Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем, Барғанда маған ылғи гүл беруші ең. Жалт етіп жай отындай көкжиектен Әттең-ай, маған енді бір көрінсең! Кетер ем бұлтпен бірге араласып, Көрер ем найзағаймен жағаласып. .....
Біріккен кәсіпорын дегеніміз екі немесе одан да көп тараптардың бір экономикалық ұйымға біріккен шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады және олар бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Олардың еліміздің нарықтық экономика жағдайында алатын орны ерекше. Себебі қазіргі таңда елімізде біріккен кәсіпорындар, әсіресе шетел кәсіпорындары өз қызметін жүзеге асыруда. Оны біз 2004 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша дәлелдей аламыз. Мұнда Республикамызда Ресей, Түркия, Герман, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Иран, Оңтүстік Корей және сол сияқты өзге де 81 ел арқылы құрылған 1388 шетел және біріккен кәсіпорындар болды. Сондықтан осы көрсеткіштерге сүйене келе, біріккен кәсіпорындардың еліміздегі ескеріпғ, дипломдық жұмысымды «Біріккен кәсіпорынның есеп ерекшелігі мен аудиті» деп алдым. Себебі бірлескен кәсіпорындар еліміздің экономикасына жыл сайын елеулі өзгерістер енгізіп, қазіргі таңда өзекті болып отыр. Бұл дипломдық жұмысымды жазу мақсатым біріккен кәсіпорындарыдың бухгалтерлік есеп ерекшеліктерінің Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» заңдылығына, ал аудиторлық тексерудің Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңдылығына сәйкес дұрыс жүргізілуін, өзге шаруашылық жүргізуші субъектілерден ерекшелігін, елімізде елетын орнын көрсету болып табылады. ....
Этнопедагогика — этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы. Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен үлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді. Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму зандылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық "адамшылық табиғаттың" адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады. Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жөні сөз болған жекелеген авторлар /Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б/ еңбектерінде әдет- ғұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім-тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, өзіндік салт-дәстүрі бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы /М.И.Стельмахович, И.С.Кон/ аса құптарлық жайлар. Этнопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның алдында шешілуі ең алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр. Бұларды төмендегідей тақырыптармен белгілеуге болады: мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік тәжірибесі берілісін қамтамасыз етудегі ролі; жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі құралы ретінде; халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде; халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі ролі; балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері; дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының, ана мектебінің және педагогиканың көрнекті жетістіктері ретінде. ....
Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышанына (белгісіне) байланысты топтастырылады (1-ші кесте). 1-ші кесте. Энергетикалық ресурстардың топтастырылуы Бастапқы қоры Екінші қоры Сарқылатын (көмір, мұнай, тақтатас, табиғи газ, жанғыш заттар) Сарқылмайтын немесе қайтадан орнына келетін (ағаш, гидроэнергия, жел және күн энергиясы, геотермальдық энергия, жертезек, термоядерлық энергия) Көмірді іріктегенде және байытқанда шыққан қосымша өнімдер; гудрон, мазут және мұнай өңдегенде шыққан қалдық өнімдер; ағаш дайындағанда шыққан жаңқалар, тамырлар, бұталар.
Жанғыш газдар (домна, кокс); тастанды газдардың жылуы; салқындату жүйесінен шыққан ыстық су; күш беретін тастанды буы
Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұнай ресурстары мен гидроэнергия негізінде дамып келе жатқан Азия, Африка және Латын Америка елдерінде. Жер қойнауындағы отын қоры болып, көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. тонна (шартты отын түрінде), оның ішінде 50% (6 трлн. т) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд.тонна....
Эмбриология (грекше embryon-ұрық,logos-ілім) -ұрықтың даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым,Сүтқоректілер мен адамның эмбриональдық дамуын зерттеу, бұлардағы жалпы ұқсастықтарды байқауға,сонымен қатар адам ұрығының даму ерекшеліктерін анықтауға жол ашады.Ұрықтану,бөлшектену,имплантация,гаструляция процестерін,сондай-ақ планцентаның,ұрықтың тыс мүшелердің және ұрықтың ішкі мүшелерінің даму ерекшеліктерін білудің медицинада маңызы зор.Бұл жүктіліктің барысы мен ұрықтың дамуымен қатар жүретін биологиялық құбылыстардың бүкіл циклдерін ұғынуға және баға беруге мүмкіндік туғызады.Акушерлік және гинекология саласында жүкті әйелдерді тиімді бақылау,оларды босандыру,көптеген емдеу және профилактикалық шараларды жүзеге асыру эмбриологиядан терең білім ала алмаса,мүмкін емес.Эмбриология – биология ғылымының бір саласы.Баласын ішінен тірідей туатындарды ұрықтану кезеңінен бастап туу мерзіміне дейін,а жұмыртқадағы ұрықтың дамып,жарып шығуына дейінгі мезгілді зертейтін ғылым.Ұрықтың дамуын – эмбриогенез дейді.Ол онтогенездің алғашқы кезеңі.Жалпы эмбриология жануарлардың жалпы даму негіздерінің сатыларын зерттесе,ал жеке эмбриология – жануарлардың жеке түрлерінің дамуын зерттейді.Жеке эмбриологияның негізгі бөлігінің бірі- адам эмбриалогиясы.Жаңа организм үнемі жетілген өзіне ұксас жаннан паида болады,яғни сол түрге тән алдынғы ұрпақты ата-анадан дамиды.Жоғарғы типті жануарлар жыныстық жолмен көбейеді,олардың жыныс жасушалары жоғары дамыған.Ұрықтану процесінен соң зигота күрделі даму процессінен өтеді,бір жасушалы ұрық көп жасушалы ұрыққа айналады. Медициналық эмбриология адам ұрығының даму заңдылыктарын зертеиді.Гисталогиялық эмбриология бөлімінде тіндердің дамуы мен шығутегіне,ана-плацента-ұрық жүиесінің метобалистік және функциональдық ерекшеліктеріне баса назар аударылған ,себебі қалыпты жағдайдан ауытқу себептерін анықтауға мүмкіндік береді және медицина практикасында маңызды рол атқарады. Адам эмбриологиясын білу барлық дәрігерлерге,әсіресе акушерлік салада істейтіндерге аса қажет.Себебі бүл ана-ұрық жүйесі бұзылғанда диагноз қоюға,туа біткен кемтарлық пен балалардын туғаннан кейін ауру себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде адам эмбралогиясы жөніндегі білім- бедеулікті жою, «пробиркалық» балалардың туу себептерін анықтау және фетальдық мүшелерді трансплантациялау,ұрықтандырмайтын құралдар жасау және оны қолдану үшін пайдаланылады. Атап айтқанда,аналық жасушаларды егу, экстракорпоральдық ұрықтандыру және ұрықты жатырға қондыру проблемалары өзекті мәселелер болып отыр.....
Термодинамикалық тепе-тең күйде тұрған донорлық жартылай өткізгішті қарастырамыз. Жылулық генерациялану нәтижесінде донорлық қоспаның электрондары өткізгіштік зонаға өтеді. Жеткілікті жоғарғы температурада валенттік зонадағы электрондардың өткізгіштік зонаға өтуі басым болады. 1-суретте стрелкалармен жылулық қозудағы электрондардың ауысулары көрсетілген. Жылулық генерация нәтижесінде пайда болған және кристалл торларының термодинамикалық тепе-теңдіктегі еркін эарядтарды тасмалдаушыларын тепе-теңдік күйдегі зарядтарды тасмалдаушылар деп атайды. 1-суретте өткізгіштік зона мен валенттік зонадағы күйлердің кванттық тығыздығы f0(E), Ферми-Дирак таралу функциясы және сәйкес зоналардың шеттеріне жақын күйлерге ие болатын (штрихталған аудандар) тепе-тең күйдегі n0 электрондар мен p0 кемтіктердің концентрациялары бейнеленген. Еркін зарядты тасмалдаушылардың генерациясы мен қатар рекомбинация процессі жүреді, электрондар валенттік зонадағы еркін күйлерді иеленеді, осының нәтижесінде еркін электрон мен еркін кемтік жоғалады.....
Оқушлардың өз білімін іс жүзінде қолдана білуін дамытуда маңызды орын химиялық есептерді шығаруға беріледі. Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге бөлінеді. Көп жағдайда химиялық есептер деп сандық есептерді негізге алады. Әрине, сандық есептер оқыту процесінде өте маңызды орын алады, бұл есептермен практикалық өмірде жиі кездесеміз. Бірақ, химия курсында сапалық есептердіңде де өзіндік маңызы, ерекше орыны бар. Сапалық есептер- бұл химиялық ұғымдарға, теорияларға, заңдарға берілген есептер. Эксперимет есептерін сапа есептері деп те атайды, себебі оларда сандық мәліметтер болмаиды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Бұл есептер мұғалімге оқушылардың теориялық білімдерінің дәрежесін оңай салыстыруға мүмкіндік туғызады және оқушылардың алған білімдерін бақылап, бағалауға маңызы зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін іс жүзінде қолдана білуге, өздігінен жұмыс істей білуге, өз існе сын көзбен қарауға үйренеді. Олар химиялық құрал-жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын дамытып, нығайта түседі, оқушылардың химиядан білім сапасы мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептері шығару үстінде анық білінеді. Эксперимент есептері химиялық құбылыстарға және олардың зертханалық өндірістік тәжірибедегі жағдайларына анализ жасап, алдын ала жоспар құру үстінде дамиды. Эксперимент есептерін шығарғанда заттар және олардың қасиеттері мен химиялық реакциялар жақсы есте сақталады: заттар алу және олардың негізгі қасиеттері қайталанады: мұғалімнің түсіңдіргенің айтқандығына көзіміз жетті: формулаларды бос жаттап алғаннан гөрі ? мағынасың тусініп ұғып алуға мумкіндік туды; дәлдікпен ұқыптылыкка үйретеді Оқушылардың эксперимент есептерін шешу мумкіндігің калыптастыруда жетістіктерге қол жеткізу ушін окушылар есептерді тек жағдайлары болған кезде ғана емес букіл курсты оқыту процесінде үздіксіз шығаруы тиіс және жүйесіз емес тек қана нақтыланған біртіндеп курделенетін жуйемен шығарулары тиіс. Химиияның жаңа бағдарламасы мен оқулықтарында эксперимент есептеріне бұрынғыдан гөрі көбірек көңіл бөлінген. Оларда жеке есептер түрінде берілген ....
Қазақстан Республикасы 20 ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып, әлемдік еңбек бөлінісіне қатыса бастады. Бұл кезеңде елімізде бұрын соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер байқала бастады. Қазақстанда жүргізілген және жүріп жатқан экономикалық реформаларды объективті қажеттілік қана емес, дүниежүзілік экономикалық өркениеттің табиғи процесіне тезірек ілесу ретінде қарастырған жөн. Нарыққа өтудің жолдары әрбір елде әр кезеңде, әртүрлі тәсілдермен жүргізілгені белгілі. Өйткені, осы жолдар белгілі мемлекеттің геосаяси жағдайына, табиғи ресуртарына, халқының менталитеті және т.с.с. көптеген саналуан ерекшеліктеріне байланысты болады. Бүгінгі күні біздің еліміздегі экономикалық реформалардың басталғанына он шақты жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдары еліміз бірқатар әлеуметтік - экономикалық табыстарға қол жеткізді. Бұл табыстар минералды шикізаттық ресурстар экспорты есебінен жүзеге асырылғаны мәлім. Бір сөзбен айтқанда, шикізат - ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Тіпті, қазірдің өзінде де экономикалық өсіміміздің басты себепкері - табиғи байлығымыз екендігін мойындауымыз қажет, және де осы жерден Қазақстан экономикасының шикізатқа тәуелділік дәрежесі өте жоғары екендігін байқауға болады. Әлемдік нарықтағы шикізатқа деген бағаның жоғары болуы немесе жағымды сыртқы экономикалық конъюктура ондаған жылдарға сақтала бермейді. Жинақталған экономикалық әлеует, әрине ең алдымен минералдық - шикізаттық, ғылыми - технологиялық, дайын өнім шығару және адами дамуына алғышарттар құрайды. Экономиканы жедел түрлендірудің шектеуші факторларының ең маңыздысы: еліміздің экономикасының әртараптандырылмағандығы немесе қазіргі өндірістерді дамытудағы экономиканың шикізаттық бағытталуы болып табылады. Соңғы жылдардан экономикалық көрсеткіштер Қазақстанның өңдеуші салалық, технологиялық артта қалушылығын байқатуда, стратегиялық маңызы бар шикізаттық ресуртарымыздың елдің ұлттық байлығы ретінде тиімді қолданылмай жүр. Мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі ел экономикасының диверсификациялау, технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні экономиканың қаншалықты әртараптандырылғанымен анықталады. Осыған байланысты мен Қазақстан Республикасы экономикасының әртараптандыру дәрежесін, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп үлесін қарастырсам деймін. ....
Кез келген адам, кез келген қоғам не істегісі келсе, соны істеу беруге болмайтындай кедергілерге кездеседі. Әрқашанда адамдардың көңіл қалаулары мен сол көңіл қалауларын қанағаттандыруға қажетті ресурстар арасында айтарлықтай айырымдар болады. Алайда адамдардың тұтынушылықтарында шек жоқ, ал осы тұтынушылықты қанағаттандыруға қажетті ресурстар ( жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет) шектеулі. Осылардың бәрін ескере отырып, экономикалық теорияны біз қоғамдық ғылым деп қарастыра аламыз. Өйткені бұл ғылым шектеулі ресурстар жағдайында тұтынушылықты қанағаттандыру үшін қоғамның қалауын сипаттап әрі талдап береді. Экономика ғылымы өзінің даму барысында тарихи ұзақ жолдан өтті. Экономикалық білімнің элементтері, оның әртүрлі формалар мен шаруашылық қызметтерінің тәсілдері туралы біздің дәурімізге дейінгі IX-V ғ.ғ. Көне Қытайда, Индияда, Римде, Грецияда жекелеген оқымыстылар ( Ксенофонт, Аристотель, Конфуций және басқалар ) эпизодтық пікірлерін баяндап өткен. «Экономика» термині сонау Ежелгі Грецияда пайда болған. Ғылым атауының авторы ежелгі грек философы Ксенофонт. Термин гректің екі сөзінен тұрады: «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - заң. Яғни шаруашылықты ( үйлерді ) жүргізудің заңдары, шаруашылықты пайдалана білудің, ұлғайтудың тәсілдері. Экономика ғылымы ұланғайыр. Ол қоғамның экономикалық өмірін зерттеуді алдарына мақсат етіп қойған әртүрлі мектеп, бағыт, адамдар арқылы қалыптасқан. Және сол мектеп, бағыт, адамдардың әрқайсысы экономикалық теорияның пәні мен оның зерттеу мақсаттары туралы өз анықтамаларын беріп келген. Экономика ғылымы пәнінің даму прцесі өте қиын жолдардан өткен. Француз дворянині А. Монкретьен бұл ғылымға – саяси экономика деп жаңа атау берген. Ол өз ғылымның пәні етіп абсолютті монархтар басқарып отырған мемлекет шаруашылығын зерттеуді алған. ....
Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз – ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім. Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге слуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау. Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объетіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақ та баға динамикасын (өрісі) нақтылы фактолар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т.б. белгілейді. Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категриялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді.....