Ұстаздық шеберліктің нендей түрін дәлелдеуге де себеп принципі негізгі роль атқарады. Бұл принцип бойынша адамның, соның ішінде педагогтардың да ісі, келген шешімі себепсіз болмайды. Педагогтың әр ісінің жемісті болып келуін содан шығатын нәтиже ғана шешеді. Ұстаздың оқушылармен күнделікті жасалатын қатынастардың бәрі сөз арқылы іске асады. Сөздік қатынасты екіге бөледі. Біріншіден, сөйлесудегі сөздердің көбі ақыл, кеңес беру жөнінде айтылады. Ақыл айтып, кеңес берудің өзі оқушының істеген ісін қостамай, қателігін мойындату үшін, керісінше оның ісі ұнамды болған жағдайда, осыны баланың өзіне сездіру үшін қолданылады. Екіншіден, кейде балаға осы сияқты сөздер жетпегенде оған қатты талап қатып, қолданатын сөздер міндетті түрде бұйрық ретінде қолданады. Екінші бір шеберлік – мезгілді созып алмау үшін орынсыз еткерту жасауға әуес келмей, ескертулердің көпшілігін бет құбылыс дауыс арқылы жеткізе білуде. Осындай тәсілді өзінше сипаттап көңілмен білдіру әдісі деп атайды. Келесі бір шеберліктің түрі – оқу мазмұнын оқушыларға қарай ықтамшап, егер олар түсінбеген жағдайда, түсіндірудің басқа жағын іздестіру болып табылады.....
«Ұстаз болу – өз бақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»- деп, Ж. Ж. Руссо айтқандай, өзінің бар білгенін аямай, өзгенің бақытына қуана білген ұстаз, мектептегі балалардың екінші анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы бола білген ұстаз. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірттердің бойындағы талай жіберген ағаттықты кешіре білетін, бойындағы парасаттылығы мен ақылдылығы арқасында, әр оқушының жүрегінен жол таба білген мейірімді ұстазым Ташматова Гүлжамила апайымның ұстаздық өмір жолын өзінен кейінгі шәкірттеріне насихаттағым келеді. .....
«Ұстаз болу – өз бақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»- деп, Ж. Ж. Руссо айтқандай, өзінің бар білгенін аямай, өзгенің бақытына қуана білетін ұстаз болу, мен үшін үлкен арманым, алдыма қойған мақсатым болатын. Мектептегі ұстаз - балалардың екінші анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірттердің бойындағы талай жіберген ағаттықты кешіре білетін, бойындағы парасаттылығы мен ақылдылығы арқасында, әр оқушының жүрегінен жол тауып, тентекті жуасытып, еркені сабасына түсіріп, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізетін мейірімді адам. «Ұстаз» болған адам бақытты, адал, мәдениетті, білімпаз, өз білгенін үйрете білетін, өзгеге үлгі адам сияқты деп көз алдыма елестете білдім. Жүрек қалауым, балалармен жұмыс жасап, қуанышты күлкілерінен нәр алу болатын. Алғашқы қызығушылығым, бастауыш сыныпта сабақ берген Дина апайыма еліктеуден, қызығушылықтан басталды. «Болмасаңда ұқсап бақ» дегендей, сол балалық шақтағы арманым орындалып, бүгінде 35 жыл еңбек өтілі бар, 3(базалық) деңгейден өткен, 1санатты, бастауыш сынып мұғалімімін. .....
Мен, Нұрмырзаев Жұбаныш Серікұлы 1994 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы, Аралқұм елді мекенінде туылдым. Қазірде Аралқұм елді мекеніндегі №61 орта мектепте білім алудамын. Әкем де, анам да осы жердің тумалары. Мектепте білім ала жүріп, мектепте өтетін түрлі қоғамдық жұмыстарға қатыса жүріп ұстаздар назарына іліге бастадым. Соның нәтижесінде осы мектептегі тарих пәні оқытушысы, Қазақстан Республикасы «Ең үздік ауыл мұғалімі - 2005» иегері Шыналиева Күлшара апайдың және Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нұрша Алжанбайқызы Оразахынованың ғылыми жетекшілігімен, жарты ғасырға жуық Халық Ағарту саласында үздік еңбек еткен ұстаз, Мұқан Сермағанбетов ағай туралы «Ұстаз ұлағаты – өмір мұраты» атты зерттеу еңбегімді үздік деген бағамен қорғап шықтым. Ондағы мақсатым Егемен еліміздің шаңырағын биік көтеріп, аға буын өкілдерінің еңбектерін танып - білу, өнегелі ұстаздың ерекше қасиетін, қолға алған ісін аяқсыз қалдырмай, ұрпақ тәрбиелеу жолында тынымсыз еңбек еткендігін, келешек ұрпаққа үлгі ету, жас жеткіншектерді ғылым мен білім жолына баулитын қамқоршы, олардың жұмыс нәтижесін әділ бағалайтын, әдіскер - педагог өмірін зерттеу, оның ұстаздық өнегесін, өмір жолын жас ұрпаққа өнеге ету болды. Бұл еңбекті зерттеуде мақсатқа жетудегі ұстанымым мыналар болды:.....
Кіріспе Ғасырлар тоғысында, жаңа мың жылдыққа аяқ басу барысында өткен тарихи - мәдени жолды зерделеп, болашақты болжау заңды, ұлттық сана мен тарихи жады үшін өткен кезеңдердің маңызы мен мәні өте зор. Адамзаттың рухани дамуында айрықша орын алатын ежелгі діндердің бірі де бірегейі зороастризм. Діни жүйелер көне халықтар мәдениетінде жүйе құраушы рөл атқарды. Әрине, бұл діни жүйелер бір күнде бірден пайда болмайды. Олардың өзіндік даму тарихы, даму заңдылықтары бар. Ал бұл заңдылықтарды ашу, даму тарихындағы кезеңдерді зерделеу, өз кезегінде сол ерте дәуірдегі адамдардың дүниетанымын, арман-мұраттарын, қарым-қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Сондай - ақ діни жүйелердің қазіргі заманға дейін сақталған көмескі нышандары мәдени бастаулар мен қазіргі мәдениет арасындағы тарихи - мәдени сабақтастықты көрсетеді. Адамзатқа адамгершілік өлшемін ұсынған улы жүйе құрушылар мұрасын қарастырғанда мәдени сабақтастық пен мәдени жасампаздық диалектикасына назар аудару қажет. Міне, осы тұрғыда заратуштра ілімін жан-жақты толық, терең түсіну үшін, оның көзқарастарына әсер еткен ескі наным-сенімдерді, рәсім-рәміздерді зерттеудің маңызы зор болмақ. Зороастризм ілімі және оның пайда болуы....