ӨСІМДІКТЕР ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Қазақстанда да ауылшаруашылығы өндірісіне зиянды организмдер мен арамшөптерден келіп жатқан зиян аз емес. Мәселен, 2000 және 2002 жылдары Орталық Азияда күздік бидай егісін сары тат ауруы жайлап, оның түсімділігін 40-50%-ға дейін төмендетті. 2000, 2002 және 2005 жылдары республиканың солтүстігінде ауа райы өте ылғалды болып, жаздық бидай егістерінде тат және септориоз аурулары кең таралды, осының салдарынан фунгицидтер қолданылмаған танаптардың түсімділігі 20-30%-ға дейін төмен болды. 1998-2000 жылдары олар республиканың солтүстік аймағында шектен тыс көбейіп, орасан қауіп тудырғанын көпшілік қауым ұмыта қоймаған шығар. Осы жылдары бұл зиянкеспен күресу үшін 2-3-тен 8,2 миллион гектарға дейін шабындықтар мен егіс алқаптарында химиялық препараттар қолданылып, мемлекет бюджетінен 20-22 миллиард теңгеге дейін қаржы жұмсалды.
Енді арамшөптерге келсек, олардың сал¬дарынан өнім 40-50 %-ға, тіпті одан да көп кемуі мүмкін. Солтүстік аймақта астық дақылдары егісінде қара сұлы, сары қалуен, дала шырмауығы, жабайы гүлтәжі, улы кекіре және т.б. жиі кездеседі. Қара сұлы мен тары тектес және қосжарнақты арамшөптер басқан бидай егістері бірнеше миллиондаған гектарға жетеді.
Ауыл және орман шаруашылығында зиянды организмдердің таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу үшін дүние жүзінде арнайы химиялық препараттар немесе пестицидтер кеңінен қолданылады. Енді осы жайлы аздаған статистикалық деректерге зер салсақ. Ресей ғалымы В.А.Захаренконың мәліметіне қарағанда, өткен ғасырдың 60-жылдары жыл сайын дүние жүзінде 580 млн. доллардың пестицидтері қолданылса, 70-жылдары бұл көрсеткіш 4,7 есеге артыпты. 1980 жылы ол 20 есеге көбейсе, 1990 жылы 26 миллиард 400 млн. долларға жеткен. 90- жылдардың ортасында астық дақылдарының егіс көлемі 428 млн. гектарды құрап, 1 гектарға шаққанда 11,9 доллардың пестицидтері жұмсалыпты. Енді жүзім мен жеміс-жидек шаруашылығына келсек, олардың 1 тонна өнімін өндіруге орта есеппен 4,5 доллардың пестицидтері жұмсалады екен. Осындай жағдай картоп пен көкөніс өндіруде де қалыптасып отыр.
Пестицидтерді кең пайдалану нәтижесінде дақылдарды күтіп-баптауға қажет қол күші шығыны азаяды, еңбек өнімділігі артады. Мәселен, Германияда қант қызылшасын арам¬шөп¬терден отау үшін голтикс препара-тын қолданудың нәтижесінде дақылдың түсімділігі 1950 жылмен салыстырғанда 330 центнерден, 1993 жылы 510 центнерге дейін көтерілген, ал 1 гектарға жұмсалатын еңбек шығыны 7 есе төмендеген. Осы тәріздес же¬тіс¬тіктерге АҚШ астық дақылдарын өндіруде қол жеткізіп отыр. Мәселен, 1975-1995 жыл¬дар аралығында арамшөптер және өсімдік зиянкестері мен ауруларынан келетін зиян пес¬тицидтерді кең қолдану нәтижесінде тө¬мендеп, еңбек өнімділігі 20-25 % аралығында өскен, ал өсімдік шаруашылығының тиімділігі 1,02-ден 1,75 астық өлшеміне дейін көтерілген ....
Рефераттар
Толық