Экономика | Өнеркәсіптік кәсіпорында өнім сапасын басқару

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өнім сапасын басқару

Қазіргі халық шаруашылығы саласында өзара байланысты құрылыс материалдары, өлшеу құралдарының көптеген түрлі заттардың және материалдардың қолданылуына, оларға қойылатын талаптардың қолданылуына байланысты стандарттау саласында мамандар дайындаудың маңызы күннен – күнге арта бастады. Сонымен қатар еліміздің алға қойған мақсаты жақын келешекте әлемдік сауда ұйымына (ӘСҰ) мүше болып кіру. Ол үшін бірінші кезекте, шығаратын өнім сапасын халықаралық дәрежеде бәсекеге түсуге сай болуы керек. Сондықтан стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келешек мамандарға қазіргі өндіріс өнімдерінің сапасын халықаралық деңгейге жеткізуді қамтамасыз ететін талаптар қойып отыр.
Стандарттау өндірісті өнім шығаруға әзірлеу, технологиялық әрекеттер, біркелкі сараптау, өнімдердің дәлдігін, өнім қауіпсіздігін бағалау және оның сапасын басқару бағыттарын қамтиды.
Стандарт – бұл қоғамда бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келушілік негізінде әзірлелетін және танылатын органдардың бекітетін нормативтік құжат. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіріп оқтайлы деңгейге жетуге бағытталады. Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетінсапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | «БАЯН-СҰЛУ» АҚ-ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ

Қазіргі кезде өнім сапасын көтеру мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Қазақстанның әлемдік нарыққа қосылуы Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше болуға ұмтылуы сапа мәселесін алдыңғы қатарға шығарды. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті өным шығару үшін де сапаға үлкен мән беру қажет. Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық даму жолына бет алған кезде сол сияқты әлемнің дамыған елу елдің қатарына қосылу міндеті анықталған уақытта отандық тауар өндірушілер өз өнімдерінің сапалық қасиеттеріне мән беруі тиіс.
Бұл орайда Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында мынандай мәселе көтерген болатын: «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ветеринария | ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУ

Елдің ашық нарық экономикасына өту кезінде ішкі және сыртқы нарықта тұтынушы үшін күрес нағыз бәсекеге қабілетті тауарларды жасау мен өндіруді талап етеді. Себебі фирмалардың табысқа жетуі фирма өндіретін тауардың бәсекеге қабілеттігіне тәуелді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында айтқандай, біз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруіміз керек деген./1,1б/. Қазіргі жағдайда коммерциялық фирма өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің шешуші факторларының бірі – сапаны көтеруге бағдарлау болып табылады. Тек қана тауардың (қызметтің) жоғарғы деңгейлі сапалы түрі ғана нарыққа шығарылады және өнімнің сапасын басқаруға, қамтамасыздандыру сауалдарына көп зейін аударатын фирмалар мен мекемелер ғана тіршілік етуге және табыс алуға мүмкіндігі бар.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, осыған жету тек парасатты басқару процесінің негізінде мүмкін. Сондықтан, бәсекелестік күрестің әліппесін танып жатқан отандық кәсіпорындар үшін сапаны тиімді басқару мәселесі көкейтесті мәселеге айналуда.
Нарықтың дамуы мен оның тауарларға деген талаптардың өсуі, ондағы сатып алушылар рөлінің күшеюі, ғылыми-техникалық себептер шарттарының рөлінің өсуі – осының бәрі кәсіпорындардың сапа мен бәсекеге қабілеттілігін, сапаны басқару механизімінің мәселесін шешу әдістері мен түрлерін жетілдіруді талап етеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық