Дидар Амантай | Көзіңнен айналдым


Топ – топ. Қаз-қаз басқан екі аяқ – тас жолмен ілгері жүріп бара жатып – қалт тоқтады. Әдетте шалқасынан ашық үлкен жарма қақпа бүгін тиегінен байланып жабық тұр. Ол кідіріп, дағдарып қалды. Топ, екінші аяғын көтерді, топ. Сосын, қапылыс топылдап қайта жүріп бара жатты. Бәтеңкенің жерге тиген дыбысы құмығып шығады. Топ. Жөпелдемеде топатайды қағып, сүрініп кетті, алдына тізерлей құлады. Әдемі топы ақырын сырғып, басынан сыпырылып түсті.

Жерден созалаңдап тұрып, еңселі дуалға түсінбей көз салды. Қарсы алды тегіс бояма, әсем сырланған биік тақтайлар. Белдік темір бекітіп тастаған – зілдей, тастай берік дарбаза. Тыстан әредік жайдарман топырлап өтіп бара жатқан топ-топ балалардың ертеңгі ауа райын топшылаған майда, жарқын дауыстары естіледі. Көне топографияны, қадім заманды әңгіме қылады. Ертедегі уақыт, өткен дәуірде – жаһанда тынымсыз күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Дауылдап, борап жауған бұршақ толастамайды, ғаламды жаңғырыққан күшті дабыс көміп кетеді, тұс-тұстан әлемдік тасқын құйылып, топан су кең байтақ жазық өңір қыр далаға аңдыздап қаптап, дүниежүзін сел басқан деседі. Жайма-шуақ күлкі, шат үндер бірсін-бірсін алыстап, жойылып барады. Ол іркіліп, айналасына зер аударып, абайлап төңірегін шолды.

Қымбат тастармен кестелеп шимайлаған топы Close-Up мөлшерінде ірілене көрінді. Red One жүзін сипай жылжып киіміне тоқтады да, ескі бәтеңкесіне ауысты, сосын шұғыл тайқып, шегініп кетті. Кадрда дала келбеті ашылды, мөлдіреп жалпы кескін шықты. Әлсіз үн, көмескі сыбдыр, күңгірт дыбыс тегіс жаңғырып анық жазылады.

.....
Әңгімелер
Толық