Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы Бақыт көрсін Отанның сан ұланы Енді ағайын көгінде қалықтасын Қазағымның қастерлі – Әнұраны! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін....
Еліміз егемендік алғалы бері қазақ әдебиеті тарихының ежелгі және орта ғасыр дәуірі дербес пән ретінде бұрынғыдан да кең көлемде әрі тұрақты түрде оқытыла бастады. Өйткені дәуір шындығын, заман ақиқатын қалпына келтіріп жатқан ұлы бетбұрыс кезеңінде бізге көненің көзіндей болып ғасырлар қойнауынан жеткен рухани мұраларды, соның ішінде жазба әдеби жәдігерлерін танып - білудің қажеттігі ерекше артып отыр. Өйткені жазба мұраның осы күнге толық түп нұсқасы жетпей, архивтерде шаң басып жатқаны бірімізге аян. Яғни, осы деректерді алып ғылыми түрде дәлелдеу , жарыққа шығару қажеттілігі туындайды. Тарихи дерек пен тәжірибе жекенің жадында сақталады. Бұл орайда халықтың жады арқылы жеткен мұралардың деректік тұрғыдан объективтілігі басымдау болады. .....
Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады. Банктік жүйе – бұл кез келген мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның ролі мемлекетте төлемдер мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік операциялар арқылы жүргізуімен анықталады. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит саясатына сәйкес әрекет ете отырып, ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді. Банкілік тәуекелдер экономикалық тәуекелдер санатына жатады. Банкілік кіріс пен капиталға болжанбаған талаптардың салдары болып табылатын қандай да бір өзгерістер тәуекелдің көзі болып табылады. Банкілік операцияларды басқару дегеніміз – іс жүзінде банкілік қоржынға байланысты, яғни банк кірісін қамтамасыз ететін активтер жиынымен байланысты тәуекелді басқару. Ал тәуекелді басқару банктің стратегиялық басқаруының маңызды мәселелерінің қатарына жатады. Аталған мәселе тәуекелді басқарудың ерекше жүйелерін жасау жолдары арқылы іске асырылуы әрі ол банктің қандай да болмасын бөлімдерінің қызметін қамтуы керек. Барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелділігімен байланысты болғандықтан, банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді. Курстық жұмысының мақсаты - банктерді заманға сай бәсекеге қабілетті етіп жетілдіру, оны еліміздің экономикасының маңызды секторына айналдыру, Қазақстан банктерінің позитивті имиджін қалыптастыру мәселелерін қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек: - коммерциялық банктердегі несие тәуекелін басқаруды ұйымдастырудың қазіргі заманғы тенденцияларын үйрену; - коммерциялық банк қызметін дамытуға және оның материалдық базасын жетілдіруге жәрдемдесу жөніндегі стратегиялық ережелерді пайдалану; - Отандық банктердің қазіргі жағдайына баға беру; - «Альянс Банк» АҚ жұмысына талдау жүргізу; - осы саланы реттеу тетігін жетілдіруге ықпал ету. Зерттеу обьектісі: «Альянс Банк» Акционерлік қоғамы. Бұл жұмыста зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері пайдаланылды. ....
Коммерциялық банктер бизнестің басқа түрлерімен салыстырғанда жоғары левередж негізінде жұмыс істейді. Депозиттердің тарту мүмкіндігі мен депозиттердің құнында бұл заңдылық және жиі кездесетін айқынсыздық бизнеске ссуда беру – қалыпты жоғары тәуекелді – банктің негізгі функциясын жасайды. Жалпы айтқанда, банктік менеджмент өзінің әрбір жобасында тәуекел пайда қатынасының оптималдысын таңдауы тиіс. Батыстық әлемде коммерциялық банктер тәуекел категорияларының кең аймағын мойындайды, солай болса да олар тәуекелдердің көп бөлігін әр түрлі банктік мақсаттар мен стратегиялар шеңберінде белсенді басқарады. Тәуекелдің негізгі категориялар • өтімділік тәуекелі; • несиелік тәуекел немесе төлемеу тәуекелі; • портфельдік тәуекел; • салалық тәуекел; • елдік тәуекел, • валюталаық тәуекел; • проценттік тәуекел: Соның ішінде менің осы жұмыста қарастырғанын проценттік тәуекел. Проценттік тәуекел, басқа да банктік тәуекелдер сияқты айқынсыздықты білдіреді, берілген жағдайда проценттік мөлшерлеменің алдағы уақыттағы өзгеру бағытымен және уақытымен байланысты айқынсыздықты білдіреді. Проценттік тәуекел проценттік мөлшерлемелердің өзгеруінен туындаған қаржылық активтерден алынатын – құн немесе табыстардың ауытқуы ретінде анықталуы мүмкін. Ссудалар активтердің негізгі категориялары болып табылатын коммерциялық банктер үшін бұл анықтама белгілі бір ссуданы беру үшін банктің тартылған ресурстарының орташа құны оны толық өтеу кезіңінде ссуда бойынша орташа проценттік ретінде анықталуы мүмкін. Қазіргі уақытта проценттік тәуекелді басқару көп жағдайда ақша нарығы жеткілікті дәрежеде жақсы дамыған және сәйкесінше, төмен инфляция деңгейі бар елдерде орналасқан банктермен жіктеледі. Бұрынғы Кеңес Одағындағы Республикалардағы банктердің де проценттік тәуекелі жоғары болған. Сонда да, бұл елдерде дамыған ақша нарығының жоқтығын, жиі болатын инфляцияның жоғары деңгейі және ақша саясатын болжаудың мүмкіндігінің жоқтығын есепке ала отырып, проценттік мөлшерлемені “басқару” депозиттер мен кредиттер бойынша мөлшерлемені келісіп өзгерту негізінде проценттік маржаны максимизациялау саясатымен жіктеледі. ....
Еліміздің нарықтық экономикаға өткеніне аз уақыт болғанымен, жалпы экономикалық өсу байқалғаны барлығына белгілі. Дегенмен, ұлттық байлықтың молайуы мұнайға байланысты екені барлығымызды мазалайды. Өйткені, біздің экономикамыз тек әлемдік мұнай сұранысы мен бағасына тәуелді болмақ. Сондықтан да республика экономикасын тұрақтандыру үшін тек табиғи байлықты қазып алумен ғана шектелмей, өндіру, өңдеу салаларын да дамыту бүгінгі күннің басты міндеті. Кеңес Одағы кезінде үлкен қарқынмен жұмыс істеген зауыт, фабрикалар бүгінгі күні жекешеленді, ол толығымен сапалы өнім өндіріп, оны нарыққа бәсеке қабілеттілігі жоғары етіп шығару өте қиын. «Тұрмыс – ақшаға» тәуелді дегендей өнеркәсіптің жұмыс істеуінің қайнар көзі ақша-қаражаттар екені мектеп оқушысына да белгілі. Соңғы бес-алты жылда бұл мәселенің де шешілуі табылғандай.Еліміздің басын жүйесінің әлемдік стандарттарға сай дамуы экономиканың салалрына көптеген ақша-қаражаттарының келуін қамтамасыз етуде. Адам Смиттің экономиканың қозғаушы күші «халықтың жинақ ақшасы» деп өз заманында айтып кеткен ойы бүгінгі танның өзінде де өз күшін орнамағанына еріксіз мойын. Екінші деңгейлердегі банктарда шығарылған халықтың жинақ ақшасын экономиканың жекелеген салаларын, оның ішінде өнеркәсіпті дамытуға бағыттау қажет. Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканың қатынастарға көшуіне байланысты елдің экономикалық өмірінде, соңғы жылдары ұйымдар арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесінде, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең, ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Тәуелсіздік алғаннан кейін ел экономикасын тұрақтандыру қажет болды. Барлық завод, фабрикалар жабылып, тоқырау кезең басталды. Жабылған кәсіпорындарды қайта іске қосу үшін ірі ақша-қаражаттары қажет. Бұл қаражат көзі инвестиция немесе банктерден алынған несие алу болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтердегі несиелеудің орны ерекше. Себебі, белгілі бір іспен айналысу үшін кәсіпкердің қолында күрделі қаржы ресурстары болуы қажет. ....
Кәсіпкерлік қызмет әрқашанда белгісіздіктің үлкен немесе кіші деңгейімен байланысты болады. Белгісіздіктердің қайнар көздері болып өндірістің барлық сатылары саналады,яғни қажетті құрал-жабдықтарды сатып алудан тауар өндіру мен өткізуге дейін. Мұндай жағдайда кәсіпкердің әрбір іс-әрекеті қолайсыздықтардың пайда болуына,әр түлі жоғалтулардың болуына (қаржылық,материалды,еңбек және т.б.) әкелуі мүмкін. Нарыққа қозғалыс ең алдымен экономикалық еркіндікке жол болып табылады,ал тәуекелді күшейту — кәсіпкерлік еркіндіктің кері жағы және ол үшін өтелетін өзіндік төлем. Дер кезінде тәуекелге бара алатын кәсіпкер табысқа жете алады.Кәсіпкер саналы түрде өзінің іс-әрекетінің рационалды стратегиясын таңдауы қажет: жоғалтатынын біле отырып, тәуекелге бару немесе тәуекелмен байланысты қызметтен бас тарту . Тәуекел бұл кәсіпкерлік жоспарды және бюджетті орындауда қолайсыз жағдайлардың болу мүмкіндіктері. Сонымен, кәсіпкерлік тәуекелді кәсіпкердің өз ресурстарының белгілі бір бөлігін жоғалту мүмкіндігімен, яғни қауіп-қатерімен байланысты және табыс алуы төмендеп, қосымша шығындардың пайда болу нәтижесімен байланысты болатын іс-әрекеттер деп түсінуге болады. Кәсіпорынның жақсы қызмет етуі үшін кәсіпкер өз жұмыс барысында кездесуі мүмкін барлық тәуекелдердің түрлерін ескеруі қажет. Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелділік факторы үдей түседі. Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайлардың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Нарықтық қатыныстар жағдайында тәуекелдің кәсіпкерлік істегі белгісіздік,күтпегендік,сенбеушілік,болжамдық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін.....
КIРIСПЕ Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттыққа ұшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондыңтан да бiз бүгiнгi таңдағы әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан банк iсiнiң дамуындағы қызметтердiң әдiстемелерiн оқып бiлiп, осы алған бiлiмдi елiмiздiң банк жүйесiнiң практикасында қолданғанымыз абзал. Тақырыптың тағы бiр маңыздылығы, қарастырылып отырған банк қызметiмен үзеңгiлес қаржы тәуекелi, оны басқару әдiстерi Қазақстанның банк жұйесiн дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылады. ....
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі. Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс. Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру. Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады. ....
Кіріспе Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады. Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады. Нарықтық қатынасқа көшудегі қаржы және банктік механизмдегі қайта құрулар осы банктік және қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. Банктік мекемелердің ақпараттық жүйесін құру принципі банктік органдардың иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді. Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты - банк қызметіндегі тәуекелдікті оқып-үйренуде жалпы банктың, оның элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі шараларды өңдеуге негізделген. Аталған шаралар мүліктерге, инфрақұрылымдарға және банктың өзінің өміріне қауіп төндіретін әрекеттер мен оқиғаларды ескертуге, жағымсыз зардап ауыртпалығын төмендетуге немесе олардың пайда болу ықтималдылығын азайтуға бейімделген. Теорияда және іс-жүзінде мұндай қауіптер "тәуекелдік", ал тәуекелдікті алдын алу шаралары және олардың зиянды зардаптарын азайту-"басқарылатын тәуекелдік" деп атау қабылданған. Банктік тәуекелдік - сол немесе басқа банктер үшін мүмкін болатын қауіп-қатер. Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады. Соңғы 10 жыл ішіндегі банктік және коммерциялық тәуекелдік құралы белсенді зерттеулер және экономикалық әдебиеттердегі талқылаулар болып келді. Бірақ істелінген теориялық материалдар және алынған білімді баяндау әдістері іс-жүзіндегі сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды. Белгілі бір жағдайларда бұл тәуекелдік түрлерінің өзара байланысын, сол сияқты тәуекелдік пен қорғау объектілерінің өзара байланысын, тәуекелдіктің ішкі құрылымдық ерекшелігін адекватты сипаттауға, қауіп-қатерге тән айрықша қасиеттер жиынтығын қажетті дәрежеде айқындауға және оны тіркеуге мүмкіндік бермейтіндігін зерттеулер жүргізетін әдістердің жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқару негізінен тәуекелдікке бағалау әдістерін қолдана отырып, қарыз алушының рейтингін, несие рейтингін және Альтманның Z-үлгісін қолдана отырып басқаруды айтамыз. Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, Банк сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық, ұйымдастырушылық, лингвистикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және қарыз алушының төлем қабілеттілігін, рейтингін анықтау мәселесінің концептуалды схемасы көрсетілген. Негізгі бөлімінде банк қызметінде кездесетін аса қауіп төндіретін тәуекелдердің ішінен - несиелік тәуекелге көңіл бөлінген. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін, оның бағалау әдістерін-қарыз алушының рейтингін, несиенің рейтінгін зерттеу арқылы несиелік тәуекелдіні анықтап, оны алдын ала болжап, тәуекелдіні ең төменгі деңгейге дейін жеткізу үшін ақпараттық база және барлық есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық, программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген. Сонымен қатар бақылаушы есеп пен қолданушыға нұсқау көрсетілген. Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі, құжаттардан және программадан тұратын қосымшалар бар. 1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйені негіздеу 1.1 Банк қызметіндегі тәуекелдік. Үрдістің экономикалық мәні Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.....
1. Кіріспе Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Тәуекелділік кез келген банктік операцияларда болады. Жалпы, тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып, адамның болашақта болатын қаупін түсіндірумен байланысты болады. Диплом жұмысының өзектілігі – қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез-келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелділіктің мүлдем болмауы маңызды емес, оның ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу және кеміту маңызды болып табылады. Диплом жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы банктік тәуекелдерді бағалап және ерекшеліктерін анықтап талдай отырып, қолданыстағы банктік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістерін зерттеп, оны басқарудың жаңа және жетілдіру жолдарын іздестіру. Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы – қазіргі дағдарыс кезінде банктердің тәуекелін зерттеу, басқару, бағалау өте маңызды. Диплом жұмысында жасалған нәтижелер Қазақстанның банк секторында банк тәуекелдерін басқару жағдайы мен оларды бағалау әдістерін зерттеуге мүмкіндік береді ....