті.
1946 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі.
Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан (1958).
Ойнаған рольдері
К.Кенжетаев Қыз Жібек операсындағы Бекежан рөлінде
Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен (Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Қыз Жібек”, “Дударайында”)
Жанбота (М.Төлебаевтың “Біржан-Сарасында”)
Эскамильо (Ж.Бизенің “Карменінде”)....
Өмірбаяндар (биография)
Толық