file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Әке қазасына айтылған көңіл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Келіп ем, шақырған соң Сары жаққа,
Көрмеген ағайынды танымаққа.
Қадірлі болыс қайтыс болған екен,
Әуелі дұға оқыдым аруаққа.
Бір Алла ақыретін жарылқасын,
Жалғанда жасап өтті бар уақта.
Арман жоқ, бұл кісіде деп ойлаймын,
Артында қызыр шалып бағы жатса.
Асқар тау, талды ормандай көлеңкесі,
Ойласаң келін-балаң сағынад та.
Кезіккен ақ өлімі абиырлы,
Адамға өлім де сын жаны басқа.
Уақытқа риза болу керек,
Күн бітсе қарамайды кәрі-жасқа.....
Өлеңдер
Толық