Өзен кен орындарында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрылымында триас, юра, бор, полеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина үлгітастарын зерттегенде алынған полионтологиялық мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаратаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофаунамен т.б. зерттеу арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр. Өзен кен орының мұнай-газдылығы юра және кейде бор шөгінділерімен байланысты. Кен орнының геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. І-ХІІ горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор – газды, ХІІІ-ХVIII горизонттар – жоғарғы және орта юра – кен орнының негізгі мұнай – газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның ХІХ-ХХІV горизонттары мұнай – газды. Пермь – триас шөгінділері Өзен кен орнының ең кәрі жыныстары болып табылады. ....
Дүние жүзінде экологиялық дағдарыс барған сайын өршіп бара жатқаны баршаға аян. Соның ішінде Қазақстанның үлес салмағы аз емес. Еліміздегі экологиялық жағдайдың күн өткен сайын құлдырауы, бүкіл республика жұртшылығын қатты алаңдатуда. Арал теңізінің экологиялық жағдайы, бұл бүкіл дүние жүзінің алдына қойған үлкен бір мәселесі болып отыр. Адамдардың ақыл – ойының үздік жетістігі осылайша көрініс тауып, ғылыми – техникалық прогрестердің озық тәжірибесі жүзеге асқан бұл өлкеде, тағыда сол адамдардың өзімшілдігі, бір жақты тайыз ойлаушылдығы мен қомағайлығы салдарынан бір ұрпақтың көз алдында Арал сияқты үлкен теңіздің жойылып, Сырдария суы мен айнала төңірегінің уланып, тұрғындарға зор қасірет шектіруде. Сол себептен мен, мемлекетімізді алаңдатып отырған Арал тағдырының жағдайы не болар екен деген үмітпен осы жұмысты қолға алдым. Бұл жұмысты алудағы басты мақсатым, сол өңірде мекен етіп жатқан қандас бауырларымның жағдайымен жақыннан танысу, оларға көмек көрсету, шешу проблемаларын алдарыңызға ұсыну болатын. Екі жылдан бері осы жұмысты қолға алып, зерттеп келемін. Бүгінгі таңдағы Арал теңізі, әсіресе, оның қазақстандық бөлігінде аса бір ауыр экологиялық жағдай қалыптасқанын көзбен көре отырып, ол жөнінде жан – жүрегің сыздамай әңгіме қозғау мүмкін емес. Арал өңірінің табиғатын қайта қалпына келтіру жөнінде азды – көпті шаралар жүргізіліп те жатыр. Бір өкініштісі сол шаралардың түпкі нәтижесі аса бір ауыз толтырып айтарлықтай емес. Міне, сондықтан неғұрлым ұтымды әрі шұғыл шаралар қажет. Олай болмаған күнде енді бір 10 – 15 жылдардан кейін теңіздің қазіргі деңгейін қалпына келтірудің өзі қиынға түседі. Арал теңізі таяу жылдарға дейін өзінің көлемі жағынан тұйық теңіздердің ішінде елімізде екінші, ал дүние жүзінде төртінші орын алып келді. Ол көп уақыттар бойы өзіне келіп құятын қуатты қос өзен – Сырдария мен Амударияның арқасында айдыншалхары төмендеп, көрмеген теңіз атанып келді. Тянь – Шань және Памир тауларынан бастау алатын осынау екі өзен суының еліміздің территориясындағы жалпы мөлшері 100 текше километр шамасында болатын. 1961 жылға дейін аталған өзендердің теңізге келіп құятын суының орташа мөлшері – 58 текше метр еді. Айдынының аумағы 66 шаршы километр, теңіз өз деңгейінен көп жылдар бойы 53 метрлік белгіден түсірген емес. Атмосфералық ылғал мен теңіз суының булануын бойына бірдей сіңірген өзен ағасы – бұл маңайдағы көптеген кішігірім көлдердің ұзақ жылдар бойы сақталуына қолайлы жағдай жасады. Сөйтіп мұндай көлдер қойнауында Ар алуан жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің де өсіп - өрбуіне мүмкіншілік бар еді. Ол кезде теңіз тұздылығы небәрі 10 промиль шамасында болды. Міне, осының бәрі теңіз төңірегіндегі аймақтарға, оның экологиясына, Арал бассейнінің әлеуметтік – экономикалық даму жағдайларына оңды ықпал етті. Әйтсе де, содан бері бұл өңірде қаншама өзгерістер болды. Небәрі 25 жылдың, яғни, адам ғұмырының үштен бір бөлігіндей ғана мерзімде теңіз бейнесі адам танымастай күйге түсті. ....
Өзен және олардың маңызы. Өзендер – табиғи су ағыны салынған арнамен үнемі ағып отырады және жер беті, жер асты суларымен қоректенеді. Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері,яғни өзендер,көлдер,жер асты суы мен мұздықтар жатады.Жер бедері мен климат жағдайларына байланысты еліміздің өзендері әр түрлі.Климаты құрғақ шөл және шөлейт аймақта су тапшы,ал жауын-шашын мол жауатын орманды дала аймағы мен биік таулы аймақтар ағын суларға бай.Өзен суы егістікті суаруға,шаруашылықтың басқа да салаларына қолданылумен қатар,арзан энергия көзі де болып табылады. Су – құрлықтағы сұйық,қатты және газ күйінде болатын,бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын минерал.Республика аумағында ішкі суды төрт түрге бөлеміз: 1) өзен; 2) көлдер; 3) жер асты суы; 4) мұздық суы.
Қазақстан өзендері: Қазақстан Республикасындағы ең ірі өзендердің жалпы саны 85022, оның ішінде 84694 шағын өзендер (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305 орташа (500 км-ге дейін), 23 ірі өзендер (500 мың км-ден жоғары).Суға толы өзендер Алтай, оңтүстік-шығыста Жетісу, Іле-Алатауында (өзен торының жиілігі 0,4-1,8 км), Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі 0,03 км-ге дейін барады. Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер: Сырдария өзені, Шу өзені, Іле өзені, Ертіс өзені, Жайық өзені, Есіл өзені, Тобыл өзені.
Қазақстандағы ең ірі өзендер.
Өзен аты Ұзындығы, км Алабының ауданы, км² Ертіс (Қара Ертіспен бірге) 4331 (1698)* 1592000 Сырдария (Нарынмен бірге) 3078 (1682)* 462000 Жайық 2534 (1082)* 220000 Есіл 1900 (1400)* 144000 Тобыл 1678 (668)* 394600 Іле (Тегеспен бірге) 1384 (802)* 1538200 Нұра 911 53147 Елек 605 42000
* Қазақтан жеріндегі ұзындығы
Өзен жүйелері мен алаптары.Өзен алабы дегеніміз – жер бетімен әрі жер асты өзенге су жиналатын аймақ. Жер беті өзен алабы – жер бетінің осы өзен желісіне немесе жеке өзенге су жиналатын кеңістігі. Жер асты жинау алабы – осы өзен желісіне су жиналатын топырақ қабаты. Қазақстан барлық өзендері негізінен екі алапқа бөлінеді: 1) Солтүстік Мұзды мұхит алабы 2) Ішкі тұйық көлдер алабы....
Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа мемлекеттік экологиялық саясат жасалып нақты іс жүзінде асырылуда. Оның мәні экономика, заң орындары және жалпы қоғам сияқты ықпал ету мен өмір әрекеттестігінің бір қатар салаларын экологизациялау арқылы еліміздің экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізу. Бүгінгі күні Қазақстанда тұрақты дамуға өтудің алғы шарттары жасалған және біз нақты экологиялық мәселелерді шешуге бел шеше кіріскенімізді нық сеніммен айтуға болады. Ірі өзен алаптарының техногендік қалдықтармен ластану қарқындылығының артуы, соңғы уақытта ең қиында күрделі мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Шығыс Қазақстан өзендері Республика бойынша өте қатты ластанған өзендерге жатады. Қоғамның қазіргі таңдағы даму жағдайларындағы ластанудың негізгі көздері мыналар болып саналады. • өнеркәсіптік мекемелер • жылу беруші қондырғылар • көлік • ауылдық аудандардың ауа бассейінін ластау көздері • радиактивтік ластану ....
Қазақстан су ресурстарының үлкен жетіспеушілі елдердің санатына жатады. Қазіргі уақытта су объектілерін тау−кен өндіру металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтері ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Солардың әсерінен көптеген өзендер ластануда, әсіресе Ертіс өзені. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негігі көзі болып табылатан жер асты сулары да ластануға ұшыраған. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақста Республикасы Үкіметінің 2002 жылдағы 21 қаңтардағы №71 қаулысымен су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану проблемаларын шешудің негізгі жолдары айқындалған экономикалық су секторын дамытудың және Қазақстан Республикасы су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Су ресурстарының жағдайын жақсарту үшін экологиялық сараптама кәсіпорындар үшін шамалық талаптарды күшейту, ағын суларды тазартатын жаңа технологиялар енгізу арқылы зиянды заттарды Төгуді көздеген шаралар қабылданды. Шекаралас Ертіс өзені бойында зиянды заттарды төгу көлемін ‘ бассейндік принципті’ біртіндеп енгізу арқылы тиімді жаңарту жұмыстары қолға алынды. Су ағындарына төгуді шамалаудың ‘бассейндік принципі’ тиімді экологиялық құрал ретінде қолданылып, табиғатты пайдалануда ластаушы кәсіпорындарды ынталандыруға әкеліп соқтырады. ‘Сөйтіп, біртіндеп Ертіс өзенінің маңы жаңғырып ауаның өмір сүруіне қолайлы аймаққа айналады’- дейді мемлект стратегиясында қаралған бағдарламаларда. ....
Өмір өзен арнасы мен тоғысқан, Өмір өзен толқынымен жарысқан. Өмір өзен ағып жатқан тоқтаусыз, Өмір өзен өтіп жатқан білінбей. Өмір ғажап, атып жатқан әр таңың. Өмір ғажап, өтіп жатқан әр күнің. Өмір өзен қос жағадан....
Өзен кен орындарында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрылымында триас, юра, бор, полеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина үлгітастарын зерттегенде алынған полионтологиялық мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаратаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофаунамен т.б. зерттеу арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр. Өзен кен орының мұнай-газдылығы юра және кейде бор шөгінділерімен байланысты. Кен орнының геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. І-ХІІ горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор – газды, ХІІІ-ХVIII горизонттар – жоғарғы және орта юра – кен орнының негізгі мұнай – газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның ХІХ-ХХІV горизонттары мұнай – газды. Пермь – триас шөгінділері Өзен кен орнының ең кәрі жыныстары болып табылады.....