Мен және сен

Жақсы көру деген бір ұлы қасиет бар. Бұл сезім әйел адам мен ер адам арасында пайда болады. «Махаббат, жақсы көру дегеніміз не?» деген сұрақты қойсақ барлығы өзгеше етіп айтып берер еді. Бұл қасиеттің өзі де екі түрлі болады. Жалпы адам баласын (адамзатты) жақсы көру. Және жеке біреуді жақсы көру, сол адам үшін барлық жақсылық жасау, қолымыздағын беру шынайы махаббат сезімі болса керек. Бала дүниеге келгенде ата-анасының махаббатына бөленеді. Есейгенде бір адамды кездестіреді, ғашық болады, кейде жүрегін жаралайтын сезімге дұшар болады. Махаббат әрі мейірімді, әрі қатал болып келеді. Кейде адам ғашық екенін сезбей де қалады. Немесе жауапсыз (безответная) махаббат сезіміне дұшар болады. Махаббат сезімі мыңдаған адамдардың жүрегін жаралаған, қаншама адам махаббат үшін күресте өмірімен қоштасқан (әдеби шығармалар, тарихи оқиғаларға сүйенсек). Бірақ, сонда да, махаббат туралы айтылған әндер, даналар сөзі, мақалдар, өлеңдер т.б. көп кездеседі. Қаншама атақты жазушылар бұл нәзік сезім туралы өлеңдер жазған десеңізші.

….. Біз өмірімізде әр түрлі адамдарды кездестіреміз. Балалық шағымызда тіпті балабақшада жүргенде біреуіне ғашық болып қаламыз. Есейгенде біздің бір адамға сүйіспеншілігіміз пайда болады, кейнірек болса арта түседі. Өмірімдегі жалғызымды таптым деп ойлаймыз, кейде қателесуіміз де мүмкін. Біреулер бір көргеннен ғашық болса, екіншілерге біршама уақыт керек болады. Басқалар болса өзінің махаббатын тым кеш кездестіреді. «Махаббат адам жасына қарамайды» - деп бекер айтпаған болса керек. Кейде жасы жеткен адамдар арасындағы нәзік сезімге күә боламыз. Киноларда мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Ал өмірімізде солай бола ма? Біздің өміріміз құпия мен сырларға, күтілмеген жағдайларға толы болады ғой...

.....
Әңгімелер
Толық