Әміре Қашаубаев (1888 - 1934)

Әміре Қашаубаев (1888, Дегелең тауының алабы, Қайнар ауылы, Абыралы ауданы, Шығыс Қазақстан облысы - 6 желтоқсан, 1934, Алматы) – атақты әнші, актер әрі музыкант.

Өмірбаяны
Орта жүздің Тарақты руынан шыққан.
12 жасқа толғанда (1900 ж.) Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады.
1921 – 24 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес - аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті.
1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды.
1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған.
1927 жылы сәуір айында арнайы шақыртумен Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті. Оның орындауындағы әндер дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс, т. б. тарапынан жоғары баға алған....
Өмірбаяндар (биография)
Толық