Тіл - ар өлшемі, ұлттың өміршеңдігі

Шіркін, төбе құйқаңды шымырлатып, жылы сөйлеп жыланды інінен еріксіз шығаратын, тас жар алмаса да бас жаратын, сүйексіз болғанмен сүйектен өтетін қасиетіңнен айналдым, тілім! Ұлттың сүйенетін тамыры да, асыл ойдың қайнар бұлағы да өзіңсің, тілім! Сол тамырыңның тереңге жайылуын қалап, қайнар бұлағыңның иненің жасуындай болсын ластануын қаламаған, қайран қазағым-ай! Соншама жыл тар жол тайғақ кешуде де аяғыңды шалыс баспай, туған елінің күйі үшін, тілі үшін, діні, ділі үшін боз інгендей боздаған қайран қазағымның ерен еңбегін тайға таңба басқандай білсем нұр үстіне нұр. Ата-бабадан қалған аманатқа қиянат жасау кешірілмес қылмыс.

Қазағымның сөнбейтін алтын күні – ана тілім. Елдігіміз бен бірлігіміздің туы болып саналатын қасиетіңнен айналдым, құдіреттім! Ұшса құстың қанаты талатын сары даланы сақтап қалуда жан-жігерін аямаған ата-баба рухымен дарыған сендік құдірет алпыс екі тамырымда соғып тұрғаны баға жетпес бақыт. Құндағымнан ананың әлдилеген үнінен сәби денеме сіңгенің өмірлік азық, рухымның ұшар биігі, ұлтымның өміршеңдігі.

Сенің өн бойыңа жан бітіріп, оны ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келуі, қашанда көзінің қарашағындай қастерлеп біздерге аманаттаған ата-баба рухына сан мыңдаған алғысымызды білдіреміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры болып саналатын тілімнің тілінгенін көру жүрекке үскідей қадалады.

Шіркін, «Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?», - дейді қариялар. Айдың, күнің аманында, егемендігін алған, ұшса құстың қанаты таларлықтай ұлан-ғайыр жері бар, тәуелсіз ел жұртының өз ана тіліне жаны ашымауы мүмкін емес. Дей тұрғанмен, қызыл тілді қызыққа айналдырған қуыс кеуде жандардың сиқын көріп олай айта алмайсың. .....
Шығармалар
Толық

Фирмалық киім тауары мен Киім өлшемін ажырата аласыз ба

Киім өлшемдерін сатушылар мен сәннен хабары барлар болмаса, кей адамдар түсіне бермейді. Киімдердің өлшемі санмен белгіленіп жазылса, кейбірінде, латын әріптерімен жазылады. Латын әріптерімен жазылған киім өлшемдерін біле жүріңіздер:

✅ 1. Әр елден әкелінген импортты киімдер белгілердің өлшемі: L-КЕҢ, М-ҚАЛЫПТЫ, S-КІШІ дегенді білдіреді.......
Кеңестер
Толық

Қалқаман Сарин (Өмір өлшемі)

Құдайға құл екенін күнде айғақтап,
Көрмеген тірі жанды бір ғайбаттап.
Оңаша ойға батып отырды қарт,
Жанында немересі жүрді ойнақтап.

Маңдайдан бала терін тамшылатып,
Қасына келді дағы....
Өлеңдер
Толық

Биология | Жоңышқа

Жоңышқа (Medіcaqo) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі Жоңышқа (M. satіva), сарбас Жоңышқа (M. falcata), көк Жоңышқа (M. caerulea), т.б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 – 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры – көп.....
Рефераттар
Толық