ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ

Кәсіпорындардың шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды: тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесінде айқын шек қоятын шығындар олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белігісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
• өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
• өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
• өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждықтарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырады.

Өндіріс шығындарының жіктелуі

Сыныптау белгілері Шығындардың бөлшектенуі
1. Экономикалық элементтер
2. Өзіндік құнның статьялары
3. Технологиялық процестерге қатыстылығы
4. Құрамы
5. Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі
6. Өндірістік процестегі ролі
7. Мақсатқа сәйкес жұмсау
8. Жоспарға қатысу мүмкіншілігі
9. Өнімнің көлеміне қатысы
10. Шығу мерзімділігі
11. Дайын өнімге қатысы Шығындардың экономикалық элементтері
Өзіндік құнның калькуляция статьялары
Негізгі, қосымша
Бірэлеметтік, кешенділік
Тікелей, жарнама
Өндірістік, өндірістен тыс
Жоспарлы, жоспарсыз
Тұрақты, ауыспалы
Күнделікті, бір жолғы
Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің шығындары
Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.....
Рефераттар
Толық

Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Шығындарды есепке алудың және өнімнiң өзіндік құнын калькуляциялаудың белістік өдісі өнiмді жаппай өндіретiн кәсiпорындарда колданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнiмге дейiн рет-ретімен технологиялык өңдеуден өтеді Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсшорындарында металлургиялық, химиялық, мұнай өндеу және басқа да салаларда колданылады. Мысалы, мата тоқу кәсiпорындарында үш қайта жасау — иіру, тоқу және әрлеу саласы, қара металлургияда — домен пеші, болат балқыту, прокат, былғары өндірісінде — күлді, тері илеу жөне әрлеу саласы бар
Дайын өнiм немесе шалафабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялық процесті бөлістік әдіс деп атайды Бөлістік әдісте өндіріске кеткен шығындар олардың әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептелінеді Әрбір белістен кейiн шалафабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде — дайын өнiм алынады Бөлiніс тізбесі пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс процесстерінің арасындағы үзіліс-іркілістер; шығарылатын шалафабрикаттардың, өнiмнің сипаты мен басқа да өзiне тән жағдайлары ескеріле отырып, технологиялық процесстер туралы деректердін негiзінде белгiленеді Бұл орайда, бөлініс жөніндегi шығындарды жоспарлау мен есепке алуды, аяқталмаған өндірісті есепке алу мен бағалауды ұйымдастыру, өзі өндірген шалафабрикаттар мен дайын өншдердің өзiндік кұнын калькуляциялау мүмкіндігi ескерiледі
Тікелей шығыстар (шикiзат, негiзгi материалдар, шалафабрикаттар, өндіріс жұмысшыларының жалақысы т б) әдетте, бөлістер бойынша, ал әрбір бөлістердщ ішінде — әзірленген өнім түрлері бойынша есепке алынады (шалафабрикат немесе дайын бұйым)....
Рефераттар
Толық

Экономика | ФИРМАДАҒЫ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

КІРІСПЕ
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардын. немесе кәсіпкерліктің үш түге атап кетуге болады
• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік
• серіктестік немесе партнерлік,
• корпорация (акциөнерлік қоғам)
Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады Оның мүліп мен жауапкершілігінде шек болмайды Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілік — капиталының аз мөлшерде болуы Артықшылықтары меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандай болмасын өзі жүргізе алады Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады
Серіктестік (партнерлік) дегеніміз он және одан көп адам иелік ететін бизнес Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады Артықшылығы ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:
• шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшы-лығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Өндіріс шығындары

Кез келген экономикалық шешімнің негізінде қойылған сұраққа қайтарылар жауап жатады: біздің мына бір немесе басқа жобаға (біздің ШЫҒЫНЫМЫЗ) жұмсағанымыз және жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өз шығынымыздан тысқары алатынымыз (біздің ПАЙДАМЫЗ) қандай ара қатынаста болуы керек?
Кез келген өндірістік единица (фирма) өз қызметінен мүмкіндігінше мол пайда көргісі келеді. Пайда мөлшері екі фактормен анықталады:
• Сұраным мен ұсыным нәтижесінде жинақталынатын тауарлардың немесе қызметтердің бағаларымен, бұл фактор көбіне-көп экономикалық коньюктуралық сыртқы жағдайға тәуелді;
• Фирманың өндіріс ресурстарын тиімді пайдалануына байланысты болатн өндіріс шығындарымен.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан фирманың барлық шығындарын: айқын және айқын емес деп екі топқа бөлуге болады.
1. Айқын шығындар- ол өндіріс факторларын және аралық бұйымдары жеткізушілерге (сырттан келетін жартылай дайын өнімдер) ақшалай төлемнің формасын қабылдайтын баламалы шығындар.
Мысалы:
1.1. Жұмысшыларға еңбекақысы;
1.2. сатып алынатын немесе жалға алынған: станок, машина, құрал, ғимарат, құрылыс шығындары мен төлемдері;
1.3. көлік щығындарына төлеу;
1.4. коммуналдық төлемдер;
1.5. банктердің, сақтындыру компаниялардың қызметтеріне төлеу;
1.6. материалдық ресурстарды (шикізат, жартылай дайын өнімдер, жабдықтағыш бөлшектер) төлеу.
2. Айқын емес шығындар (имплиценттік шыңындар)-ол ресурстарды пайдалнудағы фирманың өзіне қарасты баламалы шығындар яғни ешкіңмге ештеңе төлемейтін шығындары.
2.1. өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда ала алатын немесе «айырылып қалған мүмкіндіктерінің» (алынбай қалған пайдасының) ақшалай төлемді.
Айырылып қалған мүмкіндіктер шығындарының мөлшері- ол ресурстарды пайдалнудың барша баламалы тәсілдердінің ең қолайлысынан түсетін аұшалай түсім. Мысалы, ЖОО оқытушысы өзінің жұмысын тастап, «қапшықтап сату бизнесіне» өтті делік, ондай жағдайда ол өз бизнесінің шығынына өзінің жоғалтақн оқытушылық жалақысын да қосуы керек.
Тағы бір мысал келтіруге болады. Кәсіпорын ешкімге ештеңе төлеместен (сөйтіп экономика жағынан өзінің меншік иесі құқығын жүзеге асыра отырып) өзіне қарасты ғимаратты пайдалнады делік, бұл ретте ол бұл ғимаратты біреуге жалға беріп, одан алытнатын ақшалай төлем мүмкіндігінен бас тартады. Бұл шығындар айқын төлем да ол алынбай қала береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Шығындарды есепке алудың және өнімнiң өзіндік құнын калькуляциялаудың белістік өдісі өнiмді жаппай өндіретiн кәсiпорындарда колданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнiмге дейiн рет-ретімен технологиялык өңдеуден өтеді Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсшорындарында металлургиялық, химиялық, мұнай өндеу және басқа да салаларда колданылады. Мысалы, мата тоқу кәсiпорындарында үш қайта жасау — иіру, тоқу және әрлеу саласы, қара металлургияда — домен пеші, болат балқыту, прокат, былғары өндірісінде — күлді, тері илеу жөне әрлеу саласы бар
Дайын өнiм немесе шалафабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялық процесті бөлістік әдіс деп атайды Бөлістік әдісте өндіріске кеткен шығындар олардың әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептелінеді Әрбір белістен кейiн шалафабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде — дайын өнiм алынады Бөлiніс тізбесі пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс процесстерінің арасындағы үзіліс-іркілістер; шығарылатын шалафабрикаттардың, өнiмнің сипаты мен басқа да өзiне тән жағдайлары ескеріле отырып, технологиялық процесстер туралы деректердін негiзінде белгiленеді Бұл орайда, бөлініс жөніндегi шығындарды жоспарлау мен есепке алуды, аяқталмаған өндірісті есепке алу мен бағалауды ұйымдастыру, өзі өндірген шалафабрикаттар мен дайын өншдердің өзiндік кұнын калькуляциялау мүмкіндігi ескерiледі ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.
Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.
Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Олар: әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді және өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді.
Сондықтан мен, курстық жұмысымның тақырыбын «Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы өндірістің дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық шығындарды толық зерттеп, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынын калбкуляциялық есебін жүргізу арқылы кәсіпорындардың тиімді экономикалық қызмет етуін қалыптастыру болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық