Әжем айтып еді

1. Жар қылып алар қызыңның шешесіне қарарсың. Шеше көргенді ал. Алма ағашынан алысқа түспейді.

2. Сонан соң әкесіне қара. Әке қатал, әрі мейірімді болуы керек. Билігі еркекте болған үй береке. Осыны ұмытпа.

3. Еркек балалары мен қоса әйелін де тәрбиелейді. Олардың санасына исламды құй. Дін жолын үйрет, оқыт. Аллаға жақынның адасқанын көргенім жоқ. Сондықтан осы іске жақсы көңіл бөл.

4. Алғаның басқаны емес, әуелі сені сыйласын. Күйеуін ЕРІМ, БАЛАЛАРЫМНЫҢ ӘКЕСІ, БОЛАШАҒЫМ деп сыйлаған әйел сенімен қоса бүкіл әулетіңді құрметтейді. Оның құрметі саған әулетіңнің алдында абырой сыйлайды.......
Кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Әжетханада сөйлеме

Пайғамбар заманында бір жігіттің әжетханада отырғанда сырттағы кісімен сөйлесе беретін жаман әдеті бар екен. Мұны байқаған әкесі:
- Ұлым, дәретте отырғаныңда сөйлейтініңді байқадым. Мұның - жаман әдет, - дейді.
- Онда тұрған не бар, әке? - дейді.
- Әрбір сөзді жазып алатын екі иығыңда екі періште отыр. Оның атын кітапта "Кироман-Катибин" дейді. Періштелер - өте пәк жаратылыс. Адам әжетханаға кіргенде, олар лас жерге кірмей тыста тұрады. Сен әжетханада сөйлесең, періштелер сөздерді жазу үшін амалсыз шайтанның үйіне кіруге мәжбүр болады. Бұл - Құдайға ұнамайтын қылық, - деді әкесі.
Бала жаман әдетінен тыйылыпты. "Әжетханада сөйлеуге болмайды" деген ырым осыдан қалыптасқан екен.......
Кеңестер
Толық

Әжем айтып еді

1. Жар қылып алар қызыңның шешесіне қарарсың. Шеше көргенді ал. Алма ағашынан алысқа түспейді.

2. Сонан соң әкесіне қара. Әке қатал, әрі мейірімді болуы керек. Билігі еркекте болған үй береке. Осыны ұмытпа.

3. Еркек балалары мен қоса әйелін де тәрбиелейді. Олардың санасына исламды құй. Дін жолын үйрет, оқыт. Аллаға жақынның адасқанын көргенім жоқ. Сондықтан осы іске жақсы көңіл бөл.

4. Алғаның басқаны емес, әуелі сені сыйласын. Күйеуін ЕРІМ, БАЛАЛАРЫМНЫҢ ӘКЕСІ, БОЛАШАҒЫМ деп сыйлаған әйел сенімен қоса бүкіл әулетіңді құрметтейді. Оның құрметі саған әулетіңнің алдында абырой сыйлайды.......
Кеңестер
Толық

Әдебиет | Әжеден қалған асыл мұрам киіз басу өнер маған

Зерттеудің мақсаты: Бұрынғы өткен ата-баба, шебер әжелеріміздің ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңартып жаңғырту, бізге қалдырған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету. Табиғи жүннің денсаулыққа пайдалы, жылулығы мол, ыстықтан, суықтан қорғайтын талшықтың қадірін білу. Тұрмыста қолдана білу.
Пайдалы кеңестер: Жүннен жасалған бұйымдар-Ревматизм, остеохондроз, радикулит т\б ауруларға ем.
Мәлімет: Жануарлар терімен бірге ланолин шайырын бөледі. Ланолин – бағалы өнім, ол түрлі майлар мен кремдердің негізі ретінде қолданылады. Ланолин 35-37 градус температурада ериді, әрі теріге тез сіңеді. Бұлшық етке, тамырларға, омыртқаға, тыныс алу жүйесіне оң әсер етіп, қан айналысын жақсартады. Қойдың жүні екіге бөлінеді.
1. Жабағы жүн – күн жылып, мамыражай уақытта, яғни жаз айларында қойдың жүнін қырқып алынады. Жұмсақ, қылшығы ұзын, бұйра нәзік болады. Жіп иіріп кілем тоқуға, киім тоқуға, күзем жүнге араластырып киіз басуға қолайлы. 2. Күзем жүн – күз мезгілінде қой жүнін қырқып алынады. Жабағы жүнге қарағанда қылшықтары қысқа болады.
Орындалу әдісі: видео, киіз басу, бұйым тігу.
Қорытынды: Жасыратыны жоқ, жеңіл өнеркәсібіміздің өркендеп дамыған заманда синтетикалық бұйымдардың көбейіп кетуі, адам ағзасына кері әсер етуі табиғи жүндердің жоқ болып кетуіне себепші болып отыр. Осыған орай киіз басу технологиясын қолданып, киізден кәжекей, бас киім, аяқ киім өңдеп, ұсынып отырмыз......
Ғылыми жобалар
Толық

Қобдабай Қабдыразақұлы | Асыл әжелердің үлгі өнегесі

Сурет: Ким Евгений

Әйел - әлемнің ажырамас бөлігі. Әйел - адамзаттың анасы. Әйел - тіршіліктің бастау бұлағы. Әйел - бақа басты еркектің қосағы. Әйел - отбасының өзегі. Әйел - шаңырақтың шамшырағы. Әйел - Тәңір-Тағаланың мейірімінің сынығы. Әйел - нәзіктіктің қас үлгісі.

Қазақтың дүниетанымын оның тұрмыс-тіршілігімен айшықтауға болады. Оның ішінде әйел мен ердің мәртебесі де тұрмыс-салттағы дәстүрлі түсініктермен бағамдалады. Мәселен, Атам Қазақ: «Еркек үйдің иесі, әйел үйдің шегесі» деп, әйел мен еркектің ерік-міндеттерін дәлме-дәл көрсетеді. Яғни, көшпелі халықтың патриархалды түсінігінде еркек шаңырақ иесі саналса, әйел сол отаудың отын жағып, ошағын қайнатып, үйдің берекесін кіргізетін жан. Бұл туралы көне түркінің дүниетанымын тереңірек зерттеп жүрген Д.Кенжетай былай деп тұжырымдайды: «Әлемді кеңістіктер мен бағыттарға бөлу арқылы мәденилендіру құбылысын киіз үйдің еркектік және әйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ киіз үйдегі ең маңызды қазық - әйел болып табылады. Өйткені бұл кеңістік (ғарыш) - әйелдікі. .....
Әңгімелер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Әжесінің баласы

(Болған оқиға)

Біздің Әли әжесінің баласы екенін баяғыда танытқан...

Үй Іші болған соң ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайтыны белгілі. Бір күні аяқ астынан жұбайымыз екеуміз әлде неден керісіңкіреп қалдық. Қызу қанды, қызбалығымыз басылмаған кезіміз. Біріміздің басымыздан біріміз сөз асырмақ емеспіз.

Қолымда енем бар. Біздің естіп болмашыдан шырт ете қалғанымызды кергенде, ол кісінің мырс етіп, жеңіл мысқыл күлкімен күліп алатын әдеті. Сосын қызы мен менің бетіме пәндей қарайды да, өзінің аналық қалыстық сөзін айтады. Сенікі дұрыс, сенікі теріс дейді. Балаларым жаман болса екен дейтін ана бар ма? Ол бізді, әрине, татулыққа шақырады.

Мен әдеттегіше:

— Кәрия, араласпаңыз. Бұл сіз араласатын шаруа емес, — дедім.

Бұрын бұлай десем, енем дереу басылатын да, бұрылып жөніне кететін. Өйткені, біздің керісуіміз қалай тез болса, ауыз жаласуымыз одан да тез екенін ол жақсы біледі.

Үлкен кісі бұл жолы өйтпеді. Бұрылып кете бармады. Семья басы сен болғандықтан бәріне сен жауаптысың дегендей менің бетіме тіке қарап тұрып:

— Анау балаларың болса сөз түсінуге жарап қалды. Солардан ұят емес пе? Осыны көрген олар не үлгі алмақ? — деді.

Балаларың деп отырғаны екі жарым жасар Әли мен бір жарым жасар Мұхтар.

Кәрия, мен айттым ғой сізге, араласпаңыз!

Кейде енемнің де мінезі тіке. .....
Әңгімелер
Толық

Менің әжем

Мен әжемді өте жақсы көремін. Әжемнің болғаны қандай тамаша! Менің әжем 8 наурыз мерекесін ерекше жақсы көріп, асыға күтеді. Менде бұл мерекені жақсы көремін. Сол күні әжемнің балалары, немерелері бәріміз әжемді барып мерекесімен құттықтаймыз.Әжем біздің келгенімізге қатты қуанады.......
Шығармалар
Толық

Аяулы әжем

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған
Сағынышым – сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.

Қадыр Мырза Әли

Менің әжем ең тамаша адам.......
Шығармалар
Толық