Қазақ тілі | Дауыссыз дыбыс әріптерінің емілесі

Б, п фонемалары астыңғы еріннің үстіңгі ерінге нық тиіп, тез ажырап кетуінен жасалады. Бұлардың бір-бірінен басты айырмашылығы дауыс алғашқысына (б) аздап қатысады да, екіншісіне (п) қатыспайды. Бұлардың тілде қолданылуында да кейбір ерекшеліктер бар, атап айтқанда, б фонемасы сөздің басында (6258 сөз, қ, т-дан кейін үшінші орында), ортасында актив қолданылады да, сөз соңында кездеспейді. Соңғы позицияда б жазылғанмен (араб, гардероб, куб, клуб, ромб, прораб, штаб) оның айтылуы п болады. Сондықтан да бұл сөздерге жалғанатын қосымша қатаңнан (арабқа, клубқа, штабпен, штабсыз) басталады. Ал п фонемасы сөздің барлық позициясында ұшырай береді. Тіліміздегі п-дан басталатын (991) сөздердің дені кірме болып келеді.
Сөз басында б мен п айтуда, тіпті жазуда да (орфографиялық сөздікте) кейде жарысып жүреді: байым — пайым, балуан — палуан, барабар — парапар, батсайы — патсайы, бәле — пәле, бұйда — пида, палау — балау, пәтуа — бәтуа, пейіл — бейіл, пенде — бенде т.б.
«Әдеби тілімізде болсын, говорларымызда болсын қатаң п дауыссызы байырғы қолтума сөздерімізде оқта-текте болмаса, әдетте көп қолданыла бермейді. Бұған дейінгі диалектопогиялық мәлімет жинаған қазақ говорлары арасында бұл құбылыстың (ұяң б-ның қатаң п-ға ауысуының) біршама жиірек байқалатын жері Өзбекстан, Тәжікстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан республикаларының территориясы мен осы республикаларға шектес аймақта тұратын қазақтардың тілі».
Артикуляциялық жақтан ұқсастығының арқасында б, п және м фонемалары қосымшалар мән шылаулардың бас позициясында бірін-бірі үнемі алмастырып отырады. Мысалы: — -бын//-пын//-мын, -мыз//-быз//-пыз, мен//бен//-пен, -ма//-ба// -па т.б.
Сөздің басқы, соңғы позицияларында бұл екі фонема көрші дыбыстардың әсерінен бірімен-бірі алмасып отырады: Ақ-пала (ақ бала), Сәтпай (сәтбай), көпполдұ (көп болды), қабы (қап-ы), қабады (қап-ады), көбжасар (көпжасар), көбеді (көп еді) т.б. Мұның үстіне п кейде у-ға айналып кетеді: тауып (тап-ып), жауып (жап-ып), теуіп (теп-іп), сеуіп (сеп-іп).
Бас оқулықтың авторы I. Кеңесбаевтың айтуынша, дауыстылар аралығында келген б дыбысы: а) б мен в-ның аралығынан айтылады»; ә) «ауызекі тілде сол дыбысқа таяу айтылады»; б) «в-ға әнтек бейімдеу айтылады» ....
Курстық жұмыстар
Толық

Алфавит, әріптер

Бір атадан туыпты жиырма тоғыз баласы,
Бірлігінде бұлардың, ешкімнің жоқ таласы,
Бірігіп жүріп іс қылар, өзің ойлап қарашы.
Жиырма тоғыз әріп

Қаздар бар жиырма тоғыз бірге туған,
Әлемнің былық басқан бетін жуған.
Қор болмайды, өмірде кем болмайды,
Туа салып анадан соны қуған.
Жиырма тоғыз әріп

Жансызға жиырма тоғыз* болдым таныс,
Тамаша бір жүйрікпен қылдым жарыс.
Жансыз тұрып, жандының себебімен,
Аяғын басады екен шәркем шалыс.
Жиырма тоғыз әріп

Жұмбақтар жауабымен
Толық