Жеңіс Омаров

Жеңіс Омаров (Zheka Fatbelly ) – қазақстандық блоггер, актер, рэпер және ресторатор.
Өмірбаян
Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған. № 24 орта мектепте, одан кейін Төле би атындағы № 8 гимназияда оқыды. Кейін Алматыға көшіп келді. Біраз уақыт КВН командасында ойнады. Алматыда Менеджмент университетінде оқыды.
Жеңіс Instagram-дағы өз вайндар арқасында танымал болды, қазіргі уақытта оның парақшасында 1,9 миллионнан астам жазылушылар бар.Қазақстанның ең танымал блогерлерінің қатарына кіреді.
2016 жылдан бастап ол фильмдерде түсе бастады. Ол «Алаңдар» (2016, реж. Ақан Сатаев), «Наурыз» (2017, реж. Асқар Бисембин), «Ақылды әйелдер күнделігі» (2019, реж. Эдил Амандық), «Q-Jeri» (2019) фильмдерінде ойнаған.
2018 жылдан бастап ол бірнеше рэп және хип-хоп әндерін жазды: «F. A. T.», «Будь со мной», «Раздевайся», «Вкусная», «Повелась», «Гетеросексуал», «Супруга и супруг», «Не найду», «Магия».....
Өмірбаяндар (биография)
Толық