Экономика | Өндірістің факторлары

Қазiргi тәуелсiз Қазақстанда жалпы табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес ХХ1 ғасырдың қарсаңында рыноктық қатынасқа бағыт алынды. Осыған орай көптеген күрделi мәселелердi тұңғыш рет шешуге ұмтылып келемiз соның бiрi. әрине экономикалық теориядағы өндiрiс факторлары мәселесi.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы са¬яси тәуелсiздiкке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелiгiне қабылданды, басқа да тәуелсiз елдер сияқты әкiмшiлдiк жүйеден рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, өтпелi дәуiр кезеңдерiн басынан өткiзуде. Осыған орай республикамызда жаңа өндiрiстiк қатынастар заңдылықтарын, олардың ерекше көрiнiстерiн зерттеу мүмкiңдiгi ашылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының басты мiндеттері мен алға қойған мақсаттары ол - әлеуметтiк бағыттағы жоғары әрі тиiмдi экономиканы қалыптастыру әлемдiк кеңiстiкте өз орнын табу, экономи¬калық тәуелсiздiктi қамтамасыз ету, жоғары дәрежелi еңбек өнiмдiлiгiне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесiн көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлi меншiк иелерiне жол ашу, рынок орталықтарында тиiмдi заңға негiзделген iскерлiкке қол жеткiзу болып табылады.
Қазiр елiмiздiң эко¬номикасында әкiмшiлдiк-шаруашылық жүйесiнен арыла келе рынок шаруашылығына қажет алғы шарттар жасау мақсаты жүзеге асырылуда. Нарық экономикасына көшу бiр дүркiн қозғалыс емес, ол тарихи тұрғыдан алғанда адамзат қоғамының көп жағдайда экономикалық және әлеуметтiк прогресiн айқындайтын табиғи процесс.
Әрине, бiздiң елiмiзге бүкiл әлемдiк рынок экономикасының тарихын, даму сатыларын басынан өткiзу мiндет емес. БIЗ басқа мемлекеттердiң тәжiрибесiн ескеруге тиiстiмiз. Қазақстан экономикасының басқа мемлекеттер тәрiздi рыноктық қатынас бағытында дамуы сөзсiз. Кешегi әкiмшiлдiк социализмнен керi қарай капитализмге көшудемiз деушiлер де бар. Соңғы жылдары экономика теориясы түбiрлi өзгерiстер орын алуда. Ол кездейсоқ емес, мұның өзi қоғамдық және өндiрiстiк қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тiкелей байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық