Ұмытар ма мені елім

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың кеңес халқының жеңісімен аяқталғанына биыл 71 жыл толмақ. Тарихқа көз жүгіртсек, бұл соғыс жер бетіндегі болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс. Екінші дүниежүзілік соғыс КСРО-ның тарихында бұл соғыс «Ұлы Отан соғыс» деген атқа ие болды. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірді. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Қазақстанда құрылған әскери құрамалардың алғашқылардың бірі болып 312-ші атқыштар дивизиясы, солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі шайқаста жеңіп шығып, неміс-фашист басқыншыларын талқандап, қалаларды азат еткені үшін 28 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары – Мәлік Ғабдуллин, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебеков, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаhарманы Бауыржан Момышұлы бар. Б.Момышұлы – әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі таланты соғыста полк, дивизияны басқарған жылдары кеңінен ашылды. Оның қаламынан «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Қанмен жазылған кітап», «Генерал Панфилов», «Соғыс психологиясы» атты туындылары дүниеге келді......
Шығармалар
Толық