Ибраһим, Ыбырай
Ибраһим, Ыбырай есімінің мағынасы – халықтардың әкесі. Құранда аталатын Алла тағаланың пайғамбарларының бірі. "Алланың досы" деген лауазымға ие болушы, бір Аллаға бой ұсынушы.
Ибраһим, Ыбырай есімінің мағынасы – халықтардың әкесі. Құранда аталатын Алла тағаланың пайғамбарларының бірі. "Алланың досы" деген лауазымға ие болушы, бір Аллаға бой ұсынушы.
Мансур есімінің мағынасы – араб тілінен аударғанда жеңімпаз, жеңіске жетуші, екінші мағынасында құдіретті деген мағына береді.
Муслим есімінің мағынасы – мұсылман деген сөз.
Алихан есімінің мағынасы – араб тілінен енген "ғали" мен хан сөздерінің қосындысынан туған ат. Ғали – "әлидің" синонимі, яғни, биік, аса, зор, заңғар деген мағына береді.
Жомарт есімінің мағынасы – парсының «жавонмәрд» (тура мағынасында – жас жігіт, ауыспалы мағынасында – азамат) деген сөзінен шыққан. Айналасындағы жұртқа шапағаты тиген жомарт жігіт атансын, көңілі кең азамат болсын деген ниетпен қойылатын есім. Ел ішінде жиі кездесетін есімдердің бірі.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ есімінің мағынасы – арабтың «қесм» (бөліп беруші, таратушы) және қазақтың «жомарт» (қолы ашық, мырза, молдық, кеңдік) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Және де бұл жерде парсының «жавон+мәрд» (жас+еркек) сөзінің «жомарт» сөзімен төркіндес екендігін айта кеткен абзал. Қазақ бұл есімді жаңа туған сәбиге «қолы ашық, ағайын-туысқа қамқор, қара қылды қақ жарған әділ болсын» деген ниетпен қояды. Түркі жұртында тек қазақтарға ғана тән есім.
Мұқасан есімінің мағынасы - бұл есімнің мағынасы арабшадан қазақ тіліндегі мағынасы "атақты, мейірімді" деген мағына береді.
«Білім беру жүйесі – Қазақстанның бәсекеге нақтылығы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» (Н. Ә. Назарбаев)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында және жуырда баспасөзде жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында адами капиталды жаңа сапаға көтерудің басты тетігі ретінде білім сапасын дамытуға жаңа серпін береді.
Айлин есімінің мағынасы – бұл есім, негізінен, түрік қыздарына жиі қойылады. "Ай нұры" деген мағына береді.