М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай балаларының бейнесі

Мақсаты: М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай Құнанбаевтың балаларының бейнесін ашу.

Міндеті:

  1. Абайдың балалары жайында мәлімет жинастыру.
  2. Абайдың балаларының берілген 5 талап бойынша: 1) сезімі; 2)портреті; 3)іс-әрекеті; 4)сөйлеген сөзі; 5)мінез-құлқы бейнесін құру.
  3. Абай мен балаларының арасындағы қарым-қатынасты Құнанбай мен Абай арасындағы қарым-қатынаспен салыстыру. 
  4. Абайдың әкелігіне баға беру.

Болжам: Қазақтың ұлы, дана ақыны Абай Құнанбаев өз артынан білімді, тәрбиелі, еліне пайда тигізетін ұрпақ қалдыра білді.

kz
Толық

10 - тамыз Абай күні!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10-тамыз Абай күні деп белгіленді.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:....
Жаңалықтар
Толық

Мысал ертегі: Қозы мен құлын

Қозы мен құлын жарысатын болып келісіпті. Жарысатын жері ұзақ жер екен, даяшылар оларды бір төбенің басынан тосып алатын болыпты.
Жарыс басталып, а дегенде құлын озып кетеді. Біраз жер жүгірген құлын артына қараса, қозы көрінбей қалған. Сонымен, ол өз-өзіне марсиып, «Маған қозы өлсе де жете алмайды, босқа жүгіргенше дем алайын, қозы осы араға келгеннен кейін жүгірсем де, бәрібір озбаймын ба», – деп қозының келуін тосып жатады....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Әуезханның қырық ұлы

Баяғыда Әуезхан деген хан болыпты. Ханның қырық баласы бар екен. «Осы балаларыма бір жерден қалың берсем екен»,—деп
ойлайды екен.

Бірнеше жылдар өткеннен кейін хан бір байдың қырық қызы бар деп естиді. Соған қалыңмалына сөйлесіп, құда түсіп келуге жаушы жіберіпті. Жаушы барып: «Бізді хан жіберді. Балаларына қызын берсін деп,—соған келдік»,—дейді. Бай айтты:

—Қыздарыма қалыңмал алмаймын, менің үйімнен өздерінің үйіне шейін тұп-тура жол болсын, жолдың екі жағына бау-ағаш, түбінен су шығып, бұлбұлдар сайрап тұрсын,—депті. Осы айтқандарымды «бір жылдың беделінде бітіресің»,—депті.

Бұл сөзін жаушылар ханға айтып келіпті. Хан мақұл деп, қырық баласын шақырып алып, ең кенжесін алып қалып, отыз тоғыз баласын бірнеше нөкерімен әлгі жұмысты бітіріп келуге жіберіпті. Балалары бірнеше ай жүріп, бітіре алмай келеді. Онан кейін үйде қалған кенже баласы:

—Әке, мені жібер, мен бітіріп келейін!—дейді.....
Ертегілер
Толық

Ұлы Дала елі (Дүниетану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: "Болашаққасаяхат»
Сабақ тақырыбы: Ұлы Дала елі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.5.1 Конститутцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытындылар жасау;
4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі жеке тұлғаның демократиялық құқықтары мен бостандықтарының, міндеттерінің мысалдарын келтіру;
4.3.5.1 зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
-Ұлттық бренд ұғымымен танысады;
- Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасайды;......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық