Джек Лондон | Бір кесек ет
Том Кинг ақырғы нан кесегімен сұйық қамырдың ең соңғы түйірін іліп алды да, сонымен тәрелкені тап-таза етіп сүртіп, әлгіні ұзақ отырып әбден шайнады. Ол үстел басынан өзекті жалаған алапат аштық түйсігімен тұрған. Және тамақтанғанда жалғыз өзі ғана болатын. Екі кішкене ұл құрсақтарының бостығын ұйқы кезінде ұмыта тұрар деген үмітпен көрші бөлмеге ертерек жатуға жайғастырылған еді. Әйелі асқа жолаған жоқ, күйеуіне сонадайдан мұңдана қарап, үн-түнсіз отыр. Ажары тая қоймағанмен арық, жүдеу-жадаулау бұл әйел жұмысшының қызы. Қамыр тұздық даярлайтын ұнды көршілерінен қарызға алған. Соңғы жарты пенниі нан алуға жұмсалды.
Терезе түбінде қирағалы зорға тұрған орындыққа ауыр салмағымен сықырлата отырған Том Кинг езуіне үйреншікті дағдысымен трубкасын қыстырып, жан қалтасына қол салды. Одан темекінің жоқтығы есіне түскенде өз-өзін ұмытшақтығы үшін бір сыбап алып, түтікшесін былай ысырып қойды. Қимылы сылбыр, тіпті ебедейсіз еді - сырт қарағанда буылтық-буылтық бұлшық етінің салмағынан қорлық көріп жүрген кісіге де ұқсап кетеді. Бұл өзі өте сұсты, аса айбарлы адам болатын; түр-тұлғасын тым тартымды деуге келе қоймайды. Үстіндегі ескі киімі іле салған қапша салбырап тұрады. Тозған башмақтары да күпі өткен ауыр нәлмен тағаланған. Екі шиллингтік арзан жейдесінің жағасы да әбден оңған, ал оған сіңген кірді енді ешбір сабынның ала алмайтыны анық.
Том Кингтің кәсібін оның түрінен-ақ жазбай тануға болады - кескіні нағыз кәнігі боксшынікі. Шаршы алаңдағы ұзақ жылғы жұмысы бойына әлдебір айқасқа әзір тұратын жыртқыштың сақтығын дарытқан. Осынау түнеріңкі адамның жақтары барлық сықпыты мейлінше айқын көрінсін дегендей мұқият қырылған. Сиықсыз еріндері қалай болса солай орналасқандықтан аузы жатқан бір жара сияқтанады. Ауыр, шомбал иегі алдыға қарай шығып тұр. Домбыққан қабақ пен жүндес қастың .....

Әңгімелер