Иә, әрине,ұстаз ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Ұстаз болу әрі бақыт, әрі абырой. Осы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шәкірттерінің жүрегіне асыл қасиеттерін ұялатып, өн бойына ұстазға тән салмақтылық пен мәдениеттілікті сыйғыза білген жандарды халқымыз әрқашанда ерекше құрмет тұтқан.
Жаһандану заманында өркениет көшінен қалмау үшін білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу маңызды. Ұстаз тәлімінен нәр алып сусындаған шәкірттің жетістікке қол жеткізуі – біздің қоғам үшін ең басты рухани құндылыққа апараы сөзсіз. Біліммен қаруланған тұлға қоғамды дамытуға өз үлесін қосатыны белгілі. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі......
Еліміз тәуелсіздік тәжін кигеннен бері көптеген қазақ тілшілері латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан бастап бастау алғаны баршамызға тайға таңба басқандай белгілі. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 12 сәуірдегі Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласында еліміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында нақты атқаратын мақсат-міндеттерді айқындап, бірнеше жоба ұсынды. Солардың бірі қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары болып табылады. Бұл мәселе жөнінде Елбасы 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз қажет деген болатын.
Н.Ә.Назарбаев өз мақаласында:
латыншаға көшудің тиімділігі қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты сонымен қатар, мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек .....
Бір пайғамбар атақты, Өнерін жұртқа жайыпты. Көзімнен бұл-бұл ғайыпты. Бір пайғамбар Нүсіпті, Қолымнан сұңқар ұшыпты. Иманды болғыр, бауырым, Қараңғы көрге түсіпті. Биссимилла сөздің анасы, Құранның отыз парасы. Алла керек қылған соң, Пенденің болмас шарасы. Ағузыбилла биссимилла, Айтайын, жұртым, сөз тыңда, Аяулы қайран бауырым Келмейді-ау енді қасыма. Биссимилла деп бастайын, Асығыс айтып саспайын. ....
Ай, Ысмайыл мырза! Күншілік жерден көрінген, Дарақ едің таудағы. Барша халыққа паналы. Бас бұтағы екі алма, Біреуі жерге түсіпті, Тікенсіз ажал шамалы. Ахыретте қауышар, Балаңның раушан жамалы. Қызметіне кетті атаның, О да қылған құдайға ....
Ұлы Отан Соғысы ... Кімге де болса қиыншылық көрсеткен сұрапыл жылдар. Ел басына күн туғанда, етегімен су кешкен есіл ерлерде шек жоқ. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады. Бауыржан Момышұлы, Нұркен Әбдіров, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова т.б қазақ батырлары өлшеусіз үлес қосты. Осындай ерлік көрсеткен ұлы тұлғаның бірі- Мәлік Ғабдуллин. Ол 1915 жылы 15 қарашада Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келген. 14 жасынан бастап атақты Сәбит Мұқановтың тәрбиесін алады. Қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ҒА-ның академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1941-1945 жылдары Кеңес әскерінің генерал Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан Соғысына қатысты. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. 1941 жылы ел басына күн туып Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады. Соғыс кезінде қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға қамқоршы аға болады....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан Сабақ тақырыбы: «Оғызнама» жыры қандай мәлімет береді? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси процестерді түсіндіру Сабақ мақсаттары: Оғыз мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатын түсінеді.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері 4-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау 6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау Сабақ мақсаттары: • көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау • көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау 6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау Сабақ мақсаттары: • көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау • көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау.