Танымал актер Нұрлан Әлімжан өзінің жеке өміріне қатысты ел арасында жүрген алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойып, "балаларын тастап кетті" деп айып таққандарға жауап берді деп хабарлайды nur.kz.
Әлімжанов Баянғали Тақанұлы (16.10.1954 т.ж. ) - ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі,мәдениет қайраткері, сыншы, сатирик, кинодокументалист, тележүргізуші.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Негізінен қазақ тілінде, арасында орыс тілінде де жазады. Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бейбітшілік пен өркендеу». Хоббиі - жауынгерлік өнер, бокс, шахмат ойыны, сөзжұмбақтар, судоку, кітап оқу, теледидар көру және т.б. Сүйіп оқитын әдебиеті - проза, поэзия, драматургия, кино, айтыс, жырлар, дастандар («Манас»). Өмірбаяны Әлімжанов Баянғали Тақанұлы 1954 ж. 16 қазанда Ақмола облысы (бұрынғы Көкшетау, Біржан сал ауданы) Степняк қаласында, қарапайым еңбекшілер отбасында дүниеге келген.....
Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжанов (1984 жылы 29 сәуірде ШҚО Бородулиха ауданында туған) — актер, әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2011). ҚР Мемлекеттік степендиясының иегері. Нұрлан Баянғалиұлы 1984 жылы 29 сәуірде ШҚО Бородулиха ауданында дүниеге келген. Әкесі - Баянғали Әлімжанов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Оқуды бітіргенен кейін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамына алынды. Отандық көптеген кинофильмдер мен телесериалдарға түскен. Көптеген телебағдарламалардың жүргізушісі.....