"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлі өнердегі досы Әбдіжаппар Әлқожаны туған күнімен құттықтап, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады. Әнші оның бойындағы асыл қасиеттері мен атқарған игі істерін тізіп шықты деп жазады NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі Әбдіжаппар Әлқожаға арналған жүрекжарды жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Өнер иесі досы екеуінің ұқсас тұстарын атап, оның шын мәнінде қандай адам екенін айтты. .....
Жаңалықтар
Толық

Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты

Әбдіжаппар Әлқожа Мәдина Сәдуақасовамен түскен суретін парақшасында жариялап, өз құпиясын айтты.

Әнші өзінің хитке айналған "Оригиналсың" әнінің Мәдина Сәдуақасоваға арналғанын айтып қалды.

"Оригинасың деген әнім осы кісіге шыққан десем! Ешкім сенбейді ғой иә? Иә сенбей-ақ қойыңыздар. Мүмкін олай емес шығар!!!
деп қусаң. Өзің білмесең",
- деп жазды әнші.

Желі қолданушылары мұның не әзіл не шындық екенін айыра алмай дал болды. ....
Жаңалықтар
Толық

Әбдіжаппар Әлқожа (1992 жылы)

Әбдіжаппар Әлқожа 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Отбасындағы алты баланың кенжесі бала күнінен әнге құмар боп өседі. 6-сыныпта оқып жүргенде туған әпкесі Роза Әлқожа Әбдіжаппарды Алматыда ұйымдастырылған «Әнші болғым келеді» концертіне қатыстырады. Бұл Әбдіжаппардың Республика сарайының сахнасына алғашқы шығу еді.
Әбдіжаппар 9-сыныпты бітірген соң, Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің «эстрада және вокал» бөліміне құжат тапсырмақшы болады. Алайда, бұл мамандыққа оның жасы жетпегендіктен, «актерлік шеберлік» мамандығына түседі.
Әнші 2011 жылы әпкесі Розаның алғашқы жеке шығармашылық кешінде сонымен бірге «Ақ тілек», «Иман келтіру» әндерін орындап, сахнаға шықты. Осы қадамнан кейін ол өзінің жеке әндерін жаздыра бастады. Ал, былтыр Республика сарайында өзінің жеке концертін өткізді. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық