Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас

Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті. Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім....

Эсселер
Толық

Жұмағали Саин (Ұмытпаймын)

Сенің ғана бесігіңде
Бірінші рет шыққан үнім,
Сенен туған адал қанды
Ақ ниетті менмін ұлың.
Әлі аузымда кепкен жоқ
Емген сүтім, жаным ана.
Сен қамқорым дүниедегі,
Сен тірегім жалғыз ғана.
Күлімдеген күміс күнде
Октябрьден алған сырды.
Ақын - дағы жібектейін
Сонда ағытқан сұлу жырды.......
Өлеңдер
Толық

Ұмытпа мені

Бұл парақ жолдарын алғашқы махаббатым туралы жазамын. Мен өмирде алғаш сүйіп,алғашқы махаббатымды кездестірдім. Ол сондай көңілді,ақылды,қызғаншақ,сүйкимді ,мейірбан жан. Оны алғаш рет мектепте кездестірдім. Оқушымыз ол 9 оқып жатқан,ал мен ерке 8 сыныпта оқитынмын. Өмірде махаббатсыз өмір сүру мүмкін емес-ау. Махаббат бірде қуаныш,бірде қайғы. Ол маған алғаш рет телефон соққаны,алғаш рет онымен сөйлескенім,маған сөз айтқаны бәрі бәрі әлі күнге дейін есімде. Ол қандай болмасын мен оны ұнаттым, шын сүйдім. Мен оны мектепте көргенде менен бетер бақытты жан жоқ секілді көрінетін.
Сөйтіп ол 9 бітіріп қалаға оқуға кетті. Ал мен 8 бітірдім. Осы уақыт аралығында ол айтатын жаным 3 жылдан сон уйленейік деп. Несін жасырайын ол маған оқуынан кейін маған мектепке келіп тұратын байланыс үзілмеді. Сағынышымыз ұлғая түсті. Арамызда келіспеушіліктер болып тұрды, түбі татуласатынбыз. Күндер өте ол да өзгере түсті. Мен естіген жаңалықтар менің шын сүйген махаббатым туралы болатын. Шын ба ,өтірік па мен оны сондада сүйдім.

Сүюден жалықпадым. Ол менің жүрегімді жаулағанда ,жаралағанда жан еді. Көзімді ашсам да жұмсам да түс көрсемде ,терең ойға кетсем де , сол бір сүйген жаным,алғашқы махаббатым. А----— көз алдыма елестейді де тұрады. Ол маған айтатын СҮЙЕМІН сен үшін бәрін де істеймін,түбі бірге боламыз деп. Сүйдік,сағындық,кездестік асыға. Кешкі уақыттар,кездескен жерлер,жүрген ұзын жолдар ұмытылмас. Сағынған күндер,күндер көруге асықтырған......
Махаббат хикаялары
Толық

Жүрек шіркін ешқашанда ұмытпас екен

Мен студент кезімде 1 курсты бітіріп,жазғы демалыста "Gaminator" деген игравой залға күзет болып жұмысқа тұрдым. 2-3 ай өте мен сол жерде кассир-оператор болып iстейтін Зарина есімді қызбен дос болып сөйлесіп жүрдім. Не керек уақыт өте сол кызға деген сезімім өзгере бастады,арине бұл ғашықтық сезім еді. Уақыт өте жүрек сезімі күшейе бастады. Күндіз-түні есімнен кетпей,үйге келсем,жұмысқа барғым келіп,бір сменге сол қызбен түссем екен деп,сол қызды көруге асығар едім. Сезімімді біраз уақытқа дейін білдіре алмай жүрдім. Зарина есімді қыз ұнататынымды сезген болар,менімен сөйлескісі келмей. Жанындағы бірге істейтін қыздар мен жайлы айтса (не нравится он мне,если тебе нравится сама встречайся) деп менін алдымда қатты дауыспен айтар еді. Не керек арадан 1 ай өткеннен соң,жұмыста свет өшіп қалды. Жұмысты жауып,есікті құлыптап қойдық,қасымыздағы бірге істейтін қыздар-балдар бізді оңаша тастап кетті. Сол күні 11 қараша еді.

Сол қыздың ернінен сүйген күн еді ))) Сол күннен бастап біз кездесе бастадық. Уақыт өте бір-бірімізді қатты сүйіп,бізден бақытты бұл дүниеде жан болмады... Сол сезімнен басымыз айналып 2 жыл уақыттың қалай өткенінде байқамай қалыппыз. Қанша ұрысып,екінші маған звандама мен сені жек көремін деп жүріп,екеуіміз шаңырақ көтеріп үйленіп кеттік... Әрине бұл махаббаттың құдіреті ғой. Тойдан кейін екеуіміз қайта Алматыға кеттік. Сол жерде бірге тұрдық. Келіншегімнің,арине сүйіктімнің аяғы ауыр еді яғни екі қабат еді. Ойбооой неткен шіркін,бала кезімнен жинаған бәкіл нервімді ішті. Менде жаспын ондайды бұрын соңды көрмеген,не керек шыдадым. Ұрысып қалсақ үйіне кетіп қала беретін. Уақыт өте 2012 жылы 9_шы наурызда сағат 16:24 мин.өткенде келіншегім дүниеге ұл алып келді. Сол күні өмірдің қаншалықты керемет екенін түсіндім. Әке болғаныма сенбей,қуаныштан шек жоқ еді......
Махаббат хикаялары
Толық

Ұмытпа (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ойда жоқта қалқам-ау сен кездестің де
Жүректі салдың әуреге
Сені сүйп қалғанымба біле алмадым
Шомылдым шуақ сәулеге

Қайырмасы:
Аққудай аялап өтер едім
Жаныңа салмай қаяу мұң
Басқа бір жанның сен бағы екенсің
Амалым барма аяулым....
Өлеңдер
Толық

Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!

Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге төрт жылдай теңселген дүниенің қайғы қасіреті, ащы азабы, тәтті арманы, ой-қиялы сыйып жатыр.
Жеңіс! Кімде болса жеңіс туған сәтті өз өмірінің ең бақытты күніне санайды. Жеңіс! Сенің жолыңда қаншама қанды лайсаң қалды, сенің жолыңда қаншама қаһармандар қалды. Сол обаларда отыздап, қырықтап жауынгерлер жатыр. Сол обаларда жанып тұрған жұлдыздар - ер ұлдар мен қыздардың жүрек қандары емес пе!? Сол обалар етегінде оттай жанып тұрған гүлдер мәңгі өшпес ел махаббатының белгісі емес пе?
Майдан кешкен окопта сан түнеген,
Батыр туған бабалар салтыменен.
Қаруластар ел үшін ұрандаған,
Намыс болып шайқаста алаулаған
От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн... Оның әр минуты, әр сағаты қауіп-қатерге толы болғанын сол жылдары қолына қару алып,Отан қорғауға аттанған майдангер ағаларымыз бен апаларымыз жақсы біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Жұдырықтай жұмылып, анталаған жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Асқан ерлік көрсетіп, Жеңіс күнін жақындатқандардың ішінде қазақстандықтар да көп еді. Олардың арасында соғыс техникалары мен құралдарын ұршықша үйіріп, жете меңгерген жандар да көптеп шықты. Оған ұшқыш, танкист, артиллерист, барлаушы, байланысшы, партизан, мерген сияқты сан түрлі мамандықтарды игеріп, жаудың бетін қайтарған ер-азаматтардың ерлігі куә бола алады. ......
Шығармалар
Толық

Отты жылдарды ұмытпайық

Дүниені дүр сілкінтіп, бейбіт жатқан дархан даланы от шарпытқан, ана мен баланы зар жылатып, өксігімен ел тұншықтырған, арлан азаматтарды туған ел топырағынан айырып, бөгде елде жер құштырған Ұлы Отан соғысының залалы әлі де жадымыздан өшкен емес. Бірімізге әке болатын, енді бірімізге ата болатын абзал аталар әлі күнге отты жылдарды күңірене еске алады, түсінде көріп жанталасады. Бірі майданда болып, қыршыннан қиылып жатқан бауырлардың қан жоса болғанын, бомбаның жарылысына тап болып күлінің көкке ұшқанын көріп көз жасын бұлайды. Енді біреулері бұғанағы қатпаған бала бола тұра аналар мен қарттар қатарында тылда еңбек етіп, бауырлар мен ел ағаларының аман- есен оралуына тілектес болды. Әлбетте, қазіргі жас ұрпақ бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі тәуелсіз бақытты заман бірден орнай салмағанын біріміз біліп, біріміз білмей жатамыз. Отты жылдардың естеліктерінен сыр шерткен ата-әжелеріміз бен ата-аналарымыздың әңгімесі, болмаса қан майданда хатталып жазылған көне сары қағаздар мен кітаптар ғана бәз біреулерге ой салып, санасын қозғайды. Бұған құлақ асып, қайсар батырлардың жолын жалғауға уәде ететіндер, өздерінің ел қорғаны бола алатынына кәміл сенетін құрдастар мен замандастар қаншалықты көп екен деп ойланамын. Менің анамның айтуы бойынша, оның нағашы атасы үш ағайынды болған. Олардың ең кішісі 17 жасар бозбала еді. Осы бір үйден кеткен үш азаматтың бірі де қан майданнан оралмады. Бір атаның ұрпағы түгелімен соғыстың құрбанына айналады. Ал өз жұрағаты бойынша, анамның әкесінің әкесі үш ағайындының бірі болып, соғысқа аттанады, бейтаныс елді мекеннен мәңгілік орын табады. Өзге аталар да хабар-ошарсыз кетіп, оралмайды. Елде еңіреп қалған анамның әкесінің анасы сол уақыттағы ашаршылық пен дерттің салдарынан көз жұмады. Бұл бір ғана менің атаәжелерімнің басында болған қасіреттің бөлігі десек, тұтас қазақ елінің қайғысының қаншалықты қалың болғанын елестетудің өзі өте ауыр емес пе? .....
Шығармалар
Толық

Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Несіпбек Айтұлы «Ерлерді ел ұмытпас» (3 сынып, III тоқсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Несіпбек Айтұлы «Ерлерді ел ұмытпас»
Оқу мақсаттары: 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын айта алады, мұғалімнен көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады;
Көптеген оқушылар: көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды, шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды табады;
Кейбір оқушылар: шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын өздігіген анықтайды, әдеби көркемдегіш құралдарды анықтайды.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ә әрпі бойынша ат қою)

ӘБИБА - араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік.

ӘДЕМІ – қазақтың сөзі көркем, әсем.

ӘДИБА - араб тілінен алынған адиб — ғалым, әдебиетші.

ӘДИЛА - араб тілінен алынған әдил-ғадія - әділдік, шыншылдық, турашыл.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Е әрпі бойынша ат қою)

ЕРЗАДА – қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зада - бала, перзент; батыр. Қыз бала ер, батыл болсын деп қойылған есім.

ЕРЗИБА – қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зибо - сұлу, көркем, әдемі.

ЕРКЕ - айтқанын істететін шолжың, еркін.

ЕРКЕЖАН - ерке боп өссін деп қойылған есім. Түрі - Жанерке.
Есімдер мағынасы
Толық