Бауыржан Момышұлының бата - тілек, мақал - мәтел, нақыл сөздері Бата (араб, фатиха – алғыс, ризашылық, тілек) – әлем халықтарының баршасында дерлік кездесетін, адамзат қоғамы сөздің магиялық құдіретіне күмәнсіз сенген қадым заманда қалыптасқан көне дәстүр. Батаны кім көрінген емес, елге сыйлы, абыройлы адам, ақсақалды қария беретін болған. Бата халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық турасындағы түсініктердің айғағы іспетті. Бата қысылғанда – қуат, қиналғанда – медет беріп, Әрбір іс - әрекетіне даңғыл жол ашып, бәле - жаладан қорғайды деп есептелген. Бауыржан шығармашылығының бір саласы оның өлеңдері мен қанатты сөздері, мақал - мәтелдері. Батыр жазушының өсиет сөздері күні бүгінге дейін елдің аузында......
Тәуелсіздікке қол жеткен 20 жылдықта бүгінгі қоғамымыздың қай саласын алсақ та терең өзгерістер болып жатқаны белгілі. Ол заңды. Себебі тәуелсіздікке қол жеткізген әрбір халық, алдымен өзінің өткен жолын саралап, одан тәлім - тәрбие, сабақ алуға ұмтылып, болашаққа көз тігеді. Осы міндеттер «кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз» деген сұраққа жауап күткендей. Әрине бұл сұрақтар кімді болса да толғандырары сөзсіз. Сондай тақырыптың бірі – Исатай - Махамбет бастаған еркіндік жолындағы күрестің жастарға берер тәрбиесі. Махамбет пен Исатай еркіндік, бостандық жолындағы күрескер бола білді. Исатай көптің басын қосып, бүтін елді соңынан ерітсе, Махамбет жақсы үгітші, қостаушы болды. Бұл көтеріліс туралы ғалымдар біраз деңгейде зерттегені белгілі. Бірақ, оқиға неғұрлым алыстаған сайын, Тәуелсіз Қазақстан үшін көтеріліс сабақтары мен ерлік істері айқын көріне бастады. Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығы мен Исатай батырдың 220 жылдығына байланысты бұл көтерілістің тарихи маңызы мен Исатай батыр туралы ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу, тәуелсіз Қазақстанның жеткіншектеріне үлгі ету – уақыт талабы. Осыған орай бұл көтеріліс туралы ғылыми жоба өзекті мәселе болып туындайды......
Қазахалхының рухани өміріне үлкен үлес қосқан Жүсіпбек Аймауытұлының алар орны айрықша. Ақиқатын айту керек, көрнекі қаламгердің өмірбаяны хақында қазірдің өзінде түрлі пікірлер бар. С.Мұқанов « XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегінде (1932) 1893 жылы туды , Ә.Тәжібаев: Жүсіпбек-баянауылдық, 1896 жылы туған» десе, С.Сәдуақасовтың сұрақтарына қайтарған жауабында қаламгердің өзі сиыр жылының аяғында (1890)… тусам керек» дейді. Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сыр лы дарын, романшы, драмашы, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытұлы 1889 жылы, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылту атрабында туған. Ә кесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай, Қуандар-текті, дәулет, абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. Жасге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбектер секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерлерін қатар үйренеді. Он бес-он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі класты мектепке түседі, бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітір еді де, Семейдегі оқытушылар семинариясына оқуға түседі, оны 1918 жылы аяқтаған. ....
Кіріспе Бүгінгі күні халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына, әсіресе оның гуманистік және ұлттық көріністеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр. Өткеніміздің прогрессивті философиялық дәстүрін оқып үйрену қоғамдық сананың даму заңдылықтарын тануда қазіргі теориялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор. Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз соңғы уақытқа дейін “коммунистік манифесте” негізделген принциптер бойынша, коммунизмнің моральдық кодексі бойынша, адамның социалистік идеалына, яғни жеке тұлғаның мүддесі қоғамдық мүддеге тәуелді болу принципі тұрғысынан тәрбиеленіп, соны идеал тұтып, бар болмысымызды соған сәйкестендіре өмір сүрдік. Соңғы жылдары елімізде, Кеңес өкіметі кеңістігінде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өзінің мән-мағынасын жойса, жаңа құндылықта әлі бой көтере алған жоқ. Тек саяси- әлеуметтік немесе экономикалық емес рухани өмір тұрғысынан да транзиттік өтпелі кезең жағдайында өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін болашақты, алдағы мақсат- мүддені айқындау соған жету үшін белгілі бір әлеуметтік идеал моделінің түрін жасау арқылы адамдарды тәрбиелеу,олардың мүмкіндігінше, бүгінгі күн талабына сәйкес келетін жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай “Толық адамды” тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да адамшылық абырой-қасиетті қалпына келтірудегі күресте Адамды, тұлғаны өз ұжданының бастапқылығын, тазалығы мен тұнықтылығын сақтауға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшылдарымыздың пафосы мен философиялық концепциясы зор көмек берері сөзсіз.....
Адамзат тарихынан өзiндiк орнын алып, кейiнгi ұрпағының жадында мәңгі қалар тұлғалар аз емес. Осынау ел ардағына айналған азаматтар жайлы халық аузында аңыздар айтылады, хикая - дастандар туады, өлең - жырлар жазылады. Олардың бiр парасы ел қамын ойлаған ерлер, Отанын, жерін қорғаған батырлар, жауға қарсы жорық жасаған қаһарман қолбасшылар, т.б. болып келедi. Бұлардың қайсар жүрегі, қайыспас қайрат-жiгер, адами парасаты, ұлттық сезімі – өз кезеңiнде де, кейiн де әдеби шығармаларда көрiнiс тауып, өлең-жырдың, көркем шығарманың кейiпкерлерiне айналып жатады. Осындай тұғырлы тұлғаның бiрi және бiрегейi – даңқты батыр Бауыржан Момышұлы. Халық көкірегін ұланына деген ыстық сезім толғандырмай тұрмақ емес, сондықтан ел аузында айтылатын әңгiмелердегi Бауыржан Момышұлының бейнесі, жауға көрсеткен қайраты, қара қылды қақ жарған әділдігі, шыншылдығы, батырлық қасиеттері ұлт әдебиетінен де өз орнын алмауы мүмкiн емес едi. Өз кезiнде: “Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,” Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен, Халқымның қарапайым бір ұлымын, Жанымды арым үшін құрбан еткен”.[1, 3б.], - деген жолдар арқылы Бауыржан Момышұлы өзiнiң адами, азаматтық болмысын бiрауыз өлең жолымен танытқанды....
Кіріспе Бүгінгі күні халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына, әсіресе оның гуманистік және ұлттық көріністеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр. Өткеніміздің прогрессивті философиялық дәстүрін оқып үйрену қоғамдық сананың даму заңдылықтарын тануда қазіргі теориялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор. Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз соңғы уақытқа дейін “коммунистік манифесте” негізделген принциптер бойынша, коммунизмнің моральдық кодексі бойынша, адамның социалистік идеалына, яғни жеке тұлғаның мүддесі қоғамдық мүддеге тәуелді болу принципі тұрғысынан тәрбиеленіп, соны идеал тұтып, бар болмысымызды соған сәйкестендіре өмір сүрдік. Соңғы жылдары елімізде, Кеңес өкіметі кеңістігінде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өзінің мән-мағынасын жойса, жаңа құндылықта әлі бой көтере алған жоқ. Тек саяси- әлеуметтік немесе экономикалық емес рухани өмір тұрғысынан да транзиттік өтпелі кезең жағдайында өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін болашақты, алдағы мақсат- мүддені айқындау соған жету үшін белгілі бір әлеуметтік идеал моделінің түрін жасау арқылы адамдарды тәрбиелеу,олардың мүмкіндігінше, бүгінгі күн талабына сәйкес келетін жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай “Толық адамды” тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да адамшылық абырой-қасиетті қалпына келтірудегі күресте Адамды, тұлғаны өз ұжданының бастапқылығын, тазалығы мен тұнықтылығын сақтауға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшылдарымыздың пафосы мен философиялық концепциясы зор көмек берері сөзсіз. Ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойы тарихында терең із қалдырған қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының творчествосы энциклопедиялық білімділігімен, философиялық-теориялық ізденістеріндегі новаторлық әрекет-сипатымен ерекшеленеді. Алдыңғы қатарлы озық идеяларға сүйене отырып, Шәкәрім адамилық бастаманың шешуші ролі бекітіле көрсетілетін философиялық, этикалық міндеттерді осы тұрғыдан қайта қарастыруды талап ететін бірегей гуманистік ілім жасады.....
Кіріспе Егеменді қазақ мемлекетінің қалыптасуы өте күрделі тарихи кезеңдерде жүріп жатыр. Қазіргі мемлекетіміздің қалыптасуының әлеуметтік қиыншылықтары аз емес. Соның ішінен жекелеп айтып кетер бір саласы – қазақ халқының қоғамдық – саяси, әлеуметтік мұралары мен өскелең жас ұрпақтың туған халқының мәдениеті мен салт - дәстүрімен, ата – баба мұраларынан толық қол үзіп қалмауы елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі критерийлері екендігі даусыз. Елдің елдігі мен ертеңін ойлап, қам жеген, туған халқының көкірегіне сәуле құюға мақсат еткен қазақтың асыл азаматтарының бірі – көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы ғалым – дәрігер, профессор Х. Досмұхамедұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары мен идеялары бүгінгі ұрпаққа баға жетпес мұра. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық интеллигенциясының көрнекті өкілі, республика ғылымы мен денсаулық сақтау ісінің Қазақстан мен Түркістан республикаларында талантты ұйымдастырушысы, кезінде заңсыздықтың құрбаны болып, қуғын-сүргінге ұшыраған, күрделі де тағдыр иесі, халқымыздың алып тұлғасы екендігін қарастыра отырып, Х. Досмұхамедұлының туған тіліне, ұлтына, әдебиетіне, тәлім - тәрбиесіне, ұлттық психологиясына деген көзқарастары бүгінгі тапңда зерттеу қажеттілігін туындатып отыр. Ғұлама ғалым педагог ретінде Қазақстанда жоғары мектептің қалыптасуы мен дамуы тарихында, оны ұйымдастыруда алатын орнын ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар Х. Досмұхамедұлы қазақ мектептері мен оқу орындарына арналған бірнеше қазақша оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Атап айтқанда, I және II сатыдағы мектептерге арналған «Өлі табиғат» (1922ж), «Зоология» 1-бөлім, омыртқалылар, 2-сатылы мектептерге арналған (1922ж); «Зоология». 2-бөлім (1926) омыртқасыздар (192ж); зоология. 3-бөлім; оқушылдар гигиенасы (1925ж) қазақ тілінде жарық көрді. Осымен орайлас «Анатомия және физиология», «Адамның тән тіршілігі» сияқты оқулықтары жаппай бастап ашылып жатқан қазақ мектептері үшін ауадай қажет кітаптар еді. Сондықтан да бұл оқулықтар 1922-1928 жылдар аралығында бірнеше рет басылды. Х. Досмұхамедұлы қаламынан туған оқулықтардың өне бойындағы ұтымды қолданыстар, тың балама сөздер ұлттық ғылым тілін, ұлттық психологияны дамытудың сүрлеуін салуға септескені дау туғызбайды. Х. Досмұхамедұлының басшылық жасап және тікелей тығыз араласыумен мектеп типтері, мектеп бағдарламалары, ғылыми терминология жасалды, қазақ мектептері үшін бірқатар оқулықтар тәржімаланды. Санкт-Петербургтағы әскери-медициналық академияда шартты рефлекстер туралы әйгілі ілімнің авторы, академик И. П. Павловтан дәріс тыңдаған бар болғаны екі – үш қазақ екен. Оның бірі - Х.Досмұхамедұлы, екіншісі – С.Асфендияров.....
КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің Президенті Н.А.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» атты халыққа Жолдауында «ХХ ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халқты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар «Алаштың ардақы азаматтары еді» - деп А.Байтұрсынұлының М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың тарихта алатын орнына әділ баға берді. Сол азаматтар ұстаздық етуде және тәлім тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлтының салт - санасын үңіле зерттеп, сан ғасырлық тарихы бар ата – бабаларының халықтық педагогикасы мен психологиясына терең ғылыми талдау жасады, сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылар мен мұғалімдерне арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды. Миллиондаған адамы бар халықтың рухани жетекшісі болатын адам белгілі бір идеяларды алдына мақсат мұрат етіп қойып, оларды сол халақтың әлеуметтік – мәдени өміріне жарататын іс -әрекеттерге баруы керек екені белгілі. Әрине ондай адам қайтсем осы бағаға ие болам деп, атақ - лаузым үшін әрекетт етпейді, халқы үшін, халықтың мәдени рухани дүниесін көтеру үшін қызмет етеді. А.Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алдыңғы он жылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстаған бір – қаруы ағартушылық идеясы болды. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлы бүкіл өмір жолында қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс жағдайын жақсарту, ол халықты жаппай сауаттандыру оқыту керек екенін айтып, насихаттайды. Оқу ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының да қоғамдық қызметінің арқауы, азматтық борышының негізі, идеологиялық плтформасының тіреуі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген – оның өз халқының тағдырын ойлаған қам - қарекеті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы – тәуелділік күн кешіп отырған, білім ғылымнан кенже қалаған, мал бағып, марғау жатқан отар ел болатын. Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көңілі ұйқылы», «еспесі жоқ қайығы қалтылдақ», болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Сол жұртқа «Оян қазақ!» деп, Міржақып Дулатов жар салса, «ұйықтап жатқан қазақты сары маса боп ызыңдап оятуға» Ахмет Байтұрсынұлы шықты. Демек, қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, адамзаттық мәдениетке жеткізетін, жалпақ тілмен айтқанда, ел қатарына қосатын амал - әрекеттің бастысы – «түгел қазақты» саутты етіп, көзін ашып надандықтан арылту болды. Ахңның тілімен айтқанда «Өрге басқан өзге жұртың қатарынан қалыспау үшін» оқу ағартуға құр шақырып қою, ұлттық намысына тию де енді жеткіліксіз болды. Енді оқу – ағартуды жүзеге асыратын нақты іс - әрекеттерге көшу саясаты басталды. Демек, мектеп керек болды. Сол мектепте ана тілінде оқыту үшін алдымен қазақша жазу таңбаларын, яғни алфавитін жасау қажеттігі туды. Ол таңбаларды қай жазудан алса да қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп өзіне тән ұлттық графика етіп ұсыну мақсаты тұрды. Міне, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін зерттеп, танып білуге қатысы осы тұстан басталады. Ахмет Байтұрсынұлыа еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Ол жүйенің элементтері ұлттық жазу жүйесі, ұлттық негіздегі бағдарламалар оқу әдістемелік құралдар. Ахмет Байтұрсынұлы осы жүйенің барлық элементтерінде қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.....
КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Халќымыздың ғасырлар бойы біртіндеп қорланып қалыптасқан рухани қазынасы тоталитарлық режим кезінде орасан зор күйзеліске түсіп, тоқырап қалғаны қазір екінің біріне мәлім бола бастады. Бұл жағдай өскелең жас ұрпақтың туған халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінен ажырап қалуына, мәңгүрттер қатарының көбейе түсіуне мықтап әсер етті. Жас өспірімнің ата-баба мұраларынан толық қол үзіп қалмауы – елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі критерийлері екендігі дауссыз. Осы айтылғанға орай ғалымдарымыз халқымыздың сан ғасырлық рухани мұрасын, әсіресе оның тәлім-тәрбие, ұлттық педагогика мен психологияға байланысты асыл қазыналарын, ғылыми-теориялық биіктен талдап, зерделеп көрсете білуі тиіс. Психология ғылымының тарихын зерттеуде бұрынғы Одақ көлемінде біраз іс тындырылғанын айта кеткен абзал. Мұндай ғалымдардың қатарына: А. Н. Ждан, А. А. Никольская, А. В. Петровский, А. А. Смирнов, В. М. Теплов, М. Г. Ярошевский /Ресей/ ; Г. С. Костюк, Д. Ф. Николенко, М. А. Мацейкив /Украна/; Р. Г. Натадзе, А. С. Прангишливи /Грузия/; Р. Е. Устоев /Тәжікстан/; А. Абдусаттаров, М. Вахидов /Өбекстан/; Ш. С. Агаев, А. С. байрамов, А. Т. Баќшалиев /Әзірбайжан/; М. А. Мазманян, Л. А. Саакян /Армения/; А. С. Гучас /Литва/ ; Я. М. Анспак, И. Э. Плотниек /Латвия/; К. А. Рамуль /Эстония/, т.б. еңбектерінде бұрынғы ССРО еліндегі психология ғылымдарының тарихы, оларда көтерілген іргелі де келелі теориялыќ проблемалар мен әдіснамалық арналар жайлы кесек зерттеулер жүргізіліп, диссертациялар қорғалды, ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақстан жағдайында да ұлттыќ тәлім-тәрбие саласының єр түрлі проблемалары, әсіресе қазақ психологиясының сан ғасырлық тарихы зерттеу объектілеріне айналып келеді. Тек соңғы жылдары ғана осы салада бірнеше диссертациялар қорғалып, жекелеген еңбектер жарық көрді. Бұлардың ішінде А. Ақажанованың, Н. Жєнділдиннің, К. Жөкештің, Н. Елікбаевтің, Қ. Жарықбаевтың, Т. Тәжібаевтің, В. Чистортын т.б. еңбектерін аймар едік. Сондай-ақ, қазаќ халқының психологиялық мұрасының қазіргі кезде жекелеген мєселелеріне арналған зерттеулер /Ә. Алдамұратов, С. Жақыпов, Ж. Намазбаев, К. Өмірбекова, Р. Сүлейменова, Қ. Рахымбеков, Ж. Түрікпенұлы т.б. / бар. Халқымыздық он төрт ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің тарихындағы аса көрнекті ғұлама тұлғалар көптен бері зерттеу объектісіне айнала бастады. Ғалымдарымыз Әбу Насыр әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнидің, Махм±діњгек Ќашќаридіњ, Ыбырай Алтынсаринніњ, Абай Ќ±нанбаевтыњ, Шєкєрім Ќ±дайберді±лыныњ, М±хтар Єуезовтыњ , Маѓжан Ж±мабай±лыныњ м±раларын педагогикалыќ жєне психологиялыќ т±рѓыдан талдауѓа, диссертациялар ќорѓалды. Сондай-аќ, «ќазаќ халќыныњ тєлімдік ой-пікірлер антологиясы» /Алматы. – Рауан. – 1995/, «Ќазаќ тєлім-тєрбиесі» /Алматы. – Санат. – 1995/, «Ќазаќ психологиясыныњ тарихы» Алматы. – Ќазаќстан. – 1996/ т.б. осы секілді ірг елі ењбектер жарыќ кµрді. Тоталитарлыќ режим т±сында ќуѓын-с‰ргінге ±шыраѓан халќымыздыњ аса кµрнекті ѓалымдары, ќоѓамдыќ ќайраткерлер – А. Байт±рсын±лыныњ, Х. Досм±хамед±лыныњ, М. Дулатовтыњ, Нєзипа Ќ±лжанованыњ, М±нара±стафа Шоќайдыњ тєлім-тєрбие саласындаѓы ѓылыми м±ралары зерттеле бастады.....
Сұлы дәнді дақылдардың бірінші тобына жатады. Ол бидай, арпа және қара бидай сияқты дақылдармен қатар аса маңызды болып табылады. Әлемдегі ауылшаруашылық мәдени өсімдіктердің егістік көлемінің (980 млн. га) 75% осы өсімдіктердің үлесінде. Өткен ғасырдың аяғындағы статистикалық деректерге жүгінсек, бұл дақылдар әлемде 725 млн.га , ал кеңес одағы елдерінде 138,8 млн.га жерге себілген. Сұлы, егістік көлемі жағынан, бұл өсімдіктердің ішінде төртінші орын алады. Құндылығы жағынан басқа дәнді дақылдардан бағалы. Сұлының құрамында валин, лизин және триптофан сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары көп мөлшерде болады. Бұл қасиеттері сұлыны құнды диеталық тағам ретінде пайдалануға негіз болды. Қабықсыз дәнді сұлы диеталық күлше және, өзімізге белгілі, «Геркулес» ботқасын жасауға пайдаланылады. Сұлыдан ас қазанды емдейтін кілегейлі сусын даярлайды. Мал шаруашылығында сұлының дәні өте пайдалы азық.. Сұлы дәні мал азығының құндылығының халықаралық өлшем бірлігі болып саналады. Басқа дақылдардың дәндерімен араластырылған сұлы жас төлдердің ағзасының тез және мықты болып қалыптасуына жағдай жасайды. Сұлы қосылған концентрлі азық құс шаруашылығында кеңінен қолданылады. Сұлының сабаны басқа дақылдардың сабанына қарағанда қоректік заттарға бай және малға жағымды болады. Сонымен қатар, оның ылғал сіңіргіштік қасиетіде жоғары болғандықтан ірі қара және шошқа шаруашылығында төсеніш ретінде пайдаланылады. ....