Ұлы Отан Соғысының батыры Мәлік Ғабдуллин

Ұлы Отан Соғысы ... Кімге де болса қиыншылық көрсеткен сұрапыл жылдар. Ел басына күн туғанда, етегімен су кешкен есіл ерлерде шек жоқ. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады. Бауыржан Момышұлы, Нұркен Әбдіров, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова т.б қазақ батырлары өлшеусіз үлес қосты. Осындай ерлік көрсеткен ұлы тұлғаның бірі- Мәлік Ғабдуллин. Ол 1915 жылы 15 қарашада Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келген. 14 жасынан бастап атақты Сәбит Мұқановтың тәрбиесін алады. Қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ҒА-ның академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1941-1945 жылдары Кеңес әскерінің генерал Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан Соғысына қатысты. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. 1941 жылы ел басына күн туып Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады. Соғыс кезінде қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға қамқоршы аға болады....
Шығармалар
Толық