Еврейді құтқарған қазақтар

Екi қазақ жолда келе жатып құдыққа түсiп кеткен еврейдiң баласын құтқарып алады.

Ертесiнде екеуiнiң үйiне баланың әкесi келiп:

– Кеше менiң баламды құдықтан шығарып алған сiздер ме?
– Иә, иә, бiз құтқарып....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Жаңа жыл құттықтау мен тілек (смс, әзілді, досыма, сүйіктіме)

Жаңа Жыл жомарттығын жасасын! Бақытын саған себелесін, жұлдызыңды жарық етіп, бар армандарыңды орындасын!

Саған тілер басты тілегім — армандарың орындалсын! Өйткені адам арманына жетсе ғана, бақытты! Жаңа жылыңмен!

Құттықтау, тілектер
Толық

Осырып қойған шал

Баяғыда жұрттын алдында бір молда осырып койып, ел ішінде әңгіме болып кеткен соң ауылдан көшіп кетіпті. Содан он жыл өтеді. Бір күні молда кемпіріне "Ауылдан кеткелі 10 жылдан асты, елді, жұртты сағындым. Туған жерге барып аунап кайтайын" деп ауылына кетеді. Келсе, ауылдың шетінде он шақты кішкентай балалар ойнап жүр. Шал біреуіне жақындап келіп......
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Әзілді смстер: Ең қызықты 20 смс

 WhatsApp-тан келген әзілді ең қызықты смстер. "Сөз тапқанға қолқа жоқ" деп осындайда айтса керек. Aрнайы сіздер үшін ең қызықты 10 хабарламаны жинақталды.

Анекдоттар мен әзілдер

Новость отредактировал: ZHARAR - 18.11.2020
Причина: Әзілді смстер қосылды

Толық

Агата Кристи | Жұмбақ әзіл


Джейн Хелиер таныстыруын аяқтай келіп: «Ал мына кісі... Мисс Марпл болады!» — деді.

Актрисаның аты актриса емес пе, ол көкейіндегісін көздеген жеріне тигізіп, сөзінің соңын көтеріңкі, салтанатты дауыспен аяқтады. Шындығында үнінде толқу мен салтанатты шаттық бар еді.

Өкінішке орай, соншама жар салып, ауыз толтыра мақтағаны нәзік келген қарапайым, жасы егде тартқан кәрі қыз болып шықты.

Джейн арқылы әлгінде ғана жаңағы әйелмен танысқан қыз бен жігіттің көздерінен көңілдері толмаған қомсыну мен толқу сезіледі. Екеуі де келбетті. Қыз, Чармиан Страунд, қараторының мүсіндісі де, жігіті, Эдвард Росситер, ақ сары шашты, жылы шырайлы еңгезердей жас екен.

Чармиан ентігін баса алмай: «Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын»,— деді. Бірақ көзінен күдік байқалады. Ол Джейн Хелиерге мұның қалай дегендей бір қарай қойды.

— Қымбаттым-ау,— деді Джейн әлгіге жауап ретінде,— бұл өте тамаша кісі, бәрін сол кісіге сеніп тапсыp. Осы жерге алып келемін деп едім ғой саған, айтқанымды орындадым. Енді ол Мисс Марплға бұрылып: «Бұлардың. шаруасын реттейсіз, оны білемін. Бұл сізге түкке де тұрмайды»,— деді.

Мисс Марпл жайдары көкшіл көзін Росситерге қадап: «Қандай шаруа еді? Құлағым сізде»,— деді.

— Джейн біздің досымыз,— деп Чармиан шыдамсыздана әңгімеге кірісіп кетті.— Эдвард екеуміз тұйыққа тіреліп қалдық. Джейн «қонаққа келсеңдер бір кісімен таныстырамын, ол кісі... былай... деген соң...» .....
Әңгімелер
Толық

Әзілхан Нұршайықов | Ақиқат пен аңыз

БІРІНШІ ДИАЛОГ

I

Алматы жазда да, күзде де әсем ғой, шіркін! Сентябрьдың аяқ кезі болса да, астана ыстық, шуақ, жылы нұрға бөгіп тұр. Бірақ ауа райының хабаршылары бүгін жиырма бес градус ыстық болады деп айтқанымен, жаз жиырма бесі мен күз жиырма бесінің жалыны бірдей болмайды екен. Жаздың мұндай күндерінде шолақ жең көйлек киген көше жаяулары жандарына сая таппай дедектейтін еді. Қазір де көйлекшеңдер көп кездескенімен, бірсыпыра жұрт иықтарына костюм іліпті, бәрі де аяқтарын асықпай басатын болыпты.

Күн әлі де едәуір ыстық болғанымен, сары күздің келгенін сары ала жапырақтар айқын аңғартқандай еді. Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ Фурманов көшесімен жоғары қарай өрлеп бара жатқан менің алдыма келіп түсті.

Комсомол көшесінің қиылысындағы «Ювелирторг» магазинінен өткеннен кейін, үйлердің номеріне көз сала бастадым. Өйткені менің іздеп келе жатқан үйім осы тұста болуға тиіс. Білетін адамдар маған магазиннен өтісімен-ақ оң жағыңа қарай бер деп түсіндірген. Расында да лезде-ақ мен бұрышында төрткіл көк қаңылтырға ақ сырмен 117 деп бадырайта жазылған номері бар үш қабат үйдің қасына келдім.

Үйдің осы номеріне көзім түскен сәтте жүрегім сәл шым ете қалып, өн бойымды әлде бір жеңіл діріл аралап өткендей болды. Ол бірте-бірте ұмытылыңқырап бара жатқан ескі сезім еді. Ұлы Отан соғысында жүрген кезімізде, шабуылға шығар алдында дәл осындай болып, көңіл қобалжыңқырайтын да, артынан дайындық басталғаннан кейін, дененің дірілі басылып, қорыққаның, қобалжығаның ұмыт боп кететін.

.....
Әңгімелер
Толық

Тарттық Жезқазғанға депті!

Бір күні бір атамыз Қарағандыдан--> Жезқазғанға қайтпақшы болып трассаға машина тоқтатуға шығыпты! Бір кезде қара мерседес келіп тоқтайды! Ішінде жас бала:
-Ата қайда барасыз?
-Жезқазған шаһарына! Балам ала кетесіңбе?
-Отырыңыз ата! Ата машинаға отырған соң, аузына насыбай салып алып Нұртайға келгенде оятшы балам деп.....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Кеттік, Саша!

Бастығы жаңа жүргізушісімен танысып жатыр!
- Фамиляң қандай?
- Атым Саша!
- Мен өз адамдарымды фамилясымен атап үиренип қалғанмын фамилян кім?
- Мені фамиляммен атау сізге ыңғайсыз.....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Аурухана ашқан қазақ

Бір күні қазақ аурухана ашыпты. Ол ашқаннан кейін айтады:
- Мен барлық ауруды емдеймін, бағасы 5000 теңге, егер емдей алмасам мен саған 10 000 теңге беремін дейді. Ертеңіне орыс үйінде отырып ойлайды, мен бос жатпай ақша табайын дейді де......
Анекдоттар мен әзілдер
Толық