Өнер шыңы тері илеу

«Өнер шыңы – тері илеу»
Зерттеудің мақсаты: Бұрынғы өткен ата - баба, шебер әжелеріміздің ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңартып жаңғырту, бізге қалдырған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету. Табиғи терінің денсаулыққа пайдалы, жылулығы мол, ыстықтан, суықтан қорғайтын талшықтың қадірін білу. Тұрмыста қолдана білу.
Пайдалы кеңестер: Теріден жасалған бұйымдар - Ревматизм, остеохондроз, радикулит т.б. ауруларға ем.
Мәлімет: Жануарлар терімен бірге ланолин шайырын бөледі. Ланолин – бағалы өнім, ол түрлі майлар мен кремдердің негізі ретінде қолданылады. Ланолин 35 - 37 градус температурада ериді, әрі теріге тез сіңеді. Бұлшық етке, тамырларға, омыртқаға, тыныс алу жүйесіне оң әсер етіп, қан айналысын жақсартады. Тері үш қабаттан тұрады.
1. Эпидермис – терінің сыртқы берік, жылтыр қабаты. Ол ылғалды клеткалардан түзіледі де ұсақ қан тамырлары мен тері тесіктері арқылы қорек алады. Терінің түгі эпидермис қабатын тесіп өтіп негізгі қабатынан басталады. .....
Ғылыми жобалар
Толық