Ұмытылмас Ұлы Жеңіс

1945 жылы 8 мамырда Германия өзінің жеңілгенін мойындады, Ұлы Отан соғысы осылайша Кеңестер Одағының жеңісімен аяқталды. Бұл жеңіс КСРО құрамындағы барлық елдер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін Ұлы Жеңіс еді. Бүгінде біз осы Ұлы Жеңістің 71 жылдығын атап өтудеміз. Соғысытың тарихына тоқталатын болсақ: Германия байлығы мол, жері кең, ең керекті әрі пайдалы кен байлықтардың бәрін қойнауында сақтаған, алып держава Кеңестер Одағының жеріне көз тікті. Герман әскерлері КСРО аумағына басып кіргеннен-ақ, жерін қорғау үшін кеңес адамдары өз еріктерімен соғысқа аттанып жатты.
Олардың арасында қазақстандықтардың үлесі де аз емес еді. Майданға Қызыл Армия қатарына бір миллион екі жүз мың жерлестеріміз қабылданды. Бұл сұрапыл соғыс әсер етпеген бірде-бір шаңырақ болмады. Әр үйден кем дегенде екі адам әскер қатарына алынды. Ұлдарының, әкелерінің, аға-бауырларының не өлі, не тірі оралатынын білмей үйлерінде қалған әйелдер мен аналардың әр күні қорқынышпен өтті. Ал, отбасында соғысқа баратын ерлері жоқ нәзік жандылар да Отанын қоғауға аттанды. Олар қолдарына қару алып, тіпті танк, ұшақ сияқты ауыр техникаларды да басқарған. Осындай ержүрек нәзік жанды Қаһарман атағына ие болған апамыз Хиуаз Доспанова. Тұңғыш ұшқыш әйел, қазақ қызының әуеде ұшақты басқарып жүріп жасаған ерліктері соғыс жылдары барлық КСРО-ға белгілі еді. Әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанған Хиуаз Доспанова ол кезде 20 жаста еді. Осындай жасында әуе техникасын жетік меңгерген ол, түнгі мезгілде жау шептеріне әуеден шабуыл жасаған. Ол штурман еді. Авиацияда штурманның атқаратын жұмысы өте маңызды. Кез-келген оқыс жағдайға дайын болып, әуедегі шайқастан ұшақты ішіндегі жауынгерлерімен қоса аман алып шығу керек болды. Осы міндетті абыроймен атқарған батыр апамыз көптеген жоғары марапаттарға ие болған. Еліне деген сүйіспеншілігі, бойындағы намыс пен күш-жігерінің арқасында «Гвардиялық» деген атақ алды. Соңынан «Тамань», «Қызыл Ту», «Суворов» ордендерінің иегері атанды. Әуедегі ерліктің тамаша үлгісін көрсеткен қазақтың ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова «Халық Қаһарманы» деген атақтың иесі. ......
Шығармалар
Толық