Ұстаздар (мұғалімдер) күні

Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.
Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы....
Шығармалар
Толық

Ұстаздар (Мұғалімдер) күні

«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.
Рефераттар
Толық

Ұстаздар (мұғалімдер, оқытушы) күні

Адамдықтың шегінен аспайтұғын – ұстазым.
Адалдықтың жолына бастайтұғын – ұстазым.
Қылығына шаланың саспайтұғын – ұстазым.
Құпиясын баланың ашпайтұғын – ұстазым.
Қиындықты жеңуден....
Өлеңдер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ұстаздарын ұлықтаған әр түлегін ұмытпаған білім ордасы


(Қазалы ауданы, Қожабақы ауылындағы №25 орта мектебі жайында жазылған)

№25 мектеп өзінің тарихындағы талай-талай тамаша ұстаздарымен мақтана алады. Олардың есімдері алдыңғы толқын шәкірттердің жадында көбірек сақталып қалуы - заңдылық. Себебі олар сол ұстаздардан дәріс алды, тәлімін көрді. Толқынды толқын қуады. Алдыңғы буын ұстаздардың біршамасының үлгісін көріп, күні кеше ғана №25 мектепте аға буын мұғалімдердің қатарын құрап жүрген бір топ ұстаздардың өздері де бұл күнде ардагер ұстаздардың сапын толықтырған еді. Бұл ұстаздардың қатарынан ең алғашқы болып сол кезде аға буын ұстаздардың алдында жүрген математика пәнінің мұғалімі, бір кезде өзі де осы мектепке басшылық жасаған Амангелді Есетовтің есімі аталады. Осы буын әрі қарай мына ұстаздармен жалғасқан еді: .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мектептің ұстаздары


Фольклорлық материалдар жинап, тәжірибеден өтіп жүрген бір топ студент Жанділда ағайдың үйіне таңертең ертелетіп келгенінде, ұстаз сонда таңғы шайын ішіп дастарқан басында отыр еді. Жанділда ағай студенттерді Нұғыман ағайға бастап ертіп бармақ болатын. Өйткені студенттер ардагер ұстаз Нұғыман ағайдан әңгіме сұрамақ. Ал Жанділда ағайдың өзі бұл кезде мектепте әлі сабақ беріп жүрген кезі еді.

Ғылымның жаратылыстану бағытындағы биолог деген мамандар бақа-шаян, жәндік атаулыға үйір келетін көрінеді. Қыбыр-қыбыр етіп жатқан жәндікті көрсе, жанынан айналсоқтап, үйіріліп шықпай соның тыныс-тіршілігін үлкейткіш шынымен күнұзақ бақылап отыруға бар дейді. Ал филологтардың мақсаты басқа, филологтың діттегені – сөз. Қай жерде есті сөз бар, қай жерде ескі сөз бар, ат-көліксіз, жаяулатып, жалпылатып жетсе де, барып жазып ала қоймақ. Есті сөз жерде қалмасын дейді ғой. Биолог пен филологтың бірінің жәндік атаулыға үйір келетін мінезіне қарай, бірінің сөз іздеп, сөзге үйір келетін мінезіне қарай өзге факультеттің студенттері оларға «естфак – бақа-шаян, филфак – өсек-аяң» деп қалжыңдайды екен. Мына осындай мақсаттағы фольклорлық материалдар жинап жүрген Қызылорда пединституты студенттерінің бір тобы Қожабақы ауылына келіп түскен еді. Филология факультетінде оқитын студенттер 1-курс бітіргеннен кейін фольклорлық тәжірибеден өтетін, ал 2-курс бітіргеннен кейін диалект сөздер жинау тәжірибесінен өтеді. 3-курс бітіргеннен кейін өзге педагог мамандықтары секілді лагерьлерде баламен жұмыс істеу тәжірибесінен өтеді, ал 4, 5-курстарында қаланың мектептеріне барып оқушыға сабақ беріп көру тәжірибесінен өтетін. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | 80 жылдардағы ұстаздар

Фото: Архивті фото

«80-жылдардағы ұстаздар» дегенде сол жылдардың ішінде өзімізге сабақ беріп жүрген ұстаздардың бір легі туралы оқушылық көзқараспен айтылып отыр.

Ұстаздар

I. Байманова Айнаш апай. №25 мектептің математика пәнінің мұғалімі. 4-сыныптан 10-сыныпқа дейін сабақ берген ұстаз. Жалпы, Айнаш апайды білетін орта ол кісіні ұлағатты жан ретінде таниды. Ол кісінің алдыңғы буын шәкірттері туралы көп айтылады. Бірде ұстазды сол алдыңғы буын шәкірттері – ұлдары мектепке іздеп келген еді. Өздерінің қалаулары сол болды ма екен, ұстаз оларды да сабағына қатыстырды. Олар үлкен жігіттер болатын. Оларды осы сыныптағы інілерінің жандарына отырғызып қойды. Олар да балалармен бірге сабақ оқыды, балалармен бірге есеп шығарды. .....
Әңгімелер
Толық

Еліміздің жаңғыруына жаңашыл ұстаздар себепкер

Елбасы Н.Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілетті
бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» дей келіп, білім
саласында түбірлі өзгерістерге әзірліктің қажет екенін баса айтты.
Қазіргі таңдағы білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты
мақсаты – ой-өрісі жаңашыл шығармашылық.......
Баяндамалар
Толық

Ұстаздар (мұғалімдер) күні (Ұстаз болу...)

Әр адамның асқақ армандарға, биік мұраттарға қолсозатыны ақиқат. Бала жасымнан ұстаздардың ұлы істерге толы ұлағатты әрекеттері мені мұғалім болуға итермеледі. «Мұғалім өзінің білімділігімен , жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді », - деген Мәлік Ғабдуллин ағамыздың пәлсапалық ойы әсер етті ме, кішкене кезімнен «Ұстаз болсам» деген ұлы арманым сәби......
Шығармалар
Толық

Ұстаз

Жер бетінде мыңдаған мамандықтар бар. Солардың ішінде ұстаздықтың жөні бөлек. Менің ойымша ең қиын да, күрделі мамандықтардың бірі де - осы. Өйткені, қай м амандықтың иесі болмасын бәрі де өз ұстаздарынан үйреніп білім алады. Бізге ой-сана, тәлім-тәрбие, өнер- білім беретін ұстаздар қауымына.....
Шығармалар
Толық