Салт-дәстүр, әдет-ғұрып

Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйірін тапқан соң.

Орамал тонға жарамаса да,
Жолға жарайды.

Ас көп болса, кәде көп.

Жігіттің бір жұрты нағашысы.

Бір күн дәм татқанға, қырық күн сәлем.

Қостың кішісі болғанша,
Иттің күшігі бол.
Мақал-мәтелдер
Толық

Тілек тілеу дұғасының әдеттері

1. Дәретті болу, яғни таза болу.
2. Дұғаны жасағанда әуелі Аллаға мақтау айтып бастау.
3. Тілекті үш қайтарадан айту.
4. Құбылаға бет қарату.
5. Екі қолды көтеріп,алақан жайып тілеу.
6. Орташа дауыспен дұға ету.
7. Дұғаны Пайғамбарға салауат....
Кеңестер
Толық

Физиология | Зиянды әдеттер

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ алкоголизмге келесі анықтама беріп отыр:Алкогол депспирттік ішімдіктерді ішу нәтижесінде кез келген формада қоғамға немесе оның мүшелеріне тигізуді айтамыз.Ішімдік көптеген созылмалы аурулардың пайда болуының негізгі факторлары болып табылады.Австралия ғалымдарының зерттеуі бойынша,бауыр церрозы ауруының 50ы,туберкулезге шалдығудың 30 ішімдік ішумен байланысты.Гетеборг қаласының ғалымдары 45-55 жас аралығындағы 10 мың ерлерді зерттеп ,ішімдікпен әуестенушілер әуестенбеушілерге қарағанда 2-3 есе жиірек қайтыс болатынын анықтаған.Ресей ғалымдарының зерттеуі бойынша ішімдікпен әуестенушілердің әустенбеушілерге қарағанда 20-30-ға көбірек гипертониялық ауруларға шалдығады. ....
Рефераттар
Толық

Салт-дәстүр: Неке қияр

Неке қияр , неке қию – 1) отбасын құрған адамдардың мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдарында тіркелу рәсімі; 2) Неке қияр дәстүрлері қазақ қоғамында молда және куәлікке алдын ала белгіленген екі жігіт арқылы атқарылған.

Ең алдымен неке суы дайындалады. Мұнда үлкен кесеге су құйылады да, оған аздап тұз, қант қосылып, сақина салынады. Су – екі жастың пәктігіне, тұз – егер жастардың біреуі келешекте опасыздық етіп, осы некені бұзса, дәм атуына, қант – екеуінің тату-тәтті өмір сүруіне ырымдалып қосылса, ал сақина неке ескерткіші ретінде салынады. Неке суына алтын немесе күміс сақина, тіпті кейде күміс мәнет салынуы мүмкін. Оған молда дұға оқып үшкіреді. Куәлар молданың тапсыруымен жастардың өз ықтиярларымен некелесетіндігін сұрап біледі, содан соң күйеудің жұбайына қамқоршы, ал қалыңдық еріне адал жар болуға міндетті екендігін айтып, олардан ант алады да, мұны жария түрде молдаға, көпшілікке жеткізеді. Әр сұраққа жауап алғаннан кейін олар міндетті түрде “куә жарын” айтып отырады. Молда Құран аяттарын оқығаннан кейін неке суын куәлар алдымен жас жұбайларға, одан соң .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Салт-дәстүр: Құда түсу

Құда түсу - қазақтардың ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан жақсы әрі жарасты дәстүрлердің бірі.

Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп жасайды саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі өте көп, мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр, тағы басқа ырымдары мен кәде алымдары болады (“кәдеге” қараңыз). Құдалықты басқарып барған адам “бас құда” деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне “бауыздау құда” деп аталады.

Құда түсу- қазақтың мәртебелі әрі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын-сауық, әзіл-қалжыңдар айтылады. Екі жақ та бір-бірін сынап отырады. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Салт-дәстүр: Қыз алып қашу

Қыз алып қашу - үйлену ғұрпының бір түрі.

Халқымыздың дәстүрінде бұрын екі жас құда түсу жолымен, яғни әке таңдауы мен келісімі арқылы қосылған. Дегенмен кейбір жігіттер өзінің сүйген қызын алып қашу арқылы қосылған кездері де болған. Кейде оның арты үлкен жесір дауына айналған, өйткені ол кездебасы бос қыз бола бермеген. Олар ерте айттырылатын.

Қыз алып қашудың түрлері
Қыз алып қашудың да түрлері көп. Мысалы, бірін-бірі сүйген жігіт пен қыз қашып кетіп қосылады. Ал кейбір жігіттер қыздың келісіміне қарамастан, зорлықпен алып қашады. Соңғы-ларының жарасып кететіндері де, кейін дәм-тұздары жараспайтындар да бар......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық