Өткенді пысықтау «Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Өткенді пысықтау. «Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген
мәтін түрлерін/ стилін(көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін /жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;
3.4.2.1 Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз
жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
Сабақ мақсаттары: -тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері, стилі бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
-негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз
жасайды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Өткенді пысықтау. «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырып жазу
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақ мақсаттары:
- Мәтіннің тақырыбы мен берілген сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
- Жоспарды қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін құрап жазу;
- Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Сол жақта ортада оң жақта Шеңбер шаршы туралы өткенді пысықтау

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: Сол жақта, ортада, оң жақта. Шеңбер шаршы туралы өткенді пысықтау.
Мақсаты: өзіне қатысты кеңістікте орналасуын анықтай білу дағдыларын бекіту (оң жақта, сол жақта, ортасында); геометриялық фигуралардың орналасу ретін түсіндіру; 1 цифрын 1 санының таңбасы ретінде таныстыру; үлгіні пайдалана отырып, 1 санын жазып үйрету; 1 цифры өзге сандар арасынан табу.
Қажетті көрнекі құралдар: Шеңбер, шаршыға ұқсайтын заттардың суреті, бағыт бағдарды көрсететін сюжетті суреттер.
Әдіс - тәсілдер: практикалық, сұрақ - жауап, көрнекілік, әңгімелесу.
Мотивациялық қозғаушы Педагог балаларды тақтадағы суреттермен жұмыс істеуге шақырады:
- Балалар, суреттерді мұқият қарап шығыңдар. Суретті әңгімелеп береді
Бір күні анасы мен қызы хайуанаттар бағына барады. Қызы торда отырған арыстанды көріп, таңырқап, қасында тұрып қалады.
Оның қалып қойғанын байқамай алдыға түсіп жүріп кете береді. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық