Бұл сол кездегі елдің, енді соғыс болмаса екен деген тілегінен туған өлең жолдары болатын. Соғыс. Неткен суық естілетін, сұсты сөз... Бұл сөзді естіген әрбір адамның бойында үрей ұялайды…
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы:Әдеби шығарманың жанрын анықтау Т. Әбдірахманова «Даналарым» Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, жанрлық ерекшелігін біледі, сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолана алады; Көптеген оқушылар: шығарманы қажетті ақпаратты тауып, түртіп алып оқиды, жанрлық ерекшелігін анықтай алады, сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады; Кейбір оқушылар: шығарманы белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқиды, жанрлық ерекшелігін анықтап, салыстыра алады, өз ойын жеткізуде мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданып, дәлелдейді.....
Жиырма жеті жасында Әбдірахман көз жұмды. Сәулең болса басында, Кімді көрдің бұл сынды? Дүниелікке көңілі тоқ, Ағайынға бауырмал. Тәкаппар, жалған онда жоқ, Айнымас жүрек, күлкің — бал. .....
Шілденің орта шені болатын. Елге демалысқа барып едім. Күн бойы кітап оқып, жалыққан соң, кеш бата, мал келер шақта, есік алдына шығатын әдетім бойынша бүгін де далаға шықтым. Күннің аптабы кайтып, әдемі бір қоңыр самал ескен жайлы кеш екен.
Біздің үйдің алдында бір шағын ғана төбешік бар-ды. Ауылдың үлкен кісілері кешкілік осы төбешікке жиналып отырып, әңгіме-дүкен құратын.
Бүгін сол дөң басында ағам мен Дәуітқали аға ғана отыр екен. Өз ағаларым болған соң, мен де қастарына бардым. Үлкен адамдардың арасына жас әйелдер бара бермейді ғой. Сондықтан ба екен, әлде байқамағанмын ба, әлде байқасам да мән бермедім бе екен, әйтеуір төбешік үстінен ауылдың айналасы көкжиекке дейін алақандағыдай болып көрінеді екен.
Айналасын беткейі қалың қараған, тобылғыға толы адырлы қоңыр таулар қоршаған бұл қалын ауыл ертеректегі иесінің есімімен Стамбек ауылы деп аталады. Бұрынырақта салынған қазақы, тоқал тамдардың арасынан төбесін етіп, шатырлап жауып, сылап тастаған, сыртын әктеген еңселі ақшаңқан жаңа үйлер де көрінеді. Ондай үйлердің алдында шөп үйетін, мал қамайтын қоралар бөлек орналасыпты. Ауылдың алды кең далаға ұласады. Даланы қақ жара толқыны жоқ, суы мол, жіңішке ғана Бөке өзені ағады. Өзеннің екі жағасы да жалпақ көгал. Көгалда өзенге түсіп, асыр салып жүрген ауыл балалары.
Ауылдың дәл қарсысында Қара кезең аталатын жалпақ кезең.
Кезенді асып ауылға қарай тіке құлаған қасқа жол өзендегі өткелге келіп жалғасады. Ауылдың төрт түлігі осы өткелге келіп құлады......
Бұрынғы заманда Әбдірахман деген патша болыпты, оның үш баласы болған екен. Үлкенінің аты - Ахмет, ортаншысы – Сахмет, кенжесі – Жебірейіл екен. Әбдірахман балалары ержеткенше, ешқайсысына қыз айттырмапты. Жиырма үшке толған үлкен баласы Ахмет әкесіне келіп: «Маған қыз айттыратын уақыт жетті емес пе, әке!» – депті. Әбдірахман патша мұнысын мақұл көріп: «Балам, айтқаның болсын, әуелі үйге барып, қолыңа жүген ал, жылқыға барып, қалағаныңды ұста, ер-тұрманыңды сайла, қару-жарағыңды ал, алты айлық азығыңды ал да маған кел, барар жол, қылар ісіңді кейін айтамын», – дейді......
Тұрсынхан Әбдірахманова — белгілі қазақ ақыны, филология ғылымдарының докторы (1981), Қазақстанның халық жазушысы (1984). [1]Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, Бөке кеніш поселкесінде дүниеге келген. Аягөз педучилищесінде оқыған, Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебін және 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Мұғалім, мектеп директоры болып істеген, партия және комсомол қызметтерінде, «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған. 1969-86 жылдары Қазақстан Ғылымдар академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек еткен.[2][3] Мазмұны 1 Тағы қараңыз 2 Шығармаларының жинақтары 3 Сыртқы сілтемелер 4 Пайдаланылған әдебиеттер 5 Дереккөздер Тағы қараңыз
5 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданына қарасты "Бөке" деген кеніште туған.Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аягөз аудандық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы, Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1947-1949 жж. Алматы жоғары партия мектебінде тыңдаушы, бұдан соң Алматы қаласында Совет аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1950-1954 жж. "Қазақстан әйелдері" журналының бөлім меңгерушісі, 1954-1956 жж. ҚазМУ-де студент, .....