Әбіш Кекілбайұлы (1939)

Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.
1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әбіш Кекілбаев | Автомобиль

Сен ылғи шалғай қиырларға, алыс сапaрларға аттанушы ең. Сондай бір айлап-жылдап жүретін ұзақ рейстен әлі оралмай қойғаның.

Сен біздің ауылда бұрын-соңды ешкім ата кәсіп ете қоймаған жаңа өнерге бірінші боп бет бұрғандардың бірі едің - Құландар жортқан құба түзге талай-талай соны соқпақты өзің салдың. Талайларды алыс жолдарға, сәт сапарларға өзің аттандырдың. Міні әлі күнге ұлығат шеруден қалдырмай ілестіріп келе жатқан осы сапарыма арқамнан қағып, аттандырып салған өзің едің.. Сол сапар ақым, досқарызым өтелген жоқ, енді өтелмекші де емес...

Сенің атың Қобылан еді. О баста Қобыландыдай батыр болсын деп қойылған шығар.Сенің өн бойыңда, шынында да батырларға тән молдық, ерлік бар еді. Сол дархан молдығың мен кеңдігіңнен де бейбіт заманда бейуақ, опат болдың. Ақ түтек боранда бала кезден бауыр басқан рулін ғана басыңды сүйеді.

Өзіңді енді қайтып көрмес, құшақтаспас мәңгілік ғайыпқа қимайтын өз көңіліме жұбаныш болсын деп жазылғам өзің мен әріптес достарыңның сонау ақ желең жинақтары туралы осынау шағын хикаяны аяулы аға, дос, Қобылан, шофер Қобылан Зоранов, саған бағыштадым.

Aвтор.



Это как выпущенный бег, знающий свой путь...

Ригведа, Гимн Варуне

Мы живем впервые...

Юрий Олеша.

I

Орталық түгілі көрші қойшы ауылдардың өзіне артық аяқ бастырмайтын Көксұр Елеместі сол күні қандай түлен түрткеніне Жақан көпке дейін түсіне алмай қойды.

.....
Әңгімелер
Толық

Әбіш Кекілбаев | Бәйгеторы

Бәйгеторы Сейісті бірден таныды. Сейіс бірақ осы ауылдың бота-тайлағына таланып, жал мен құйрықтан атымен ада боп сүңкі кеткен бұны қапелімде тани алмай қалды. Жалтыр сауыры көк масатыдай күлің-күлің еткен көк ала дөненді көлеңдетіп ортадағы ақ үйге барып түсті. Сосын баяғы әдетінше, тұсап жатып, атының тірсегін, шашасын, тұяғын түгел тінтіп қарап шықты. Көлеңкеде қарш-қарш шыбын қағып жатқан қара ала төбетті қуып жіберді.

Арса-арса қабырғасындағы қатпар жарасына тиісіп, қара ала төбетті діңкелеткен көк шыбын енді көк ала дөненнің мазасын алар деп сескенді. Асыққа таласып қызыл шеке болып жүрген екі баланы да: «Қасына бармаңдар, асау, теуіп кетеді», — деп қорқытып қойды. Ақ үйге сосын барып кірді. Жаулығының ұшын толарсағына жеткізіп, шұбата тартқан ақ үйдің әйелі қолына қара шәйнек ұстап, жерошақ басына беттеді. Бәйгеторы Сейістің шамалы уақытта шыға қоймасын білді.

Жерге басын салып еді, жаншылып қалған кесірткедей жер бауырлаған тарамыс жусан арасы сиреп селдіреп қалған тісіне ілікпеді; өзінін бір түрлі көңірсіген сілті иісі бар екен. Бәйгеторы басын көтеріп алды. Екі көзінің арасында ұшып-қонып жүрген сары пәлені көрді, мүкіс тартқан құлағы ызыңын да естімепті. Басын шұлғыса, ту сыртына барып қонады. Өне бойын дір-дір шіміріктіріп, тызылдатып шағады. Құйрығын бұлғап еді, бар қылынан айырылған бір тұтам қылта ауада ербеңдеп қалды. Одан бөгелек қайдан үріксін? Бәйгеторы шыдай алмай шапшып көрді. Шапшығанда да қайда барарын білмеді. Ауылдың желкесіндегі машинамен су әкеліп құятын тоғанның қасына барса, темір астаудан опыр-топыр су ішіп жатқан қозы-лақ бұған бәрібір жол бермейді, осы ауылдың бар бота-тайлағы да со маңда жүр. Боталары мен қозы-лағына су жеткізе алмай жаны күйіп жүрген қатындардың қақ маңдайдан салып қалуы да мүмкін. Әне бір екі-үш бөшкені қалқалап қойған тақтай күркенің көлеңкесіне барып тұрар еді, құжынаған көк шыбынын шұбыртып қара ала төбет жатып алыпты. .....
Әңгімелер
Толық

Әбіш Кекілбаев | Бәсеке

I

Қыз өссе қырсық көбейеді деген рас екен. Әйтпесе, тап бүгінде Балпан байдың мұрты қисаятын жөні бар ма?! Құла сағым көп жылқының алды суды Шіліктіден ішкенде, арты сонау алты көштік Тасқайнарға жаңа құлап, аспан астын ақ шаң қылып жатысы анау. Қойдың саны қазір қаншаға жеткенінен өзі де бейхабар. Әйтеуір, жабағы жүн қырыққанда саудагер Шүрен күніне он арбадан қалаға жөнелтіп тұрып, жарты ай дегенде зорға тауысты. Көшен ақын Балпан байдың көшкен жұртында әр бұтаның түбінде бір-бір түйе ұмыт қалады деп жырлап жүр.

Құдайға шүкір, әкімдермен де қабағы оң: ауыздарын майлап-майлап қысы-жазы бірдей қапырық ұзын қапыдан құтылып, мынау жарыса аққан екі өзеннің алқабын түгел бір өзіне қаратты. Басына қыстайды, аяғына жайлайды, екі ортадағы елу көштік ен дала мұның өрісі. Осы анада жаз басында ғана соғып кеткен ақ патшаның ұлығы астындағы көк арбаның тертесін жерге кіргізіп жіберетіндей маңғазданып келіп еді, қоңыр марқалардың зауза айындағы туырылған уыз еті мен жарықтық қымыздың жібітпейтін пейілі бар ма! Әлгі сабазың кетерінде бұны қалыңдығынан бетер аймалап, қайта-қайта құшып зорға қоштасты. Балпекеңнің де білмейтінін ит жесін — ұлықты шығарып салыңдар деп артына алты жігіт ертіп, елдің шетінен екі жүз ісекті айдап апарып, қалтасына ақша қып салып беріңдер деді. Баласын үй ішіне қант-шай әкел деп қалаға жұмсап, екі арбаны аузы-мұрнына шыққанша өңештен өтетіндердің ең бір жылы-жұмсағынан сықады. Ол ұлық үйіне Шіліктің бойынан қызырға жолыққандай қызара бөртіп, асып-тасып барғанда бәйбішесінің алдынан марқаның ақ уыз құйрығын асып отырғанын көреді. Сосын ол көкесінің атын ұмытса ұмытар, тап Балпанды ұмыта алмас. Бұдан былай о бәлемнің қарыны шұрқ .....
Әңгімелер
Толық

Әбіш Кекілбаев | Бір шоқ жиде

Не все ли равно, про кого говорить? Заслуживает этого каждый из живших на земле

И. А. Бунин.

I

Жиде сайғақ шаншылған қызыл төмпектің құбыла бетіне ши барқыт бешпент-шалбары бар имек мұрын тарамыс шал жер тізерлей жүгініпті. Түсініксіз арабы сөздерді сағыздай созып күңірене әндетеді. Басындағы күн жеп тастаған мауыты қалпақтың оң самайынан жылтырап көрініп тұрған ақ атлас астарынан «Люкс» деген ирек жазу сығалайды.

Кеңірдектен шыққан қоңыр мақам кенет баяулап, тісі түскен кәрі кісінің ысылы көп шүлжің әңгімесіне ұласты. Қос тізеге жарыса құлаған салалы саусақтар көкке көтерілді. Сосын бір шөкім ғана сопақша бет-ауызды салғырт сипап өтті. Имек мұрын қара шал жылан көздене жылтырайтын қағанақ көзілдіріктің ар жағында манадан бері етпеттей сұлап жатқан селдір кірпіктерін кілт тікірейтіп жұрт жүзіне үңілді.

— Халайық, Сұрапалдыұғлы Тілеу қандай адам еді?

Қызыл төмпектің аяқ жағында мырс-мырс жылап отырған күлте сақал кісі:

— Жақсы адам!— деп тұншыға кемсеңдеді.

Аядай зираттың бір пұшпағындағы кішкене шоғыр жарыса тіл қатты. .....
Әңгімелер
Толық

Әбіш Кекілбайұлы (1939)

Осыдан жиырма жылдай бұрын, қазақ әдебиетінің ұлы көшіне біраз даңғаза – дабырмен жамырай келіп қосылған бір топ талантты замандастар ортасынан бұйра бас, қара торы, өңді өспірім жігіт бірден жұрттың назарын аударған еді. Асықпай, айшықтап шешен сөйлейтін, барынша білімдар жігіттің биязы мінезі дәлелді пікірлеріне.....
Рефераттар
Толық