Құқық | Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы рыноктық «көрінбейтін қол»теориясының авторы А.Смиттің өзі де айтқан болатын.Ол өзінің атақты«Адамзат табиғатының табиғаты мен себептері туралы» еңбегінде келесідей жазды: «мемлекеттің мейлінше маңызды үш міндеті бар:әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету,әділ сот жүргізу және пайдалылығы үлкен,қоғам үшін едәуір болғанымен жеке тұлғаның немесе шағын топ шығындарының орынын ешқашан толтыра алмайтын,сондықтан жеке тұлғалар немесе шағын топтар үшін оларды құрап,ұстаудың пайдасы жоқ белгілі бір қоғамдық мекемелерді құрып және ұстау міндеттері».[23.14б.] Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні әкімшілік ресурстарды шамадан тыс қолдану және таңдап алынған кәсіпорындар мен рынокқа қатысушыларды қолдауда емес, жеке бастамашылық пен меншіктің барлық формаларын қорғауда болса керек. Биліктің міндеті - рынок субъектілері қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік институттардың жұмысын жолға қою болып табылады.[6.11б.] Бүгінде қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргізу қызметтері мемлекеттік, өңірлік және жергілікті биліктер арқылы жүзеге асуда. Сондықтан біртұтас экономикалық және құқықтық кеңістік қамтамасыз етілмеген жағдайда ұлттық бағдарламалар өміршеңдігінің болашағы беймәлім күйінде қала береді.[1.3....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Халықаралық қатынастар | Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері және қауіпсіздігі

Жұмыстың өзектілігі. Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибедегі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә.
Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет [1].
ХХ ғасырдың соңы әлемдік саяси жүйеде ғаламдық өзгерістерге толы мезгіл болды. КСРО мемлекеті ыдырап, оның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Социализм мен капитализм жүйелерінің текетіресі аяқталып, ол тарих еншісінде қалды. Әлемдік саяси жүйенің осылайша өзгеруі дүние жүзінің геосаяси құрылымын айтарлықтай шиеленістіріп жіберді. Биполярлы әлем көп полюстіге айналып кетті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | ХХ ғасыр басындағы ұлттық әйелдер баспасөзінің тарихы

Тақырыптың өзектілігі. Замана доңғалағы зыр айналып келеді. Уақыт талабы, заман сұранысы деп адамдар қолдан жасап алған өзіндік ережелер мен біржақты ұстанымдар қоғамда оңды-терісті өзгерістер орнатуда. Қалай десек те қоғам даму үстінде.
Қазақстанға Тәуелсіздік сыйлаған өткен ғасыр соңы мен еліміздің кемел келешегінен үміт күттіретін үстіміздегі ғасыр әлділердің құралына айналып отырған жаһандану, ғаламдасу сынды үрдіспен ерекшеленіп отыр. Жер шарын мекендейтін адамзат ұрпағына ортақ құндылықтар мен ортақ қызығушылықтарды меңзейтін үрдіс өзіндік оң және теріс жақтарын көрсетіп бағуда. Осы орайда ел ағаларының «Жаһандану – бірлесіп өмір сүру, қиындықтарды әлем адамдарымен бірлесе отырып жеңу» деп оның ұтымды тұстарын сөз етсе, екінші бір ағалардың «Ғаламдасу – сан ғасырғы құндылықтар мен мұралардан бас тарту, өзге, яғни бізге мүлде жат мұраларды мойындау, соған сену» деп дабыл қағып отырғаны белгілі. Әзірге, бір пікірдің толықтай мақұлданып немесе толығымен жоққа шығарылғаны жоқ. Ақиқаттың сайыс барысында пайда болатынын ескеріп, біз де ештемені кесіп айта алмаймыз. Дегенмен, тарих беттері ғаламдық үрдістің ұлттар үшін қауіпті екенін көрсетеді ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Қазақстан ұлттық телеарнасындағы ойын сауық бағдарламалары

Қазір ақпарат заманы. Ақпараттар тасқыны кәдімгі Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызуға» мүмкіндік тудырып отыр. Батыс пен Шығыстың мүдделері тоғысқан, Америка бүкіл әлемнің қожасы болуға талпынған, Ресей ТМД елдеріндегі ықпалын жоғалтпауға күшін салған, Қытай аждаһадай аранын ашқан бүгінгідей заманда қазақ ақпаратының бәсекелестікке төтеп берерліктей мүмкіндігі болуы керек.
ХХІ ғасыр ақпарат билік құратын ғасыр болуы керек. Бұрын билік идеологияның, қарудың қолында болды. Енді ақпараттың қолына көшетін кез жетті. Ал, ақпарат ғасырында ақпараттың экспансияның астына көміліп қалмау біз үшін басты мақсат. «Қазақстан ұлттық телеарнасында» соңғы жылдары жасалып жатқан оң қадамдар, жаңа ізденістер осындай мақсаттың үдесінен туған секілді. Қазақ баспасөзінің жаңа белесі туралы профессор Намазалы Омашев былай дейді: «Қазақ баспасөзі жаңа үрдіске иек артып келеді. Бұқаралық ақпараттың көз-жанарын байлап, екі өкпесін қысқан тас қамалдың есігі ашылып, ішіне саңылау түскендей газет, журналдардың тілі стилі бұрынғы қалпын жойып жаңа леппен, жаңалықпен көрініс табуда. Ақпарат ағынында бәсекелестік пайда болды. Ал, бәсеке дегеніміз ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Бурабай ұлттық табиғат паркінің ландшафттық ерекшеліктері

Тақырыптың өзектілігі: Бұл бітіру жұмысымның тақырыбын осылай алу себебім: жеріміздің әсем де, сұлу табиғатын, оның табиғат қорларын, ондағы казіргі өзекті экологиялық жай күйін жазғым кеді.
Орманды рекреациялық мақсатта қолдану орман биогеоценоздарының бұзылуына, әсіресе бұл демалушылардың көптеп жиналған аймағында (жағажай маңы, сауықтыру орталықтары, балалар лагері) анық байқалады. Орман экожүйесіне рекреацияның кері әсері көбнесе оның түріне байланысты.
И.Л.Трапидо рекреацияның орман биогеоценоздарына әсерінің түрлерін көрсеткен/1/:
- механикалық әсер:
а) таптау
б) зақымдау (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, алау жағу арқылы топырақты күйдіружануарларды үркіту, ағаштарды зақымдау)
- Келушілер әсері:
а) органикалық және органикалық емес заттармен (азық-түлік, қағаз, металл)
б) жаңа биологиялық түрлер тарату (әр түрлі өсімдіктер тұқымдары арқылы) ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биотехнология | Биоқоспа қосылған ұлттық сусын дайындау биотехнологиясы

Aдaмдap өз өміpінде сүт өнімдеpінің aлуaн түpлеpін пaйдaлaнуды әдетке aйнaлдыpғaн. Сүттің aшытылғaн түpлеpі: aйpaн, қaтық, қымыз, құpт қaзaқ хaлқының ұлттық тaғaмдapы іспетті. Бұлapды бұл күндеpі әлемнің бaсқa хaлықтapы дa пaйдaлaнудa. Ғылым мен техникa жaңaлықтapы сүтті бaсқa дa тaғaмдap жaсaудa пaйдaлaнуғa бoлaтынын уaқыт oзғaн сaйын дәлелдей түсуде. Мәселен, түpлі тәтті тaғaмдapдa сүттің пaйдaлaнылуы сoңғы кезде кең өpіс aлып oтыp. Сүт – жaңa туғaн төлдеpді қopектендіpуге apнaлғaн сиыpдың сүт безінің өнімі. Oның түсі aқ немесе aздaп сapзылт, дәмі – тәтті, құpaмындa су, мaй, белoк, сүт қaнтты, минеpaлды зaттap, витaминдеp, феpменттеp, гopмoндap бap сүт күpделі биoлoгиялық сұйық деп aтaлaды, себебі құpaмындa белсенді зaттap кіpеді.
Қaзіpгі кезде Pеспубликaмыздa сүт өндіpумен әpтүpлі шapуaшылықтap aйнaлысaды. Aл сүт тaғaмдapын өндіpумен шaғын, үлкен өңдеу зaуыттapы жұмыс жaсaйды. Сүт өміpге жaңa келген нәpесте үшін тaптыpмaйтын тaмaқ бoлсa, сoнымен қaтap еpесек aдaмдap үшін де oның мaңызы өте зop, әсіpесе сүт тaғaмдapы жaсы ұлғaйғaн, aуpудaн әлсіpеген aдaмдap үшін өте қaжетті тaғaм.
Сүт- тaбиғaттың ең құнды өнімі. Aдaм opгaнизмі oның құpaмындaғы қopектік зaттapдың 98-99% -ін пaйдaлaнaды. Сүттің жoғapғы қopектік қaсиеттеpін келесі деpектеpге қapaп білуге бoлaды: біp литp сүт құpaмындaғы белoк мөлшеpі 150г сиыp еті немесе тaуықтың 5 жұмыpтқaсы немесе 1кг- нaн құpaмындaғы белoкқa тең.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ жұлдыздары қалай өзгерді?

"Фотоға әдемі түсудің ережесі жоқ, тек әдемі естелікті түсіру керек" деген түсінік бар. Ыстық сәттерді көңілде және фотода ғана сақтай аламыз. Әрине, фотода сақталған көріністерді кейін өзіміз де, өзгелерде көре алады емес пе? ERNUR.KZ жұлдыздардың қазіргі және бұрынғы кезеңдегі суреттерінен фото-реп ұсынады.
Жаңалықтар
Толық

Елбасы жомарт

- Елбасы жомарт

Бар халықты басқарған.

- Не жомарт?

- Ай мен жұлдыз жомарт

Қараңғыдан сақтаған.

- Кім жомарт?

- Ата-ана жомарт

Бар баласын асыраған.

- Не жомарт?

- Көктем жомарт

Табиғатты оятқан.

- Кім жомарт?

- Ұстаз жомарт

Бар шәкірке мейірім төккен.

Тақпақтар
Толық

15 Қараша -Ұлттық валюта күні (Теңге – мемлекет келбеті)

Тақырыбы: Теңге – мемлекет келбеті

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменнен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне , отанына сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың көрекілігі: Алғашқы теңгелердің үлгілері, «Теңге – мемлекет келбеті», жаңа сөздер.
Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту.
Тәрбие сағаттар
Толық