Ұстаздар (мұғалімдер) күні

Жаңа оқу жылы мұғалім қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі болып табылады. Мереке қарсаңында еліміздегі әрбір мектептер мен оқу орындарында іс - шаралар өтіп, шәкірттері ардақты ұстаздарын құттықтап жатады. Біздің сайт ұжымы сіздерге Мұғалімдер күніне арналған мерекелік кеш сценарийін ұсынады.
Фанфар ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)
М — мейірімді
Ұ — ұлағатты
Ғ — ғазиз
А — ақылшы
Л — лайықты
І — іскер
М — маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)
1 — оқушы:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Ғибратты әңгіме: Ұстаздың ұлағаты

Таң шапағын шаша бастаған кез. Медресе іші. Күнделікті дәрістеріне кіріп, шәкірттер ұстазын күтіп отырған еді. Бір кезде ұстаздары:
- Ассалаумағалейкум, шәкірттерім менің! – деп, аз ғана шаршаңқы, бірақ жылы жүзбен кіріп келді.
- Уағалейкум салам, ұстаз!
- Амансыңдар ма, балалар, денсаулықтарың қалай?
- Әлхамдулилла, ұстаз! Бізде бәрі жақсы, – деп, шәкірттер жамыраса жауап берді.
Ұстаз бір сәт отырып, тыныққандай болып, шәкірттеріне қарап...
Әңгімелер
Толық

8-сабақ Тұңғыш ұстаз (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 8-сабақ Тұңғыш ұстаз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту.
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру.
4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу.
Сабақ мақсаттары:
1.Тыңдаған ақпараттың дұрыс/бұрыстығын ажырата білу, сөздерді, сөйлемдерді дұрыс айту.
2. Оқыған мәтінге атау беру, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қою.
3. Жазбаша сөйлемдер құру.
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, сөздерді дұрыс қайталайды, мұғалімнің көмегімен жазбаша мазмұндайды.
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады, мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен жазбаша мазмұндайды.
Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтінге қатысты өз пікірін айтады, өз бетінше жауапқа сәйкес сұрақтар құрастырады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Көрнекті ұстаз № 3 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Көрнекті ұстаз № 3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Оқыған мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен постер құрастырады, сөздерді дұрыс байланыстырып жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтіннің жанрын ажыратады, тірек сөздер бойынша постер құрастырады, өз бетінше жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, тақырып бойынша өз ойын білдіреді, постерді қорғайды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кітапхана сабақ жоспары: Кітап – ең сабырлы ұстаз

Сабақтың тақырыбы: Reading for Pleasure/ Чтение для удовольствия/ Кітап – ең сабырлы ұстаз

Мақсаты: Ағылшын тіліндегі кітаптардың мәтінін оқу мен саралау (анализ) арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Әр топқа әр түрлі мәтін беру. Оқу және тыңдау қабілеттерін дамыту мақсатында «Penguin», баспасының кітаптар жинағынан мәтіндерін оқып, аудио жазбасын....
Сабақ жоспары
Толық

Алғыс айту күні (мұғалімге, ұстазға)

Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма,
Гүлің болып төгілдің асқарыма.
Біз дегенде ұмытып бала қамын,
Қас қағымға қасыңнан.....

Тақпақтар
Толық

1 Наурыз - Алғыс айту күні

Құрметті оқырмандар! 1 наурызда болатын Алғыс айту күні құтты болсын! Соған орай алғыс айту, рахмет айту, 1 наурыз туралы шығармалар мен эсселерді жарияладық. Сіздерге ұнайды деп ойлаймыз....

Шығармалар
Толық

Фариза Оңғарсынова (Ұстаз)

Заводта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің –
сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзін арнап....
Өлеңдер
Толық

Туған күн (Мұғалім, Ұстаз - 63 жас)

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте....
Құттықтау, тілектер
Толық

Мұғалімдер күні бүгін

Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,
Шәкіртіне дем бергізген, жеткізеді деп баққа арман.
Ұстаздардың күні бүгін, бар тілегі өмірде
Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.

Мұғалімдер күні бүгін, шаттық күйге кенелген,
Ұстаз жүрек сырлас әр кез білім атты өнермен.
Олар шәкірт кеуделерге....
Өлеңдер
Толық