Мәңгілік алау әрдайым!

Жау кеп қалды қаңға ділгір
Жапан түзде жортқан аңдай!
Кернеп кетті салдыр – күлдір
Кәрі дүние қақты таңдай.
Д.Әбілев
Адамзат тарихында болған барлық шайқастардан асып түсетін шайқастың аяқталғанына биыл жетпіс бір жыл болып қалды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап – ақ, Кеңес жауынгерлерінің қатарын біздің ұлан – байтақ елімізде тұратын ұлттар құрап, Отанымызды қорғауға бар күштерін салды. Сондықтан бұл соғыс – Ұлы Отан соғысы деп аталды. Отанын қорғаймын деп шайқастардан оралмаған, сондай-ақ өз аналарын, балаларын, қарттарын көре алмай соғыс алаңында қалғандардың саны шексіз:
Текке өлмедік, жерге тек көмілмедік,
Қып-қызыл қан бекерге төгілмеді,
Біз де өлтірдік қырқысқан жауымызды.....
Шығармалар
Толық

Әкедей кең құшақ

Айналайын асқартаудай әкешім,
Ата орнына әке болған көкешім.
Өзіңізді құттықтап осы күнде
Жыр бастадым сізге арнап көкешім

Төрт жыл бұрын карап ең сенімменен,
Не жазам деп ойландым күніменен.
Соткадағы черновикті....
Өлеңдер
Толық

Табиғат адамдардың қателігін әрдайым көтере бермейді

Қазіргі таңда азаматты ерекше алаңдататын мәселердің бірі - қоршаған табиғи ортаның бүгінгі жай-күйі. Табиғат - тіршілік атаулының анасы, адамның өмір сүруінің бірден-бір көзі. Табиғаттың барлық құрамдас бөліктері бір-бірімен өте тығыз байланысты, өзара тәуелді. Даму ырғағы бір-бірімен үйлесімді байланысты болғанда ғана табиғат заңдылығы бұзылмайды.
Адам табиғи қорларды - тағам, құрылыс материялдарын шаруашылықты игеру мақсатында пайдаланады. Мұның бәрі табиғаттың даму ырғағын өзгертпей қоймайды. Бүгінгі таңда өндірістің қарқындап дамуы тек табиғи қорлардың сарқылуын ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның шектен тыс ластану мәселесін де туғызып отыр. Өндірістен шығатын керексіз заттармен ең алдымен - ауа, су қоймалары, топырақ ластанады. Өндіріс қалдықтары топырақты құнарсыздандырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жағымсыз әсер етеді. Өндірісті өз мүддесі үшін дамытқан озық ойлы адамзат табиғаттан пайдалы затты алады да, оған зиянды қалдықтарын тастайды. Жиырмасыншы ғасырға дейін адам баласының табиғатқа келтірген залалы Жер шарының әр түпкірінде әрқалай болып келсе, қазір бұл әсер бүкіл ғаламшарды қамтып отыр. Сондықтан да табиғат-анаға перзенттік сүйіспеншілік пен мейірім, қамқорлық көрсету - адамзаттың ұлы парызы. Табиғатқа аялы қамқорлық қажет. Сонда ғана ол адамзаттың тіршілігі үшін ғана емес, ұдайы гүлденуінің де кепілі бола алады.
Табиғатпен қарым-қатынаста адамдар белгілі бір үйлесімділікті берік сақтауы тиіс. Табиғаттың да өз даму заңдылықтары бар, оған нұқсан келмеуі керек. Әйтпесе, табиғат өте қатал. Ол адамдардың тәкаппарлығын, қателіктерін әрдайым көтере бермейді. ....
Рефераттар
Толық

Әрдайым сымбатты көрініп денсаулығым мықты болсын десеңіз ас мәзіріңізге пайдалы 12 тағамды енгізіңіз

1. Сүт

Адамзат баласы дүниеге келген кезде әуелі ана сүтін қорек етеді. Ана сүті өмірге келген жас сәбидің дамып, өсуіне ықпал етеді. Себебі, оның құрамында балаға қажетті элементтер бар.

Жас сәбиге сүт қаншалықты қажет болса, үлкен адамдарға да соншалықты қажет. Сүт құрамындағы ақуыз тырнақ, шаш өсімін жақсартып, сүйектердің қатайып, мықты болуына әсер етеді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, күнделікті майлылығы төмен сүт өнімдерін пайдалану ас қорыту жүйесін жақсартады.......
Кеңестер
Толық

Әрдайым әдемі көрінгіңіз келсе

✅ Қандай қыз болса да өзінің сұлу, мінсіз, әдемі көрінгенін қалайды. Алайда ол үшін әрдайым салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану керектігін көбісі біле бермейді. Сондықтан біз сіздердің назарларыңызға сұлу болудың сырларын ұсынғымыз келіп отыр. Егер бұл қағидаларды жаныңызға серік етсеңіз, керемет нәтижелерге жетеріңіз анық.

✅ 1. Ең алдымен өзіңізді психологиялық тұрғыда дайындаңыз. Өз-өзіңіздің жалқаулығыңызды жеңе біліп, ерте тұрып жаттығу жасап, артық салмақтан арылуға ұмтылыңыз.

✅ 2. Тамақтанып болған соң ешқандай сусын ішудің қажеті жоқ. Себебі ол сіздің ішіңіздің созылып кетуіне себепші болады. Тамақтан кейін шамамен 1 сағаттай шыдай тұрыңыз, сосын іше берсеңіз болады.......
Кеңестер
Толық

Ішектің қалыпты қызметі үшін қажет 10 ереже

Ішек құрылысы адам үшін ең маңызды ағазалардың бірі болып табылады. Оның саулығы адам денсаулығының саулығын білдіреді. Сондықтан төмендегі ішек құрылысы әрдайым қызметі оң болу.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Жазда ақша табудың оңай және қызықты 25 әдісі

Сабақ, емтихан мен ҰБТ артта қалды, біраз демалдың, ал енді жазғы демалысты пайдаланып, біраз қаражат жасап алатын уақыт келді. Арнайы сен үшін оңай және қызықты жұмыстарды топтастырдық. Өзіңе лайықтысың таңдап, алға бас! Құнды тәжірибе мен сәнді киімдер, қыдыруға біраз ақша жинақтап ал.

1. Репетитор

Егер мектепте үздік оқысаң, немесе бастауыш сыныптың бір сабағын жақсы меңгергенмін деп ойласаң, репетитор болу мүмкіндігің жоғары! Сурет салу, ән-күй және ӨҚН деген сабақтар...
kz
Толық

Кедергілермен қалай күресу керек?

Кейде өмір кедергілер арқылы жүгіруге ұқсап кетеді – бірақ трамплиндер мен бағаналардың орнына бас тарту, сәтсіздіктер мен түңілулерден өту талап етіледі. Соңына дейін жете алмай, артқа шегініп, дистанциядан шығып қалмас үшін кішкентай ерке қыз сияқты емес, ересек адам сияқты өмірдегі барлық қиындықтарды жеңіп.....
kz
Толық