Өндірістегі материалдар есебін талдау және жетілдіру

Менің дипломдық жұмысым тақырыбы «Өндірістегі материалдар есебін жетілдіру және талдау» деп аталады. Бұл тақырыпты таңдаудағы себебім; шикізаттан дайын дейін өтетін процестердің бухгалтерлік есепте жүргізілуі және талдауы мен аудитін тереңірек зерттеуім нәтижесінде қызығушылық пайда болды. Қазіргі жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты талдап, оны дұрыс жолға қоймайынша сонымен қоса сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Бүгінгі таңда экономиканың барлық саласындағы жеке немесе заңды кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары материалдар мен шикізаттарды үнемді жұмсауға, нарықтық бәсекеге сай өнім өндіруге және өнімнің сапасын жоғарылатып өзіндік құнын төмендетуге сонымен қоса айналаға зиян келтірмеуге тырысуы тиіс. Бухгалтерлік есеп қаржылық есептілік туралы 8-і №234-III ҚРЗ) заң қабылданды. Бұл заңда бухгалтерлік есептің ХБЕС-на сай жүргізілуін керектігі жазылған. Жаңа заңға көптеген өзгерту енгізіліп бухгалтерлік есептің дұрыс, әділ, дұрыс ұйымдастыру реті қарастырған. Кәсіпорынның ең маңызды пайда көзі бұл өнімді өндіру мен сату жағдайы болғандықтан аса зор роль атқарады.
Кез-келген кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорларды, ақша қаражаттарды және басқа да ресурстарды заңсыз немесе тиімсіз жұмсауға жол бермеуіміз керек. Осы қателіктерді болдырмауға бухгалтерлік есептің маңызы зор, өйткені кәсіпорынның шығындары жоғарылап тауар бағасы артатын болса онда ол кез-келген адамға немесе мемлекетке әсер етуі мүмкін. Сол себептен бухгалтерлік есеп материалдың сақталуы, шығындар нормасының төмендеуі, материалдарды тиімді қолдануы туралы мәліметтерді жинақтайды. Өнім сапасы халықаралық талаптарға сай болуы немесе ИСО 9000: 2001 сапа сертификатына сай өнім шығару. Өндірістегі материалдар есебін дұрыс жүргізілуі кәсіпорынның таза табыс табу мүмкіндігіне осы тұстан басталғандықтан жауапкершілік, ұқыптылық, ізденпаздық және басқару қабілетін өте жоғары талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық