Балабақшаға 8 наурызға тақпақтар

Құрметті оқырмандар, осы мақалада халықаралық әйелдер күніне арналған 8 наурыз, аналар туралы тақпақтар жинағы жарияланды! Балабақшада балалар оқуға арналған тақпақтар. 8 наурыз мерекесі құтты болсын!

Тақпақтар
Толық

8 наурыз туралы суреттер. Әйелдер күніне арналған құттықтау суреттер

Құрметті қыздар мен әйелдер мерекесімен zharar.com сайты құттықтайды. 8 наурызға арналған құттықтаулар мен тілектер жарияланды. Өзіңіздің сүйіктілеріңізді және қыздарыңызды әдемі суреттермен құттықтаңыз!

Суреттер
Толық

8 наурыз: құттықтау, тілектер

8 Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Мен көктемгі көңіл-күйді тілеймін, жан әрқашан ашық және қуанышты болсын. Мен әрдайым күлімсіреуді тілеймін, өмір сыйлықтарға жомарт болсын. Жылдың әйелдер күнінде қарапайым әйел бақыты мен денсаулық тілеймін.

Құттықтау, тілектер
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі)

Сценарий тақырыбы: «Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі»
Әйелдің табиғи сұлулығы ешқашан өзгермейтіні белгілі, бірақ біздің заманымыздың қыздары өзінің сұлулығымен бірге жан сұлулығын және тән сұлулығын сақтауы тиіс. Өз мамандығын құрметтеу, эстетикалық сезімін ұғындырып, жетілдіру.

Кеш барысы:
Ән - орындайтын Жанболат.
Жүргізуші: «Гүл өссе - жердің көркі Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!

Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Балабақша | 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар!
1-бала: Армысыздар мейірімді әжелер!
2-бала: Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аналар, барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!
1-бала: Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Құрбы қыздарға (8 наурыз)

 Көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келетін 8 наурыз мерекең құтты болсын. Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек саған арналсын. Жаныңа жылылық, жүрегіңе ұлылық берсін. Әмәнда аман-сау, көңілді болғайсың.
Қыз күніңнің қызғалдағы болғайсың,
Жүз ғұмырдың ізгі арманы болғайсың.
Бар қазаққа биік тұмар.... 

Құттықтау, тілектер
Толық

Аяулы менің анашым (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні)

Тәрбие сағат тақырыбы: Аяулы менің анашым
Түрі: ауызша журнал
Тәрбие сағат мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Тәрбие сағат көрнекілігі: гүлмен безендірілген сахна, нақыл сөздер, бүктеме, үнтаспа, т. б.
Тәрбие сағаттар
Толық

Өнерлі қыз, өнегелі ана (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні)

Ашық сабақ тақырыбы: «Өнерлі қыз, өнегелі ана»
Ашық сабақ мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.
Ашық сабақтар
Толық