Дариға Назарбаева Нұрсұлтанқызы (1963 жыл)

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (7 мамыр 1963 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген) — қоғам және мемлекет қайраткері, саясаткер. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (2019 жылғы 20 наурыздан бастап). Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы.

Еңбек жолы және саяси мансаптары
1980—1983 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінде оқыды.
1983—1985 — С. М. Киров атындағы ҚазМУ тарих факультетінің студенті.
1985—1987 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінің тағылымгер-зерттеушісі.
1987—1990 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ аспиранты.
1992—1994 — «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті.
1994—1995 — «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті, «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры.
1995—1998 — «Хабар» Агенттігі» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.
1998—2001 — «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ президенті.
2001—2004 — «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрайымы.
19 қыркүйек 2004 - 20 маусым 2007 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің III шақырылым депутаты («Асар» Республикалық партиясының тізімі бойынша), 2005 жылдың ақпан айынан 2007 жылдың 20 маусымына дейін — «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі.
2007 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының директор
20 қаңтар 2012 - қыркүйек 2015 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылым депутаты («Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының тізімі бойынша), әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы.
3 сәуір 2014 - қыркүйек 2015 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі.
11 қыркүйек 2015 - 13 қыркүйек 2016 — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
13 қыркүйек 2016 - 20 наурыз 2019 — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитет Төрағасы.
2019 жылғы 20 наурыздан бері — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Майра Ілиясова (1956 жылы 3 мамыр)

Майра Ілиясова (1956 жылы 3 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туған) — әнші, продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1995). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Майра Ілиясова 1956 жылы 3 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуатта дүниеге келген.
1979 жылы Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжі (бұрынғы Алматы эстрадалық цирк студиясын) Қазақстанның халық артисі, профессор Бекен Жылысбаевтың классын бітірген.
1985 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет инистиуты)ның "драма актері" мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірген. Қазақстанның халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаев, Қазақ ССРнің еңбек сіңірген артисі, профессор Рахилям Машурованың классын бітірген.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Тайжан Қалмағамбетов (1878 - 1938)

Тайжан Қалмағамбетов (1878, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы - 1938, сонда) - ақын. Жезқазған, Қарағанды, Қарсақбай сияқты өндіріс ошақтарына арнау өлең-жыр шығарған.

1916 жыл ы ұлт - азаттық козғалысқа үн қосып , Амангелді сарбаздарын жырлады. Қазан төңкерісінен кейін жаңа кұрылысқа , Жезқазған , Қарағаңды , Қарсақбай сияқты өңдіріс ошақтарына өлең, жыр арнады. 1926 жылы Шеген, 1930 - 36 жылдары Болман, Иманжан тәрізді Арқаның белгілі ақындарымен айтысқа түскен. А.В. Затаевичке бірнеше ән жаздырған. 1934 - 36 жылдары халық өнерпаздарының республикалық слеттеріне, 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиетімен өнерінің алғашқы онкүндігіне қатысқан. "Тайжан әні", "Ыбырайға" сияқты ән-термелері күйтабаққа жазылған. Қалмағамбетовтың көптеген әндері кезінде жазылып алынбаған. Кейбір шығармалары ақындардың жалпы жинақтарында, газет-журналдарда ("Қазақтың 1000 әні", 1925; "Пернедегі термелер", 1965) жарияланған. "Ой ағысы" өлеңдер мен айтыстарының жинағы 1984 жылы жарық көрген.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Сәуле Досжан Мағазбекқызы (1959 жылы 2 қыркүйек)

Сәуле Мағазбекқызы Досжан (1959 жылы 2 қыркүйекте Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ақтам ауылында туған) — ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер Одағының және Халықаралық жазушы әйелдер гильдиясының мүшесі.

Өмір жолы
1974 жылдан бастап аудандық және облыстық Жетісу газетіне өлеңдері мен мақалалары жарық көре бастады.
1982-1984 жылдар аралығында Социалистік Қазақстан газетінде тілші.
1987 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
1995-2000 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" газеті журналы Бас редакторының орынбасары, "Ұлағат" журналының тұңғыш редакторы.
2000-2002 жылдар аралығында Қазақ радиосында журналист.
2003-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі Аппаратында жауапты қызмет атқарған.
2018 - Әдебиет саласындағы беделді сыйлықтардың бірі «Букер»-2019 конкурсына қатысуда.
Қазіргі уақытта зейнетке шығып, шығармашылықпен айналысуда....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Серік Тұрғынбеков (1946 жылы 1 наурыз)

Серік Тұрғынбеков (1946 жылы 1 наурызда Қостанай облысы Жангелді ауданы Шақшақ Жәнібек ауылында туған) — ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты (2003). Парасат орденінің иегері (2016).

Серік Тұрғынбекұлы 1946 жылы 1 наурызда Қостанай облысы Жангелді ауданы Шақшақ Жәнібек ауылында дүниеге келген.
1964 - 67 ж. Жанкелдин ауданы "Жаңа өмір" газетінде жұмыс істеген.
1967 - 73 ж. қазақ радиосында аға редактор,
1973- 78 ж. "Лениншіл Жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінің Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.
1978- 80 ж. Халық шығармашылығы үйінде бөлім менгерушісі.
1980 -81 ж. Қазақ телевизиясында редактор қызметін атқарған.
1981 - 85 ж. Қазақстан Баспа, полиграфия, кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі болған....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Оразақын Асқар (1935 - 2019)

Оразақын Асқар (16.05.1935, ҚХР, Іле аймағы, Мүкей-Қаратас ауылы — 24.01.2019, Алматы) — ақын.

Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген. Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды.

1955 жылы ата-мекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп шығады. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген.

Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.

«Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысты.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұрлан Оразалин Мырқасымұлы (1947 жылы 13 маусым)

Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 1947 жылы 13 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Диқан ауылында дүниеге келген.
1965 жылы ол мектепті күміс медальмен бітірді.
1965 - 1970 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеті)нің филология факультетін бітірген.
1970 жылы ол еңбек жолын "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер болып істеді.
1972-1984 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды.
1984-1986 жылдарда Республикалық қуыршақ театрының директоры болды.
1986 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының I съезінде Одақ Басқармасының бірінші секретары болып сайланды.
1986 жылы өткен КСРО театр қайраткерлері Одағының I съезінде Басқарма құрамына енді.
1990 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі XII шақырылуының депутаты болды (Ұлт саясаты, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі Комитет Төрағасының орынбасары қызметін атқарды).
1991 жылдарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жоғарғы Палатасында ғылым, білім және мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары.
1993-1996 жылдар аралығында "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.
1996 жылы Қазақстан Жазушыларының XI съезінде Одақ Басқармасының Бірінші секретары болып сайланды.
2002 жылы Қазақстан жазушыларының XII съезінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып қайта сайланды.
Қазіргі Республикадағы Жазушылар Ұйымын басқарады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нияз сері Бекдәулетұлы (1818 - 1893)

Нияз сері Бекдәулетұлы (сәуір 1818, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Гүлтөбе қонысы – қараша 1893, Ресей, Түмен губерниясы Қосқарағай орманы) – ақын, сазгер.

Біржан сал ұстаз тұтқан.
Әкесі Бекдәулет егін егіп, құсбегілікпен айналысқан.
Болашақ сері әуелі ауылдағы Қожаберген-Асқан, 1824 – 30 ж. Болатынай, 1830 – 34 ж. Қызылжар медреселерінде оқып, өз ортасында білімді адам саналған.
Досы Сегіз серінің Ресей отаршыларына қарсы қақтығыстарында қолына қару алып, қайрат көрсеткен.
Күрескер ақын Ресей үкіметі тарапынан қудалауға ұшырап, 1857 жылдан кейінгі өмірін Түмен губерниясында өткізді.

Шығармашылығы
Нияз сері ел ішінде әнші, ақындығымен танылған. Оның жас кезінде шығарған....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мәди Алшынбаев (1880 - 1921)

Мәди Алшынбаев (1880 — 1921) жж. - арқалы ақын, әнші, композитор.

Өмірбаяны
1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Арғы атам — өулие еткен Ер Қазыбек, Бекболат — оның үлы болыпты бек. Тіленші — одан туған абзал шері, Қарадан хан боп туған бәрі асыл тек.

Атамыз одан кейін Алшынбайды,
Аруағынан естіген жан қалшылдайды.
Атағы Алатаудай бабаларым,
Көрдің бе осы күнде біздің жайды.
Сүрасаң Мәди еді менің атым,
Кем емес еш адамнан салтанатым.
Кешегі Бауыр-Бошан арасында,
Жаралған артық болып асыл затым,
—деп өзінің бекзадалық болмысын, Алашты билеген алыс-жақынға сөзі өткен асылдардың тұқымы екенін жария еткен. Ғазиз басы отарлықтың озбырлығына көнбеген күрескер тұлға. Болашақ сазгердің балалық шағы әсем табиғат аясында өтеді. Алғашқы өлеңдерінің тақырыбы туған жер, шетсіз де шексіз кең дала болуы кездейсоқ емес. Мәди адуынды әжесі Алшынбай атасының тоқалы Үлжанның бауырында ерке болып ержетіп өскен. Мәдиді бала кезінде әкесінің ағасы Қақабай қатты еркелеткен. Бес жасынан бастап Қожабек медресесіндегі Ысқақ ишанға оқуға береді. Ӏске қабілетті, талантты бала зерек те болып, етіне таяқ тигізбей жақсы оқыпты. Мөди есейе келе Қақабай атасына қарасты мал-мүлікті еркін жұмсай береді. Дүние үшін ағайын арасы кырбай болып, Қақабай Мөдидің жас кезінде атастырған қалыңдығынан айнып, берген малын қайтарып алады. Осылайша, өлді ағаның озбырлығына қара күшпен жауап берген Мәди қимылын малды туыстар өрескел көріп, өтірік шындықты жала жауып, істі қылып жібереді. Жергілікті жуандармен үстасқан Мәдидің батыл қимылдары мен өткір өлеңдері, асқақ әндері отаршыл озбырлардың да зәре-құтын үшырып, олар еркіндікті насихаттайтын, жаны азаттыққа құштар жеке батырды жазалауға құлшына кіріседі. Үстем тап өкілдерінің "ұры" деген жалған жаласымен Атбасар, Қарқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде болады. Малды агайынның әлімжеттігі салдарынан зәбір көріп, пұшайман болған халін:....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мағауия Құнанбаев Абайұлы (1870 - 1904)

Мағауия Абайұлы Құнанбаев (1870-1904)- ақын.

Өмірбаяны
Мағауия Абайұлы Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское училищесіне орысша мектепке оқуға түсіреді, бірақ Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, ауылға қайтады. Осыдан кейін де әкесінің қасында жүріп, өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында Абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды.

Өмірінің соңы
Небәрі 34 жыл жасаған Мағауия шағын ғұмырында қазақ әдебиетіне мұра боларлық тамаша туындылар тастап кетті. 1904 жылы 14 мамырда қайтыс болған Мағауия Ақшоқы мекеніндегі Құнанбай бейітіне жерленді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық