Экономика | Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.
Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.
Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Олар: әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді және өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді.
Сондықтан мен, курстық жұмысымның тақырыбын «Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы өндірістің дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық шығындарды толық зерттеп, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынын калбкуляциялық есебін жүргізу арқылы кәсіпорындардың тиімді экономикалық қызмет етуін қалыптастыру болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық